Бәйтерек" ҰБХ" АҚ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау үшін 300 млрд теңге сомасына жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске қосады, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметінен.
Холдинг агроөнеркәсіптік кешенді белсенді қолдайды және осы саланы қаржыландыру көлемін тұрақты негізде ұлғайтатын болады. Мемлекет басшысының экономикалық өсу қарқынын 6%-ға дейін ұлғайту және ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2024 жылы АӨК субъектілері үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыруға 140 млрд теңге бөлінген. Алайда, бұл сома фермерлердің айналым қаражаттарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болды. Осыған байланысты біз нарықтық қарыз қаражатын қосымша тарту туралы шешім қабылдадық", - деп атап өтті "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.