16.11.2018, 20:25 4935

Қызылордада "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырыныӊ Орталық диспетчерлік басқармасы жұмысын бастады

Құбыр диаметрі 1067 мм болатын газ құбырыныӊ маршруты Маӊғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оӊтүстік Қазақстан облыстарыныӊ аумақтары арқылы өтеді.

Астана. 16 қараша. Kazakhstan Today - Ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ Қызылорда қаласында "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбыры (бұдан әрі - "ББШ" МГҚ) трассасыныӊ бойындағы Орталық диспетчерлік басқарманы (бұдан әрі - ОДБ) пайдалануға енгізді.

Орталық диспетчерлік басқарма - бұл "ББШ" МГҚ объектілерініӊ қауіпсіз әрі сенімді жұмысы үшін барлық қажетті ақпаратты жинау, өӊдеу және беру функцияларын орындайтын жоғары технологиялық, компьютерлендірілген кешен. Оныӊ функциясына нақты уақыт режимінде "ББШ" МГҚ объектілерініӊ жұмысына дистанциялық бақылауды және мониторинг жүргізуді жүзеге асыру кіреді.

"ББШ" МГҚ-да газ тасымалдауға бақылау жасау және оны басқару үшін SCADA жүйесі енгізілген болатын, ол online режимінде компрессорлық станциялардыӊ параметрлеріне бақылау жасайды және газ құбырыныӊ барлық объектілерініӊ арасындағы деректерді беруді және олармен алмасуды қамтамасыз етеді. SCADA жүйесі жетекші дүниежүзілік өндірушілердіӊ еӊ жаӊа жабдықтарымен жарақталған.

Идеттен тыс оқиғалар жағдайында және технологиялық жабдықтыӊ параметрлердіӊ шегінен шығып кеткен жағдайында, жүйе ауытқуға дереу ден қояды және аварияныӊ басымдық деӊгейіне қарай, ОДБ-ға шұғыл хабарлама береді. Бағдарламаныӊ функцияларында істен шыққан элементтерді бұғаттау, тіпті оларды өшіру мүмкіндігі бар. Егер авария әйтсе де болған болса, жедел бригада қажетті құрал-жабдықтардыӊ, қосалқы, жинақтаушы бөлшектердіӊ тізімімен, қандай оқиға болғанын алдын ала біле отырып, авария болған жерге шығады. Бұл дегеніміз жөндеу жұмыстарына аз уақыт жұмсауға және аварияны толықтай жоюға мүмкіндік береді.

Ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ, Мемлекет басшысы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында, инновациялық цифрлы технологияларды тәжірибе жүзінде Қазақстанныӊ газ саласында кеӊінен ендіруде.

Қазақстандықтардыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автоматтандыру мен басқарудыӊ қазіргі құралдары енгізілуде. Қызылорда қаласындағы Орталық диспетчерлік басқарма "ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобыныӊ Бірыӊғай диспетчерлік басқару жүйесініӊ құрамына кіреді.

Анықтамалық ретінде: "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбыры тәуелсіз Қазақстанныӊ тарихындағы еӊ ірі құбырлық жоба болып табылады және ол мемлекеттіӊ энергетикалық қауіпсіздігін арттыруда маӊызды рөлге ие. "Бейнеу-Бозой-Шымкент" МГҚ салудыӊ арқасында Қазақстан 3 маӊызды міндетті шешіп отыр - оӊтүстікке газды тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету, еліміздіӊ бірыӊғай газ тасымалдау жүйесін құру және сыртқы нарыққа шығарылатын қазақстандық газ экспортын ұлғайту.

Құбыр диаметрі 1067 мм болатын газ құбырыныӊ маршруты Маӊғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оӊтүстік Қазақстан облыстарыныӊ аумақтары арқылы өтеді.

"Бейнеу-Шымкент Газ құбыры" ЖШС Қазақстанныӊ заӊнамасына сәйкес екі мемлекеттіӊ теӊ үлестік қатысуы негізінде құрылған. Құрылтайшы болып Қазақстандық тараптан "ҚазТрансГаз" АҚ, қытай тарапынан - Trans-Asia Gas Pipeline түсіп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны