Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
19 шілде 2018
  • 02
  • :
  • 29
17:00

Қазақстанда дәстүрлі және қазіргі заманғы құндылықтарды зерттеу орталықтары құрылады16.04.2018
Қоғам  14:16
Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасыныӊ Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеӊесініӊ ХХІ кеӊейтілген отырысы өтті.

Кеӊес жұмысына Үкімет мүшелері, ҚР Парламентініӊ депутаттары, еліміздіӊ жастар ұйымдарыныӊ көшбасшылары мен жастар саясаты саласындағы сарапшылар қатысты.

Күн тәртібінде "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында қазіргі қазақстандық жастардыӊ құндылық мақсаттары мен жастар арасындағы мәдени-бос уақыт қызметтерін тиімді ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Отырыста Елбасы Н.?.Назарбаевтыӊ "Жас Отан" жастар қанатыныӊ IV cъезіне жолдаған құттықтау сөзінде жастарды жан-жақты дамуға - спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерін үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттіӊ бай мұрасын танып-білуге, еӊ бастысы, әлемдік деӊгейдегі кәсіби маман болуға шақырғандығы атап өтілді.

Қазір елімізде Үшінші жаӊғыру, "Президенттіӊ әлеуметтік бес бастамасы" жүзеге асырылып, Индустрия 4.0 элементтері енгізіліп жатыр.

Біз үшін бастысы жастардыӊ тарихқа, ұлттық мәдениетке, дәстүрге қызығушылығын ояту. Ол үшін үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, жастарға арналған жобалар әзірлеп, дәстүрлі құндылықтарды қолдау мен зерттеу орталықтарын ашу қажет.

Кеӊес отырысы барысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев баяндама жасап, ел жастары прогрессивті реформалар мен жаӊашылдықтардыӊ негізгі қозғаушы күші болу қажеттігін жеткізді.

"Рухани жаӊғыруды табысты жүзеге асыру үшін жастароныӊ құндылықтарын толығымен бойларына сіӊіріп, күнделікті өмірде оған арқа сүйеулері тиіс. Біздіӊ міндетіміз оларды барынша түсіндіруге көмектесу, рухани жаӊғырудыӊ мән-мағынасынқарапайым және қол жетімді түрде жеткізу, оларды өздеріне бейімдеу үшін қолдау көрсету болып табылады. Жастар ортасында "рухани жаӊғыру" құндылықтарын тарату және оныӊ мағынасын жеткізудіӊ орталығыбілім беру мекемелері мен бұқаралық ақпарат құралдары болуы тиіс", - деді министр.

Дархан Кәлетаевтыӊ айтуынша, "Рухани жаӊғыру" контекстінде дәстүрлі және заманауи құндылықтарды зерттеу және насихаттау орталықтары жастармен қарым-қатынас жасаудыӊ тиімді арнасы болады.

Жастардыӊ мәдени және спорттық нысандарға қолжетімділігін шешу үшін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі өткен жылы барлық облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында 2017-2020 жылдарға арналған жастардыӊ бос уақытын өткізу туралы жоспарларын бірлесіп қабылдауға бастама көтерді. Өткен жылы осы жоспарларға сәйкес 379 жаӊа көп функционалды нысандар және 7 сауықтыру орталықтары пайдалануға берілді. Соныӊ ішінде Оӊтүстік Қазақстан облысында жаӊадан құрылған нысандардыӊ саны 178 бірлікке жетті.

Кеӊестіӊ күн тәртібі аясында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев, "Қазақстан-2050" Жалпыұлттық қозғалысы Кеӊесініӊ төрағасы Мұхтар Манкеев, журналист-публицист Қанат ?уесбай, кәсіпкер Жанболат Маратов, "Нұр Отан" партиясыныӊ "Жас Отан" жастар қанатыныӊ төрағасы Данияр Сүндетбаев баяндама жасады.

Кездесу соӊында Мемлекеттік хатшы мемлекеттік органдардыӊ басшыларына "Рухани жаӊғыру" контекстінде дәстүрлі және қазіргі заманғы құндылықтарды зерделеу және дамыту орталықтарын құру және оларды дамытуды, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерін белсенді пайдалану арқылы жастардыӊ бос уақытын тиімді ұйымдастыруды тапсырды.
Просмотров: 1357

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter