22.04.2024, 16:42 97806

Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 61%-ды құрады

Cатып алулардағы қазақстандық қамту үлесі 4,06 трлн.теңге
2023 жылдың қорытындысы бойынша энергетикалық сектордың (көмірсутектер мен уран) жер қойнауын пайдаланушыларының тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алудың жалпы көлемі 6,68 трлн.теңге, бұл ретте осы сатып алулардағы қазақстандық қамту үлесі 4,06 трлн.теңге суммасында 61%-ды құрады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бұл ретте:

- тауарларды сатып алудың жалпы көлемі 1,02 трлн. теңге, оның ішінде қазақстандық қамту - 334,61 млрд. теңге немесе 32,86%;

- жұмыстарды сатып алудың жалпы көлемі 2,99 трлн. теңге, оның ішінде жергілікті қамту - 2,34 трлн. теңге немесе 78,38%;

- қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 2,67 трлн. теңге, оның ішінде қазтұтыну - 1,39 трлн. теңге немесе 51,87%.

Энергетика министрлігі отандық тауар өндірушілерді және жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілерді қолдау бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді. Мәселен, соңғы бес жылда энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларында қазақстандық қамту деңгейі 18%-ға өсті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізген болатын, бұл да отандық кәсіпкерлікті дамытуға қосымша серпін береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны