19.07.2018, 19:09 4195

Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ ауданында асфальт зауытыныӊ құрылысы басталды

Жаӊадала ауылдық округінде зауыттыӊ құрылысына 1 гектар жер телімі арнайы бөлінген. Өӊірдіӊ өркендеуіне серпін беретін инвестициялық жобаныӊ құны 100 миллион теӊге. Мұнда сағатына 100 тонна өнім өндіріледі.

Көкшетау. 19 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ ауданында асфальт зауытыныӊ құрылысы басталды. Бұл зауыт негізінен "Жезқазған - Петропавл" республикалық маӊыздағы тас жолын қалпына келтіру жобасы аясында жүзеге асырылуда. Мердігерлер зауытты шілде айыныӊ соӊында іске қосуды жоспарлауда, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Жаӊадала ауылдық округінде зауыттыӊ құрылысына 1 гектар жер телімі арнайы бөлінген. Өӊірдіӊ өркендеуіне серпін беретін инвестициялық жобаныӊ құны 100 миллион теӊге. Мұнда сағатына 100 тонна өнім өндіріледі. Мердігерлік ұйым "СтройТехРесурс" ЖШС құрылыс жұмыстарында жергілікті 10 адамды еӊбекпен қамтып отыр. Олардыӊ барлығы да заманауи қондырғыда жұмыс істеудіӊ қыр-сырын үйренетін болады.

Кәсіпорында өндірілген асфальт осы маӊдағы жолдарды жөндеуге жұмсалмақ. Бұл уақытты, әрі қаржыны үнемдеуге мол мүмкіндік береді екен.

Жаӊадала ауылдық округініӊ әкімі Көкетай Хамзин: "Ауылымызда осындай кешенніӊ ашылып, тұрғындардыӊ жұмыспен қамтылуы ауылдыӊ дамуына жаӊа леп береді деген ойдамыз. Бірнеше жылдар бойы ауылдастарымыз жолдыӊ тауқыметін тартқан еді. Енді міне, тұралап қалған тас жолға жан бітіп, жол қатынасы жандана түспек. Осы жолды жөндеуге өз асфальтымызды пайдаға асыратынымыз көӊілге қуаныш сыйлайды", - деп ойын тарқатты.

Міне, осындай жұмыстардыӊ нәтижесінде Жаӊадала ауылдық округі индустрияға бет бұрған өлке ретінде танылып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны