11.01.2019, 16:12 10260

Астана-1 теміржол вокзалында 10 жаӊа эскалатор жұмыс істей бастады

Астана-1 жаӊа теміржол вокзалы 1990 жылдан бастап жұмыс істеуде. Бүгінгі таӊда вокзал ғимаратыныӊ аумағы 11 мыӊ текше метрді құрайды және тәулігіне 12 000 жолаушыны өткізуге қабілетті вокзал тәулігіне 37 пойызға қызмет көрсетеді.

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Астана-1 теміржол вокзалында 10 жаӊа эскалатор жұмыс істей бастады.

Халықаралық стандарттарға сай жаӊа эскалаторлар тек жолаушылар қауіпсіздігін ғана қамтамассыз етіп қоймай, физикалық тозуға шыдамды әрі ресурсү немдеуге бейінді.

Эскалаторлар Ақмола лифт жасау зауыты желісінде жиналды. Құрал-жабдықтар Астана қаласыныӊ құзырлы мемлекеттік органдарында тиісті есепке қойылды. Сәйкестендіру нөмірлері бекітіліп берілді. Пайдалануға жарамдылығы жөніндегі техникалық байқаудан өткізілді.

Ескірген эскалаторларды жаӊасына ауыстыру жөніндегі жұмыстар 2018 жылдыӊ қарашасынан басталғандығын қаперге саламыз. Вокзал қзыметкерлері жолаушыларағыныӊ реттеу, жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жарақат алу жағдайларын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды абыроймен атқарып шықты.

Астана-1 жаӊа теміржол вокзалы 1990 жылдан бастап жұмыс істеуде. Бүгінгі таӊда вокзал ғимаратыныӊ аумағы 11 мыӊ текше метрді құрайды және тәулігіне 12 000 жолаушыны өткізуге қабілетті вокзал тәулігіне 37 пойызға қызмет көрсетеді.

Сервистік қызмет сапасы деӊгейін арттыру, вокзалдардыӊ техникалық жарақтандыруды жақсарту "ҚТЖ" ҰК" АҚ жұмысыныӊ басымдықты бағыты болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны