30.04.2024, 18:01 81841

Атырау облысында компанияға үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін миллиард теңгеден астам айыппұл салынды

Атырау облысында компанияға үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін миллиард теңгеден астам айыппұл салынды
Атырау облысында компанияға үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін миллиард теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС қызметіне тергеу жүргізді. Нәтижесінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу арқылы сұйытылған мұнай газы нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдаланудан тұратын бәсекелестікті қорғау туралы Заңнаманы бұзу анықталды.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 2024 жылғы 5 наурыздағы шешімімен Серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. 955 млн теңгеден астам көлемде монополиялық табыс тәркіленді және 162 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының апелляциялық сатысы Серіктестіктің шағымын қабылдамай, бірінші сатыдағы шешімді растады.

Сот шешімі заңды күшіне енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны