19.07.2018, 22:15 9627

Алматы бюджетін 9,3 млрд. теӊгеге нақтылау шарасы жүзеге асты

Мемлекеттік сатып алуды үнемдеу есебінен жүргізу және жобаларды оӊтайландыру арқасында Алматы бюджетін 9,3 млрд. теӊгеге нақтылау шарасы жүзеге асты,- деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Алматы. 19 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекеттік сатып алуды үнемдеу есебінен жүргізу және жобаларды оӊтайландыру арқасында Алматы бюджетін 9,3 млрд. теӊгеге нақтылау шарасы жүзеге асты,- деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Алматыда бірнеше жобаны ықшамдап, бюджетті үнемдеу есебінен қосымша жолдар салынып, мектептер жөнделіп, жаӊа балабақшалар тұрғызылып, жарық желілері жөнделетін болды.

Қыркүйек айында Алатау ауданында төрт, ал Наурызбай ауданында бір балабақша ашылмақ. Жалпы, үнемделген миллиардтаған қаржыдан білім саласына 457 миллион теӊге бөлу қарастырылған. Оған қоса, 7 мектепке сейсмикалық күшейту жұмыстары және қазандық салу жүргізіліп, оқушыларды оқулықтармен қамтуға 194 миллион теӊге жұмсалады. Бұдан бөлек, халықты әлеуметтік қорғауға 96 миллион теӊге бөлінген.

"Мобильділігі төмен азаматтардыӊ тұрмыс сапасын арттыру үшін 1 млн 400 мыӊ теӊге баспалдақпен көтергіш құралдар сатып алуға жұмсалады. №2 интернаттағы тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға жағдай жасау үшін 1 млн 800 мыӊ теӊге бөлінеді",- деді Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысыныӊ орынбасары Алтынай Төлеутаева.

Мегаполистіӊ 5 ықшамауданында жолдарды жөндеуге 1,5 млрд теӊгеге жуық қаржы бағытталмақшы. Қаланыӊ бірқатар аудандарында сыртқы жарық көздеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, тротуарлар ауыстырылады, Алатау ауданындағы Ақбұлақ, Алғабас, Қарасу, Көк-Кайнар, Ұлжан-2 ықшам аудандарында жол жөндеу басталды. Түрксіб ауданындағы Жас қанат елді мекенінде жол жөндеу жалғасуда. Тағы бір миллиард теӊге аумақтарды абаттандыруға жұмсалады.

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа 1.4 миллиард теӊге жұмсалады. Жылумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту мен ұстауға 670 миллион теӊге қарастырылады. Желтоқсан көшесіндегі 3-ші және Досмұхамедов көшесіндегі 71-ші үйлердіӊ жылу желілерін қайта жаӊғыртуға, құрастырып-іске қосу жұмыстарына 356 миллион теӊге жұмсалады", - деді Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысыныӊ орынбасары Алтынай Төлеутаева.

"Бюджетті нақтылау барысында үнемделген қаржы есебінен абаттандыруға, білім беру нысандарын сейсмикалық күшейтуге, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуге және жайластыруға қаражат қарастырылған. Тұтастай алғанда, бұл нақтылауды депутаттар қолдады және баяндамашы атап өткендей, қала бюджеті әлеуметтік бағытын сақтап қалды", - деді Алматы қаласы мәслихатиыныӊ депутаты Сергей Козлов.

Сондай-ақ, "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау" бағдарламасы шеӊберінде мыӊдаған жұмыссыздар 50 мамандық бойынша кәсіби дайындықтан және қайта дайындықтан өтеді.

Алматы бюджеті биылғы жылы 526,7 миллиард теӊгені құрайды. Ол "Алматы-2020" даму бағдарламасына және қалалықтардыӊ әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған.

Биылғы жылдыӊ бірінші жартыжылдығында Алматы экономикасыныӊ барлық салаларында 103,8% өсім байқалады. Мысалы, бөлшек сауда 8,3%-ға, өнеркәсіп 4,4%-ға, құрылыс 4,7%-ға өсті. Ал бес айдыӊ ішінде шетелдік инвестиция 25,1%-ды құрады. Салық түсімі 110,3%-ға өсті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны