11.01.2019, 16:06 11059

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ металлургиялық зауыттыӊ құбырларындағы апаттыӊ себебін анықтау жөніндегі комиссияныӊ жұмыс қорытындысы жарияланды

Комиссияныӊ қорытындыларымен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігініӊ сайтында толық танысуға болады. Жүргізілген жұмыстыӊ нәтижелері бойынша апаттыӊ себептерін жоюға және болашақта осындай жағдайлардыӊ қайталануын болдырмауға бағытталған 15 іс-шара анықталды.

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - 10 қаӊтар күні "Арселор Миттал Теміртау" АҚ "Жақтау" металлургтер кәсіподағыныӊ мәжіліс залында баспасөз конференциясы өтті, онда 2018 жылдыӊ 10 қарашасында металлургиялық зауыттыӊ құбырларындағы апаттыӊ себебін анықтау жөніндегі комиссияныӊ жұмыс қорытындысы жарияланды. Комиссия оқиғадан кейін екі тәулік өткен соӊ Қарағанды облысы бойынша бас мемлекеттік еӊбек инспекторы Қанатбек Балсариевтіӊ бұйрығымен тағайындалды.

Баспасөз конференциясына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетініӊ Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысыныӊ орынбасары Кенгірбай Есенеев, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ныӊ атқарушы директоры Вадим Басин, Теміртау қаласы әкімініӊ орынбасары Ғалымжан Спабеков, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қарағанды облысы бойынша Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментініӊ Теміртау қаласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау бөлімініӊ басшысы Сергей Ли және комиссия мүшелері қатысты.

Баспасөз конференциясында атап өтілгендей, құбырдағы апаттыӊ себебі бірқатар қолайсыз факторлардыӊ үйлесуі болды: мердігердіӊ 2003 жылы үлкен диаметрлі құбыр салу кезінде болаттыӊ дұрыс емес маркасын пайдалануы; "Арселор Миттал Теміртау" АҚ конвертер цехыныӊ апаттыӊ алдындағы күндері бірқалыпты емес жұмысы; ауа бөлу өнімдерін жеткізуші мен конвертер цехыныӊ өкілдері арасындағы әрекеттерді үйлестірудіӊ жеткіліксіз деӊгейі; апат күні сыртқы ауа температурасыныӊ күрт төмендеуі. Комиссияныӊ қорытындыларымен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігініӊ сайтында толық танысуға болады. Жүргізілген жұмыстыӊ нәтижелері бойынша апаттыӊ себептерін жоюға және болашақта осындай жағдайлардыӊ қайталануын болдырмауға бағытталған 15 іс-шара анықталды.

Қазіргі уақытта комбинат жұмыс параметрлеріне шығады, деп атап өтті "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Вадим Басин. Бүгінгі күні аглоөндіріс үш машинадан екеуі жұмыс істеуде, агломерат өндірісі тәулігіне 10500 тонна. Домна цехы екі домна пешімен жұмыс істейді, үшіншісі үрлеуде. Өндіріс тәулігіне 4,5 мыӊ тонна шойын құрайды. Конвертерл цехі екі конвертермен жұмыс істейді, балқыту және құю өндірісі - тәулігіне 15 балқыту.

№1 және №3 үздіксіз құю машиналары жұмысында. №2 машина бүгін түнде қирау аймағына түскен жабдықтыӊ жұмысқа қабілеттілігін анықтау үшін екі жылғымен сыналған. Кокс батареялары коксты өткізу бойынша жұмыс істейді - қазіргі уақытта бұл тәулігіне 5 мыӊ тоннаға жуық.

Изірше ыстық прокат цехында тек бір ғана әдістемелік пеш жұмысқа қойылды, екіншісі - температураны көтеру сатысында. Алдағы 1-2 күнде оны жұмысқа қосу және ыстық прокат өндірісініӊ қарқынын арттыру жоспарлануда. Екінші мырыштау желісі жұмыс істейді, ЖИЦ-2 - іске қосу режимінде. Құбыр станы және сортты илек цехы жұмыс істейді.

Қаӊтар айыныӊ соӊына-ақпан айыныӊ басына қарай комбинат жоспарлы көрсеткіштерге шығуды жоспарлап отыр.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Вадим Басин: "Осы оқиға кезінде зардап шеккендердіӊ барлығы ауыр жарақат алған жоқ. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы әрқайсысына ем ақы төлеп, қаржы шығынын қайтарды. Сонымен қатар барлық зардап шеккендерге ұжымдық шартқа сәйкес материалдық көмек көрсетілді. Апат салдарын жоюға тартылған барлық қызметкерлерге ақшалай сыйақы төленді және мерзімнен тыс жұмыс үшін ақы төленді. Комбинаттыӊ бірде-бір қызметкері ақысыз демалысқа жіберілмеген. Қазіргі уақытта компания басшылығы өндіріс қалыпты параметрлерге шығуы үшін барлық күш-жігерін жұмсауда".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны