26.10.2022, 13:31 14406
Қазақстан бюджет тапшылығын жабу үшін ХҚДБ-дан 345 миллион еуродан астам қарыз алады
Достарға айту
Астана. 26 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды.
Биылғы шілдедегі ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, 345,7 млн еуро сомасына қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылған болатын. Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да басымды мақсаттарға арналған қаржыны қоса алғанда жалпы бюджет шығыстарын қолдауға мүмкіндік береді", – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
Оның айтуынша, Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстанған 2,5 жылдық жеңілдік кезеңімен және 11,5 жыл өтеу мерзіміне беріліп отыр. Сыйақы мөлшерлемесі Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады.
Айта кетейік, қарыз қаражаты қарыз туралы Келісім күшіне енгеннен кейін бірыңғай транш түрінде бөлінетін болады.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.05.2024, 18:06 6076
Алатау қаласының АЭА да 383 млрд теңгеге 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда
Достарға айту
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары барысында биыл орындалуы тиіс негізгі міндеттермен және Қонаев қаласын дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді жоспармен танысты. Үкімет басшысы сондай-ақ Арнайы экономикалық аймақ аумағында ірі жобаларды іске асыру мәселесі бойынша Алатау әкімінің баяндамасын тыңдады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қонаевтың дамуы жоғары экологиялық, "ақылды" қала тұжырымдамасына сәйкес келуге тиіс. Үкімет бекіткен Кешенді даму жоспарында 2023-2027 жылдар аралығында 187 іс-шараны жүзеге асыру көзделген. Қаланы абаттандыру, көлік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарды салу жөніндегі жобаларды іске асыруға мемлекеттік бюджеттен де, жеке сектор тарапынан да айтарлықтай қолдау көрсетіледі.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев баяндағандай, Қонаев қаласында абаттандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 106 км инженерлік инфрақұрылым, оның ішінде 19 км автожол, 61 км электр беру желілері, 26 км сумен жабдықтау және су бұру желілері жөнделді. Тұрғын үй орамдары қарқынды дамып келеді - 610 пәтерлік 10 үй салынды, 2023 жылы 15 үйдің құрылысы басталды, 2024 жылы 32 үй басталады деп жоспарлануда. Барлығы - 1400 пәтерлік 47 үй. Қазіргі уақытта 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жалпы пул жобасында 5 мың жұмыс орнын ашумен, капитал салымдарының барлық көлемі 470 млрд теңге болатын 23 перспективалық ұсыныс бар.
Биыл халықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін ескере отырып, абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланған. Олардың ішінде "Алматы-Өскемен" тас жолы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу, "Жаңа Іле" жаңа шағын ауданында көше-жолдары желісін тарту, жаңа тұрғын алаптарға коммуникациялар жүргізу жұмыстары бар. Алдағы 5 жылда қалада оқушы орындарының, заманауи медициналық мекемелердің, мәдени және спорт нысандарының тапшылығы проблемаларын шешу көзделген. Мәселен, Қонаевта кітапханасы бар 600 орынға арналған Оқушылар сарайы, Спорт сарайы, драма театры салынады. Онкологиялық және перинаталдық блоктары бар көпсалалы аурухана, ауысымда 500 адам қабылдайтын емхана, 200 төсек-орынды инфекциялық аурухана пайдалануға беріледі. Freedom finance туристік саланы дамыту үшін инвестор ретінде әрекет етті: банк жаңа орналастыру объектілерін, қонақ үй кешендерін салу бойынша 6 инвестициялық жобаны жүргізеді. Жалпы, Кешенді жоспар жоғары сапа стандарттарына сәйкес жаңа облыс орталығын дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Үкімет басшысы Алатау қаласының жобасымен танысып, әкім Әркен Өтеновтің Арнайы экономикалық аймақты дамыту перспективасы туралы баяндамасын тыңдады. АЭА аумағында 96,6 мың гектарда жалпы сомасы 383 млрд теңгеге 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, бұл 7 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Олжас Бектенов қала әкімшілігіне әлеуметтік, инженерлік және тұрғын үй жобаларын сапалы іске асыруда жауапкершіліктің салмағы ауыр болатынын атап өтті. Үкіметтің қаулысымен Алатау қаласының Бас жоспары бекітілді, оған сәйкес жобалау шеңберінде құрылыстың биіктігі - қаланың орталық бөлігінен оның шекарасына қарай төмендету жолымен қалыптастыру қағидаты көзделген.
Нәтижесінде біз Алматының маңында туристік әлеуетті белсенді арттыра отырып, өнеркәсіптік, білім беру және логистикалық орталыққа айналатын ірі мегаполис құруды қамтамасыз етуіміз керек. Бас жоспардың әрбір тармағының іске асырылуын бақылауда ұстау, сондай-ақ бірінші кезектегі ірі жобаларды рұқсат құжаттамасымен қамтамасыз ету үшін қала аумақтарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуді жеделдету қажет", - атап көрсетті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2024, 14:02 14901
Қазақстан тасымалдаушылары жүкті Қытай порттарына дейін жеткізе алады
Достарға айту
Қазақстан тасымалдаушылары жүкті Қытай порттарына дейін жеткізе алады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мәжіліс Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялады. Келісім 2023 жылы 17 мамырда Сиань қаласында жасалған.
Құжат аясында екі ел арасында автомобиль көлігімен жасалатын жүк тасымалдау көлемін ұлғайтады. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы жүктерді тасымалдау мен олардың аумақтары арқылы үшінші елдерге транзитті реттеуге жол ашады.
Келісім Қазақстан көліктеріне Қытай аумағына, оның ішінде елдің оңтүстік-шығысындағы теңіз порттарына дейін баруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде екі елдің шекаралас аймақтарында тауарларды қайта тиеу шығындары мен уақытын қысқартып, импорттық тауарлардың құнына және қазақстандық экспорттаушылардың шығындарына оң әсерін тигізеді. Мұндай шарттар Қазақстандағы қытайлық тасымалдаушыларға да қатысты болады.
Келісім аясында автокөлікпен тасымалдауға электронды рұқсат бланкілерін беру де жоспарланған. Қазір Қытай тарапымен шамамен 120 мың бірлік рұқсат қағазы айырбасталып жатыр. Қағаздан электронды форматқа көшіру қағаз бланкілерін өндіруге қосымша қаржылық шығын мен оларды тарату және бақылау процесіндегі адам күші факторын жояды.
Айта кетерлігі, 2023 жылы бұл бағыттағы қазақстандық тауарлар экспортының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 661 пайызға - 44,4 мың тоннадан 338 мың тоннаға дейін өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2024, 13:17 15316
Қазақстан түркі мемлекеттерімен арадағы жүк тасымалын артуды көздеп отыр
Достарға айту
Қазақстанның түркі мемлекеттерімен жүк тасымалы артады, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметінен.
Мәжіліс түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялады. Бұл келісім 2022 жылы 11 қарашада Самарқанд қаласында жасалған. Ол Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан арасындағы көлік-транзит әлеуетін және сауда-экономикалық қатынасты одан әрі дамытуға бағытталған.
Келісімге сәйкес түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында теміржол, су және автомобиль көлігімен жасалатын жүк тасымалы көлемі ұлғайтылады. Тараптар өзара ынтымақтасып, жүк тасымалдауды ілгерілетуде қолдау көрсетеді. Осы мақсатта мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тиісті мәселелерді талқылап, шешуге жауапты Бірлескен комитет құрылады.
Келісім ратификацияланғаннан кейін тараптар транзиттік тасымалдарға қатысты цифрлық технологияларды енгізу және жүктерді "жіксіз" мультимодальды тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдай алады. Электронды тауар-көлік жүкқұжаттары мен жол парақтарына көшу мақсатымен автомобиль тасымалдарында көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі әзірленді. Ол Қазақстан халықаралық жүктерді тасымалдау шарты туралы конвенцияға қосылғаннан кейін электронды халықаралық eCMR-ге көшу құралы болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2024, 12:55 15706
Қазақстанда энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясы нарығының құрылымынан шығарылады
Реттелетін бағаларға қайта оралу энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тариф белгілеуінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
Достарға айту
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясы нарығы құрылымынан шығарылады, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметінен.
«Жылу энергетикасы туралы» заңның ілеспе түзетулеріне екінші оқылымда депутаттар энергетика және жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Энергиямен жабдықтау саласындағы өнімсіз делдалдарды болғызбау мақсатымен энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясы нарығының құрылымынан шығару және олардың функцияларын өңірлік электр желілік компанияларға беру ұсынылды. Реттелетін бағаларға қайта оралу энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тариф белгілеуінің ашықтығын қамтамасыз етуге, электр энергетикасы нарығындағы алыпсатарлықты жоюға, сараланған тарифтерден жоспарлы түрде бас тартуға және әлеуметтік шиеленіске жол бермеуге мүмкіндік береді.
Жүктеменің ең жоғары сағаттарында электр қуаты тапшылығы мәселесін шешу үшін базалық қуатты салуға арналған тендерлік рәсімді өткізу тәртібін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қабылданды. Бұл мемлекеттің электр энергетикасы нарығының инвестициялық тартымдылығын жеткілікті түрде қамтамасыз ететін болады.
Сондай-ақ әлеуетті инвесторларды іріктеу бойынша тендерлерді өткізу рәсімдерін жетілдіруге, жасыл энергетиканы дамытудың гибридті топтық тетігін енгізуге бағытталған және басқа да түзетулер енгізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2024, 13:18 28326
Қазақстанда дизель локомотивтерінің өндірісі 2 есе өсті
Достарға айту
Қазақстанда дизель локомотивтерінің өндірісі 2 есе өсті, деп хабарлайды KazStat.
Осы жылдың алғашқы төрт айында теміржол көлігі өндірісінің едуәір өсімі байқалды. Мәселен, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында дизель локомотивтерінің өндірісі 20 бірлікті құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп.
Сонымен қатар, вагондар өндірісі өсті. Осы жылдың алғашқы төрт айында 50 бірлік теміржол, трамвай, өздігінен жүрмейтін, жолаушылар, багаж және басқа да арнайы мақсаттағы вагондар шығарылды, бұл өткен жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 8,3 есе көп.
Сондай-ақ, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында 400 бірлік жүк вагоны өндірілді, ал өткен жылдың тиісті кезеңінде барлығы 9 бірлік вагон өндірілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2024, 13:14 28506
"Бәйтерек" Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі жобаларын 1,6 триллион теңгеге қаржыландырды
Достарға айту
Бәйтерек" Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі жобаларын 1,6 триллион теңгеге қаржыландырды, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин баяндама жасады. Отырыстың негізгі тақырыбы еліміздің өңдеу өнеркәсібін дамыту болды.
Ұсынылған деректерге сәйкес, "Бәйтерек" және оның еншілес ұйымдары, соның ішінде "ҚДБ" АҚ, "ӨДҚ" АҚ, "QIC" АҚ, "Даму" КДҚ" АҚ және "Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі (KazakhExport)" АҚ бүгінгі таңда 1,6 триллион теңге сомасына 4,6 мың жобаны қаржыландыра отырып, салаға кешенді қолдау көрсетуде.
Нәтижелерді нақтылай келе, Рустам Карагойшин еншілес құрылымдардың негізгі үлестерін атап өтті:
• Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) 62 жобаны іске асыруға 824,6 миллиард теңге бөлді.
• Өнеркәсіпті дамыту қоры (ӨДҚ) жалпы сомасы 204,9 миллиард теңгеге 41 лизингтік мәмілені қаржыландырды.
• QIC, тікелей инвестициялар қоры 20 миллиард теңге бөліп, 7 жобаға қолдау көрсетті.
• Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі сақтандыру және экспорт алдындағы қаржыландыру құралдары арқылы 465,8 миллиард теңге бөліп, 122 экспорттаушыға қолдау көрсетті.
• Даму кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 751 миллиард теңге сомасына 5,6 мың жобаға қолдау көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2024, 12:15 29061
Қазақстанда мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 2 есеге өсті
Достарға айту
4 айдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 5,9 млн тоннаны, мұнай өнімдерін өндіру көлемі 4,28 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев хабарлады.
МӨЗ, мұнай базалары мен жол бойындағы дизель отынының жиынтық қоры 612 мың тоннаға (38 күн) дейін ұлғайтылды. Атап айтқанда, Аи-92 маркалы бензиннің 352 мың тоннасы (30 күн) және Аи-95 маркалы бензиннің 86 мың тоннасы (30 күн) бар. Қорлар ЖЖМ өндірілуіне және өңірлерден өтінімдер берілуіне қарай үздіксіз толықтырылып отырады.
Мұнайды өңдеу тереңдігі, демек, ҚР-да жеңіл мұнай өнімдерін өндіру 85-тен 87%-ға дейін ұлғайды.
5 мамырда Шымкент МӨЗ-де жоспарлы күрделі жөндеу аяқталды, зауыт штаттық режимде жұмыс істейді.
Осылайша, ЖЖМ нарығындағы жағдай 2023 жылмен салыстырғанда жақсарды", - деп атап өтті ведомствода.
Сонымен қатар мұнай өнімдерін өндіруді кеңейту есебінен ұлғайту жоспарлануда:
• Ақтау битум зауыты - 1-ден 1,5 млн тоннаға дейін (2025 ж.);
• Атырау МӨЗ - 5,5-тен 6,7 млн тоннаға дейін (2027 ж.);
• Павлодар ҰХЗ - 5,5-тен 8 млн тоннаға дейін (2030 ж.);
• Шымкент МӨЗ - 6-дан 12 млн тоннаға дейін (2030 ж.).
Аталған жобаларды іске асыру ішкі нарықтың ЖЖМ-ге деген өсіп келе жатқан қажеттілігін 100%-ға қамтамасыз етуге, сондай-ақ мұнай өнімдерін көрші елдерге экспорттауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ҚР Энергетика министрлігі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2024, 12:07 29596
Қазақстан мен Қытай өзара сауданы кеңейту бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыруда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған қазақстандық бизнес-делегация Қытайдың Цзянсу провинциясының Нанкин қаласына келіп, "Цзянсу - Орталық Азия" сауда орталығы алаңында болды. Ауқымды жоба SOHO Holdings Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Сауда министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың наурызында Қазақстан мен Қытай "Орталық Азия - Цзянсу" көпфункционалды орталығын құру туралы келісімге келген еді. Экспортты қолдау бойынша QazTrade ұлттық операторы мен Jiangsu SOHO HoldingsGroup Co Ltd халықаралық компаниялар тобы тиісті құжатқа қол қойды.
Тараптар Қытайдың Цзянсу провинциясында сауда орталығын салу жобасын жүзеге асыруға келісті. Сауда алаңында қазақстандық өнімдер, ал болашақта Орталық Азия елдерінің тауарлары сатылымға шығарылады.
Цзянсуға сапары барысында Арман Шаққалиев компания өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін салынған сауда павильонын аралады.
SOHO HoldingsGroup өкілінің айтуынша, жоба бойынша Нанкин қаласының дамыған ауданында 11 ғимарат салу жоспары бар. Бұл нысандардың барлығы бизнестің жаңа түрлерін, соның ішінде трансшекаралық нысандарды орналастыруға арналған. Қазақстандық және Орталық Азия мемлекеттерінің өнім өндірушілер үшін төрт қабатты бөлек павильон қарастырылған.
Қытай - біздің стратегиялық сауда серіктесіміз. Қазақстанмен екіжақты сауда айналымында жетекші орын алады. Мемлекет басшысы Қытаймен өзара сауданы 100 миллиард долларға жеткізу міндетін қойды. "Орталық Азия - Цзянсу" жобасын жүзеге асыру қазақстандық өндірушілердің Қытай нарығына шығуына ықпал етіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың кеңеюіне серпін береді", - деді Қазақстанның Сауда және интеграция министрі.
Сондай-ақ, Шаққалиев сауда павильонының аумағы 2 мың шаршы метрді құрайтынын, оның басым бөлігі қазақстандық тауарлар көрмесіне бөлінетінін атап өтті.
Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, сауда кешенінің бірінші қабатында қытайлық келушілер үшін Қазақстанның мәдениеті мен ерекшеліктері туралы таныстыру алаңы орналасады. Екінші қабатта әртүрлі санаттағы отандық тауарларды көрсету ұсынылады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдері, өнеркәсіп тауарлары және т.б. Қалған қабаттарда қазақстандық компаниялардың кеңселері орналасады.
Біз қазақстандық бизнесті отандық тауарлардың экспорттық әлеуетін көрсету үшін Орталық Азия - Цзянсу алаңында өз өнімдерін белсенді түрде көрсетуге шақырамыз. Бұл ретте Қытай тарапы QazTrade компаниясына қазақстандық өнімді квота бойынша орналастыруға айрықша құқық береді", - деді Арман Шаққалиев өндірушілерге.
Қытайлық серіктестердің айтуынша, Нанкиндегі Орталық Азия - Цзянсу сауда орталығының ресми ашылуы қыркүйек айына жоспарланған. Осыған орай Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қазақстандық тауар үлгілерін Қытайдың Цзянсу провинциясына жөнелту үшін жедел дайындықты бастауды атап өтті.
Қазақстанның іскер топтарының қатысуымен өткен кездесуде Jiangsu SOHO HoldingsGroup Co. Ltd компаниясының президенті команияның даму жолы жайында айтып берді. Сондай-ақ бірлескен жобаны жүзеге асыру аясында ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын белгіледі. Цзянсу провинциясындағы ең ірі кәсіпорын "Белдеу және жол" бастамасына қызмет етеді.
Компания алты бағыт бойынша дамып келеді.Олардың бірі өндіріс пен жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауқымды сауда алаңын құруда тәжірибесі мол. Халықаралық топтың басым бағыттарының қатарында сауда логистикасын дамытуды көздеп отыр.
Нанкиндегі қазақстандық павильонмен қатар Қазақстанда да осындай көпфункционалды орталық құру жоспарлануда. Кешенді алаң қытайлық және қазақстандық тауарлардың витринасының рөлін атқарып қана қоймайды, сонымен қатар мұнда бизнес өкілдері халықаралық серіктестермен келісім-шартқа отыра алады, іскерлік келіссөздер жүргізеді, қаржылық және кеңес беру қызметтерін ала алады, сауда операцияларын рәсімдеуге мүмкін болады.
Ірі сауда орталықтарын құру Қытай-Еуропа бағыты бойынша батыс бағытта қойма инфрақұрылымын салумен қатар жүреді. "QazTrade" АҚ бас директоры Жеңіс Өсербай қытайлық серіктестерге Қазақстанда шетелдік қоймалар салу үшін "Қорғастың" мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды.
Біз SOHO HoldingsGroup-тың аймақтардағы құрылыс жоспарларын, әсіресе Қазақстандағы бастамасын қолдаймыз. Осы жерге ұшпас бұрын біз Қорғаста болып, екі арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен келіскен болатынбыз. Логистикалық қоймаларды дамыту үшін қажетті аумақ бар. Біз үлкен әлеует пен мүмкіндіктерді көріп отырғандықтан, жобаны жүзеге асыруға бар күш-жігерімізді саламыз", - деді QazTrade басшысы.
Сондай-ақ, ол Нанкин қаласында ашылатын қазақстандық павильонды толтыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында, Орталық Азия елдерінің серіктестерінің Цзянсудағы көпфункционалды орталықты дамытуға қатысуға қызығушылықтары туралы баяндады.
Айта кету керек, Қазақстан бизнеске жан-жақты қызмет көрсету алаңына айналатын және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге серпін беретін, Орталық Азия елдері арасындағы мәдени алмасуды күшейтетін "Орталық Азия - Цзянсу" кешенді алаңының жұмысын үйлестіретін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
24.05.2024, 20:23"E-Petition.kz" ресми порталында жарияланған қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты петицияны қарауға қажетті қол жиналды 24.05.2024, 20:17 88946Су тасқынынан кейін 356 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды24.05.2024, 20:08 88676Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты24.05.2024, 19:55 82026Біз соғысты тоқтатуға емес, алдын алуға тырысуымыз керек - Тоқаев24.05.2024, 19:49 77401БҚДА "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ-ға алдын ала ескерту жолдады
02.05.2024, 16:37 124866Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті02.05.2024, 16:34 121176Елімізде қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары талқыланды02.05.2024, 12:14 120926Сенат жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беретін заң нормасын мақұлдады02.05.2024, 15:49 118356Туризм және спорт министрі Алматының туристік әлеуетімен танысты02.05.2024, 16:15 118151"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд. теңге сомасы қайтарылады