17.10.2018, 18:34 5624

2018 жылғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан 61,8 орташа баллмен 59-орын иеленіп былтырғы орында қалды

12 бәсекеге қабілеттік факторыныӊ арасынан 5 фактор бойынша жақсартулар, 4 фактор бойынша төмендеу орын алды, 3 фактор бойынша жайғасым төмендеген жоқ. 98 индикатордыӊ арасынан 50 индикатор бойынша жақсартулар орын алды, 34 индикатор бойынша нашарлады және 14 индикатор бойынша өзгерістер жоқ.

Астана. 17 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 17 қазанда Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2018 жылғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (ЖБИ) бойынша жыл сайынғы есебін жариялады.

2008 жылы басталған әлемдік экономикалық дағдарыстыӊ салдарын және төртінші индустриялық революцияныӊ (4ИР) дамуын ескере отырып, 2018 жылы ЖБИ әдістемесі айтарлықтай өзгертілді.

Жаӊа 4.0 ЖБИ әдістемесіне сәйкес, негізгі екпін статистикалық индикаторларға жасалады (олардыӊ үлесі 70%, ал сауалнамалық индикаторлардыӊ үлесі 30%-ды құрайды). Сонымен қатар, барлық факторлардыӊ үлес салмағы бірдей.

ЖБИ есебініӊ құрылымы мынадай 12 фактордан тұрады: "Институттар", "Инфрақұрылым", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)", "Макроэкономикалық тұрақтылық", "Денсаулық", "Білім және дағдылар", "Тауарлар нарығы", "Еӊбек нарығы", "Қаржылық жүйе", "Нарық өлшемі", "Бизнестіӊ қарқындылығы" және "Инновациялық әлеует".

ЖБИ 2018 есебінде бағаланатын елдердіӊ саны 140 елді құрады, олар әлемдегі барлық халықтыӊ 94%-ын және әлемдік ЖІӨ-ніӊ 98%-ын қамтиды. ЖБИ 98 көрсеткішпен есептеледі, олардыӊ арасында 54 көрсеткіш халықаралық ұйымдардыӊ деректеріне негізделеді, ал 44 көрсеткіш ЖБИ сауалнамасына негізделді.

Биылғы жылы рейтингте Америка Құрама Штаттары бірінші орын алды, ол соӊғы 5 жыл ішінде көшбасшылардыӊ үштігіне енуде. Сингапур, Германия, Швейцария және Жапония рейтинг көшбасшылары болып қалуда.

2018 жылғы рейтингтіӊ нәтижелері бойынша Қазақстан 61,8 орташа баллмен 59-орынды иеленді, яғни 2017 жылғы жайғасымда қалды.

12 бәсекеге қабілеттік факторыныӊ арасынан 5 фактор бойынша жақсартулар, 4 фактор бойынша төмендеу орын алды, 3 фактор бойынша жайғасым төмендеген жоқ. 98 индикатордыӊ арасынан 50 индикатор бойынша жақсартулар орын алды, 34 индикатор бойынша нашарлады және 14 индикатор бойынша өзгерістер жоқ.

Қазақстанныӊ бәсекеге қабілеттігініӊ артықшылықтары: еӊбек нарығы - 30-орын (3 жайғасымға жақсарды) және бизнестіӊ қарқындылығы - 37-орын (2 жайғасымға нашарлады).

ДЭФ бағасына сәйкес, Қазақстанныӊ бәсекеге қабілеттігі мынадай факторлар бойынша орташа деӊгейдетұр: "АКТ" - 44-орын, "Нарық өлшемі" - 45-орын, "Білім және дағдылар" - 57-орын, "Тауарлар нарығы" - 57-орын, "Институттар" - 61-орын және "Макроэкономикалық тұрақтылық" - 62-орын және "Инфрақұрылым" - 69- орын.

Қазақстанныӊ әлсіз жайғасымдары ретінде мынадай факторлар анықталды: "Қаржылық жүйе" - 100-орын, "Денсаулық" - 97-орын және "Инновациялық әлеует" - 87-орын.

Рейтингте айтарлықтай жақсартулар 12-жайғасымнан 61-орынға көтерілген "Институттар" факторы бойынша және 10-жайғасымнан 57-орынға көтерілген "Тауарлар нарығы" факторы бойынша байқалады. Сондай-ақ Қазақстан келесі факторлар бойынша оӊ динамиканы көрсетті: "Инфрақұрылым" (69-орын, 2017 ж. - 72-орын) және "Еӊбек нарығы" - (30-орын, 2016 ж. - 33-орын), "Қаржылық жүйе" - (100-орын, 2016 ж. - 102-орын).

2 фактор бойынша төмендегені байқалды, олар: "Білім және дағдылар" (57- орын, -5 жайғасым) және "Денсаулық" (97-орын, -3 жайғасым).

"Инновациялық әлеует" (97-орын), "АКТ" (44-орын) және "Нарық өлшемі" (45-орын) секілді 3 фактор бойынша Қазақстанныӊ жайғасымы өзгерген жоқ.

ТМД елдерініӊ арасында Қазақстан Ресейден (43-орын) кейін 2-орынды иеленді (59-орын).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны