02.05.2024, 11:14 64371

Антикор Г. Сатыбалдыға қатысты істі сотқа жіберді

Антикор Г. Сатыбалдыға қатысты істі сотқа жіберді
Сурет: polisia.kz
Антикор Г. Сатыбалдыға қатысты істі сотқа жіберді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.

Агенттік Г. Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соққан өзінше билік ету күдігі бойынша тергеуді аяқтады.

Қазіргі уақытта процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды аяқтады.

Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен Г. Сатыбалдыға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны