19.11.2018, 20:45 4552

Алматы қаласы Алатау ауданыныӊ әкімі ауданныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді

Алатау ауданы Алматы қаласы дамуыныӊ Бас жоспарына сәйкес дамуда және 10 жылда ауданныӊ дамуына бюджеттен 434 миллиард теӊге бөлінді.

Алматы. 19 қараша. Kazakhstan Today - 15 қарашада Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметі алаӊында - Алматы қаласы Алатау ауданыныӊ әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлыныӊ қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Биыл Алатау ауданына 10 жыл толды. Алатау ауданы Алматы қаласы дамуыныӊ Бас жоспарына сәйкес дамуда және 10 жылда ауданныӊ дамуына бюджеттен 434 миллиард теӊге бөлінді.

Бүгінгі күні ауданда 23 ықшамаудан, жалпы жер аумағы 10 495 гектарды құрайды және халық саны 253 мыӊнан асады.

САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ

Алатау ауданыныӊ салық түсімдері 10 жылда 6,5 мллиард теӊгеден 28 мллиард теӊгеден асты.

Республикалық бюджет 3,7 млрд. теӊгеден 16,1 млрд.теӊгеге, ал жергілікті бюджет 2,8 млрд. теӊгеден 11,8 млрд. теӊгеге жетті.

КИСІПКЕРЛІКТІ ЖИНЕ ӨНЕРКИСІПТІ ДАМЫТУ

Бүгінгі күні Алатау ауданында 176 өнеркәсіп жұмыс істейді, оныӊ ішінде 6 ірі-орта өнеркәсіптер, 4761 заӊдытұлға және 21 206 жеке кәсіпкерлер тіркелген.

10 жылда ауданныӊ өнеркәсіп саласында өндірілген өнімніӊ көлемі 2,5 миллиардтан74 млрд. теӊгеге жетті, өнеркәсіп саласындағы өнімніӊ көлемі 103,7 % құрады.

Бұл көрсеткіштер кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласыныӊ қарқынды даму жолында екендігін көрсетеді.

Ауданныӊ негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 59 миллиардқа жетіп, жұмысшылардыӊ орташа еӊбекақысы 136 000 теӊгені құрады.

Бөлшек тауар айналымы 889 млн. теӊгеден 849 млрд. теӊгеге жетіп, көтерме тауар айналымы барлық қызмет түрі бойынша 601 млрд. теӊгеге өсті.

Сонымен қатар, "Алматы қаласында сауда базарларын жаӊғырту" бағдарламасы аясында аудандағы "Алатау-2", "Ақбұлақ" сауда орталықтарыныӊ 1-2 блоктары, "Саяхат", "Евразия" заманауи сауда орталықтары салынып, қазіргі таӊда "Алатау-2", "Ақбұлақ" сауда орталықтарыныӊ 3-4 блоктарыныӊ құрылысы жүруде.

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ

"Индустриалды-инновациялық даму" мемлекеттік бағдарламасы аясында 490 гектар жер аумағын құрайтын Индустриалды аймақтыӊ құрылысы жүруде. Аталған аймақта тағам, фармацевтика, жеӊіл, жиһаз, химия, көлік жасау, құрылыс өнеркәсіптері анықталған.

Кәсіпорындардыӊ жұмысы үшін еӊ алдымен инженерлік жүйелерді салу жұмыстары жүргізілді: 22,3 шақырым жол, 7,7 шақырым темір-жол, 27,8 шақырым су, 16,7 шақырым кәріз құбырлары, 4,65 шақырым электр желілері және 17,7 шақырым газ құбырлары тартылды.

Қазіргі таӊда, Индустриялды аумақта 5 жоба іске қосылды. Олар: "БРБ АПК"-жылыжайы, "Alma Pack" ЖШС - қағаз пакеттерін өндіріретін зауыт, "DOC Co.LTD" ЖШС-кеӊсе техникасына арналған картриждерді шығаратын зауыт, "КМК Investment" ЖШС - кабельді-сым өнімдерін шығаратын зауыттыӊ құрылысы,"Tokyo Rope Almaty" ЖШС - металл габион торын жасайтын зауыты.

Келесі жылы қосымша 8 кәсіпорынныӊ ашылуы жоспарлануда. Олар:

1."КСМ ТехнОВИД" ЖШС - Энергия үнемдейтін архитектуралық қасбеттер зауыты.

2."Hardstone" ЖШС -Табиғи тастардарды қайта өӊдеу зауытын көшіру.

3."KazTigerTape" ЖШС - Жабысқақ таспа мен созылған пленка өӊдіретін зауыты.

4."Asia Steel Pipe Corporation" ЖШС - Үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын шығаратын зауыт.

5."Г.С.Г. Высотник" ЖШС - Автоклавты газдалған бетон өндірісі зауыты.

6."Алмерек" ЖШС - Медициналық мақсаттағы бұйымдарды бір рет қолдануға арналған зауыт.

7. "ASSET" ЖШС - Полимерлік өнімдерді шығаратын зауыт.

8. "Group NAK 8" ЖШС - Мұздатылған қамырды өндіру зауыты.

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖИНЕ ҚҰРЫЛЫС

Алатау ауданында 37 376 жеке және 537 көпқабатты тұрғын үйлер орналасқан.

Жалпы, Алатау ауданында 10 жылда223 шақырым электр желілері, 276 шақырым магистальді газ құбырлары, 688 шақырым ауыз су және 453 шақырым кәріз жүйелері, 93 шақырым жол салынды.

Сондай-ақ, 3 жол айрығы, 18 аспалы жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер салынды.

10 жылда аудан аумағында "Ақбұлақ", "Алғабас-6", "Саялы" ықшамаудандары мен "Ақкент", "Нұркент", "Атлетикалық ауыл" тұрғын үй кешендері бой көтерді. Бүгінгі таӊда 372 үй салынды, жалпы көлемі 2,3 млн. шаршы метрді құрайды, яғни қала бойынша тұрғызылып жатқан үйлердіӊ 1/5 бөлігі Алатау ауданына тиесілі, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 30 есеге ұлғайды. Бүгінгі күні ауданда 12 519 пәтерден тұратын 740 562 шаршы метрді құрайтын 223 көпқабатты тұрғын үйлер салынуда.

2017 жылы жеке инвестиция есебінен 11 көпқабатты үйлердіӊ қаспеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биылғы жылы 20 көпқабатты үйлердіӊ қаспеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

"Алматы қаласыныӊ аулаларын көріктендіру" бағдарламасы аясында 2012 жылы 42 аула, 2016 жылы 8 аула, 2017 жылы 15, 2018 жылы 20 аулада көріктендіру жұмыстары жүргізілді. 2019 жылға тағы 10 аулаға көріктендіру жұмыстары жоспарлануда.

Дат архитекторы Ян Гейлдіӊ тұжырымдамасы аясында Б.Момышұлы көшесініӊ бойы Райымбек даӊғылынан бастап "Алматы Арена" спорт кешеніне дейінгі аралықта веложол, балалар ойын алаӊдары, футбол және баскетболдан шағын спорт алаӊдары, жаттығу құралдары орнатылды.

Сонымен қатар, Рысқұлов даӊғылыныӊ бойы Саин көшесі мен Шәріпов көшесініӊ аралығында 4400 метр поребрика, 350 метр бордюр, 550 шаршы метр тротуар, 180 шаршы метр кеспе тас, 2 балалар ойын алаӊдары, 1 футбол және 1 баскетбол алаӊдары салынды.

"Алғабас-6" ықшамауданындағы Ақын Сара көшесінде 3200 поребрика, 150 метр бордюр, 2950 метр асфальт және велосипед жолы, 3 воркаут алаӊдары, 2 балалар ойын алаӊдары мен 2 мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға арналған алаӊдар салынды.

"Саялы" ықшамауданындағы саябақта 2550 метр поребрика, 3195 метр асфальт, 75 көше жарық бағаналары, 2 балалар ойын алаӊдары мен 8 дана алтыбақан орнатылды.

Аудан аумағында орналасқан 4 жерасты жаяу жүргіншілер өткелдеріне 43 млн. теӊгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі танда ағымдағы жөндеу жұмыстарыныӊ толығымен аякталды. Жерасты өткелініӊ шатыры поликарбонат материалымен жабылып, өткелдіӊ ішіне евро стандартты төсемелер және тактильді тақтайшалар орнатылды, өткелдіӊ жер астымен өтетін бөлігініӊ төбесіне софит және антивандалдық жарықтандыру шамдары қойылды. Сонымен қатар, бейнебақылау жүйесі және өткелдерде әуен ойнатып тұратын музыкалық құрылғылар орнатылды.

Қазіргі уақытта ауданныӊ 45 көшесіне көше жарық желілері тартылуда. Қазіргі таӊда жоспарланған 581 светодиод шамдарыныӊ 350-і қойылып, 19 шақырымды құрайтын сымдардыӊ 14 шақырымы ауыстырылды.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы 15 көшеде 730 жарық беру бағаналарын қою жоспарланған. Қазіргі таӊда Ф. Оӊғарсынова (Ақсай) көшесіӊде 149 бағана, Өтемісұлы көшесінде 49 бағана, Центральная (Трудовик) көшесінде 54 бағана орнатылды.

Төтенше жағдайлардыӊ алдын-алу

Төтенше жағдайлардыӊ алдын-алу үшін 2016 жылы ұзындығы 1709 метрді құрайтын ауданныӊ 10 көшесіне арық жүйелерін жөндеу жүргізілді. 2015 жылы "Қарғалы" өзенінен "Алғабас" ықшамауданындағы 11 көшені, 135 жеке үйлерді және "Теплоэнергетик", "Энергостроитель" саяжайларында 9 жеке үйлерді су басуына байланысты төтенше жағдайлардыӊ алдын-алу үшін тиісті құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Атап айтсақ, "Алғабас" ықшамауданына 597 млн. 341 мыӊ теӊге бөлініп, 5120 метр арық лотоктары, 2645 метр дренаж жүйесі, жеке үйлерге кіретін 194 жеке тұрғын үйлерге кіру жолдары, 25 244 шаршы метрді құрайтын 5604 метр асфальт төселді.

"Теплоэнергетик" және "Энергостроитель" саяжайларына 652 млн. 886 мыӊ теӊге бөлініп, "Қарғалы" өзені тазартылды.

Сондай-ақ, 3096 метр өзен арнасы күшейтілді, 4150 метр темір қоршаулар, 25 өтпелі көпір, 310 метр арық жүйелері салынды.

Сонымен қатар, су басып қалу қауіпініӊ алдын-алуы мақсатында, "Құрылысшы", "Қарасу", "АЗТМ-Алғабас", "13-аумақ", "Заря Восток" ықшамаудандарында 1 млрд. 310 млн. теӊгеге5299 метр арық лотоктары, 2741метр пластикалық құбыр, 32 желілік құдықтар және 4447 шаршы метр асфальт салынды.

2019 жылы тиісті қаражат бөлу мақсатында келесідей жұмыстарға тапсырыстар берілді. Олар:

1. 144 млн. теӊгеге Рысқұлов даӊғылыныӊ бойы Момышұлы мен Шәріпов көшелерініӊ аралығында және Солтүстік айналым көшесініӊ бойындағы жаяу жүргіншілер алаӊын көріктендіру;

2. 124 млн. теӊгеге ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын 13 көшеге арық жүйелерін жөндеу;

3. 23 млн. теӊгеге 18 жерүсті жаяу жүргіншілер көпірлеріне күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама дайындау;

4. 556 млн. теӊгеге ұзындығы 48,6 шақырымды құрайтын "Айгерім-2", "Дархан-Байбесік", "Заря Восток", "Шаӊырақ-1,2", "Өжет", "Трудовик" ықшамаудандарына көше жарығын салу;

5. Ұзындығы 147 шақырымды құрайтын ауданныӊ 143 көшесіне арық салуға жобалық сметалық құжаттама дайындауға тапсырыс берілді;

Сонымен қатар, 11 млрд. 437 млн. теӊгеге ұзындығы 442 шақырым болатын 12 ықшамауданға жол салу жоспарланып отыр. Олар: "Ақбұлақ", "Қарасу", "Көк Қайнар", "Ұлжан-1,2", "Алғабас-АЗТМ", "Айгерім-1,2", "Шаӊырақ-1,2", "Трудовик", "Дархан-Байбесік".

Сонымен бірге, инженерлік желілер салу мақсатында қазылған көшелерге орташа жол салу жұмыстары жоспарлануда.

Сондай-ақ, "Шаӊырақ-5" ықшамауданы мен "Радуга" саяжайына ауыз су мен кәріз жүйелерін салу жоспарланған, ал "Қарасу", "Алғабас", "Заря Восток", "Боралдай" ықшамаудандары бойынша қазіргі таӊда қарастырылуда.

БІЛІМ БЕРУ

2008 жылы аудан құрылған уақытта 16 мектепте 18600 бала оқитын, бүгінгі күні 27 мемлекеттік мектепте және 2 жеке меншік мектепте 39 309 оқушы оқиды, яғни оқушылар саны 20 мыӊға өсіп отыр.

Өткен оқу жылында Ұлттық Бірыӊғай Тестілеуденауданымыз 97,3 балл жинап, "Алтын белгі" төсбелгісіне 90 оқушы, Үздік аттестатқа 88 оқушы ие болды.

Биылғы жылы республикалық және қалалық олимпиадалардан 58 оқушы жеӊімпаз атанды. Жалпы, 2008 - 2018 жылдар аралығында республикалық және қалалық олимпиадаларда 397 оқушы жеӊімпаз атанды.

Биыл "Тұлпар мініп, ту алған" қалалық әдеби және тарихи-танымдық байқауда аудандағы №180, 178 және 152 мектептердіӊ 3 оқушысы жеӊімпаз атанды.

Бүгінгі күні ауданда 16 мемлекеттік балабақшалар орналасқан, оныӊ 12-сі 10 жылда салынды, сондай-ақ, 86 жеке меншік балабақшалар ашылды. Аудандағы барлық балабақшаларда 7468 бала тәрбиеленуде.

Сонымен қатар, "Алғабас" ықшамауданында 600 орындық жаӊа мектеп салынуда, 2 мектепте қосымша ғимарат салынып, пайдалануға берілді, тағы 2 мектепке қосымша ғимарат салу жұмыстары жүргізілуде. Аталған мектептерде барлығы 2550 қосымша орын қамтылады.

Сондай-ақ, "Алғабас", "Теректі", "Саялы", "Алғабас-1" ықшамаудандарында барлығы 880 орындық 4 балабақша салынуда.

Мектептердегі орын тапшылығын азайту мақсатында келесі жылы ауданда 6 жаӊа мектеп салу жоспарлануда. Олар: "Дархан" ықшамауданында 900 орындық, "Рахат-Мәдениет" ықшамауданында 900 орындық, "Трудовик" ықшамауданында 1200 орындық, "Атлетикалық ауылда" 1200 орындық, "Заря Восток" ықшамауданында 500 орындық және "Саялы-2" ықшамауданында 1200 орындық жаӊа мектептер салыну жоспарлануда.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Ауданда 5 мемлекеттікемхана, 2 жеке меншік медициналық орталықтар қызмет етеді. Аудандағы қалалық емханаларда мемлекеттік тапсырыс бойынша 186 630 тұрғын тіркелген.

10 жылда ауданда 4 жаӊа заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген емханалар салынды. №14 емханаға қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы аясында Атлетикалық ауылда жаӊа емхана ашылды.

Атқарылған жұмыстардыӊ нәтижесінде ауданныӊ денсаулық сақтау жүйесінде оӊ көрсеткіштер байқалады.

Туберкулез ауруыныӊ алдын-алу мақсатында, аудан емханаларында жыл сайын флюорографиялық тексеру өткізіліп тұрады. Медицина саласында атқарылған шаралардыӊ нәтижесінде түберкулез ауруы 110 пайыздан 55,4 пайызға төмендетілді, түберкулез ауруынан адам өлімі 7,2-ден 5,6 пайызға төментелді, жалпы адам өлімі 3,7 пайыздан 3,5 пайызға төмендеді (877-ден 730 адамға), 4-ші сатылы қатерлі ауру формалары 13,0 пайыздан 7,9 пайызға азайды, бала туу 17,8 пайыздан 24,2 пайызға өсті, яғни 3489-дан 5902 балаға өсті.

ИЛЕУМЕТТІК САЛА

Ауданда 16 690 зейнеткер, 17 Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері және тылда жұмыс істеген 631 ардагер бар. Мүгедектер саны - 4985, оныӊ ішінде мүгедек балалардыӊ саны - 870.

Биылғы жылы ауданныӊ 249 зейнеткеріне "Аққайын", "Самал", "Спутник", "Алтын Қарғалы" шипажайларына демалуға жолдама берілді.

9 мамыр - Жеӊіс күніне 17 Ұлы отан соғысыныӊ ардагеріне, 200 тыл еӊбеккеріне және 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай 350 қарт адамға азық-түлік себеттері берілді.

Сонымен қатар, 45 зейнеткерге "Алматы арена" спорт кешенінде бассейнге 6 ай мерзімде тегін шомылуға және "Дархан" ықшамауданында орналасқан қымызханада қарттарымызға жылқы сүтін "Саумал" ішу ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Алатау ауданыныӊ Ардагерлер кеӊесі 2011 жылдан бері жыл сайын "Қазақстанныӊ даӊқын жырлаймыз" атты қалалық байқауда бірінші орын алып келеді.

2015 жылы аудандық ардагерлер кеӊесі Ұлы жеӊістіӊ 70 жылдығына орай "Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер" атты қалалық байқауда 1-ші орынды иеленіп, Алматы қаласыныӊ атынан Астана қаласында өткен республикалық байқауға қатысып, 1-ші орынды иеленді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ шақырылуымен 15 ардагерден құралған ансамбль ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне қатысты. Алатау ауданыныӊ 10 жылдығына орай ардагерлеріміз 10 концерт өткізді. Алатау ауданыныӊ ардагерлері 2013 жылдан бері қалалық спорттық жарыстарда аудандар арасында 1-ші орынды иеленіп келеді.

1 маусым - Балаларды қорғау күніне барлығы 900 бала циркке, концертке, театрға, бассейінге, мұз айдынына жолданды.

"Мектепке жол" акция барысында аудандағы сауда орталықтарында және базарларда мектеп тауарларын 15-20 пайызға төмендетілген бағалармен сату үшін жәрмеӊкелер ұйымдастырылды. Аудан кәсіпкерлерініӊ демеушілігімен жалпы 640 балаға мектеп формасын және 340 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтарын алуға көмек көрсетілді.

Ауданнан 1028 ана тиісті наградалармен марапатталған. Оныӊ ішінде 391 ана - "Алтын алқа", 637 ана - "Күміс алқа" иегерлері. Көп балалы отбасылар - 2707.

2009 жылы атаулы әлеуметтік көмек 419 адамға 11 млн. 682 мыӊ теӊге төленсе, 2018 жылы 21 млн. 382 мыӊ теӊге 371 адамға төленіп, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар саны 48-ге азайды.

2009 жылы тұрғын үй көмегі 169 адамға 3 млн. 777 мыӊ теӊге төленсе, 2018 жылы 5 млн. 210 мыӊ теӊге 378 адамға төленді, тұрғын үй көмегін алушылар саны 209-ға өсті.

2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 66 адам орналастырылса, 2018 жылы 149 адам, қоғамдық жұмыс орындарына 632 адам орналастырылса, биылғы жылы 567 адам, тұрақты жұмыс орындарына 375 адам орналастырылса, биыл 2130 адам орналастырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны