02.05.2024, 16:07 17931

Қазақстандық оқушылар Балқан түбегіндегі ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді

Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола бар
Болгарияның Варна қаласында математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) аяқталды. Оған 22 елден 130-дан астам оқушы қатысты. Білім додасында біздің оқушыларымыз жалпы командалық үшінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола бар.

Жан Даутов - Қостанай қаласындағы "Білім-инновация" мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

Әмірлан Аманжолов - Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы;

Мирон Юркевич - Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;

Марғұлан Шарел - Тараз қаласындағы "Білім-инновация" мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

Тимур Мұрат - Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы;

Әмір Сахипов - Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы.

Жетекшілері - PhD докторы, профессор, KBTU-нің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры Асылбек Исахов және математикадан республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Қанат Сатылханов.

Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысуы - биылғы жылдың 11-24 шілде аралығында Ұлыбританияда өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау болып табылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны