19.07.2018, 19:17 4879

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті шұжық өнімдерінен натрий нитриті мен антибиотиктерді анықтады

ҚР Денсауылық сақтау министрлігініӊ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті талапқа сәйкес келмейтін шұжық өнімдерін саудадан алу бойынша жұмыстар жүргізуде

Астана. 19 шілде. Kazakhstan Today - Еліміздегі тамақ өнімдерініӊ қауіпсіздігін бақылау шеӊберінде шұжық өнімдерініӊ 1241 сынамасына сараптама жүргізілді, бұл ретте 285-і техникалық регламенттердіӊ талаптарына сәйкес келмейді.

Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысыныӊ сауда объектілерінде консерванттыӊ құрамыныӊ жоғары болуы және натрий нитритініӊ (нормасы 50 мг/кг) түсін бекіткішініӊ және левомицетин антибиотигініӊ (нормасы 0,01 мг/кг) болуы бойынша техникалық регламенттердіӊ талаптарына сәйкес келмейтін шұжық өнімі анықталды.

Петропавл қаласыныӊ "Северный" супермаркетінде "Стародворские колбасы" ЖАҚ-ныӊ ресейлік өндірісініӊ "Докторская" шұжығында (өндірілген күні - 2018 жылғы 14 маусым) натрий нитриті құрамыныӊ көрсеткіші - 66,6 мг / кг құрады.

Қызылжар ауданыныӊ Тепличное селосындағы ЖК О.И.Белякова "Уют" дүкенінде "Омский бекон" АҚ-ныӊ "ПОПУЛЯРНАЯ" пісірілген шұжығыныӊ (өндірілген күні - 2018 жылғы 31 мамыр) осы көрсеткіші 60,6 мг / кг. құрайтыны анықталды.

Сондай-ақ, Жамбыл ауданыныӊ Пресновка селосындағы "Сова" дүкенінде "Омский бекон" АҚ-ныӊ мынадай өнімдерініӊ талаптарға сәйкес еместігі анықталды:

1. "Бутербродная" пісірілген шұжығы, B санаты (өндірілген күні - 2018 жылғы 11 маусым), натрий нитритініӊ құрамы - 109,8 мг / кг;

2. "Походная" құс етінен жасалған жартылай сүрленген, екінші сұрыптағы шұжық, (өндірілген күні - 2018 жылғы 15 маусым) - 72 мг / кг.

Анықтамалық үшін: "Тағамдық қоспалардыӊ, хош иістендіргіштердіӊ және технологиялық қосымша заттардыӊ қауіпсіздік талаптары" техникалық регламенті талаптарына сәйкес шұжық өніміндегі натрий нитратыныӊ шекті-рұқсат етілген шоғырлану деӊгейі 50 мг/кг. құрайды.

Бұл ретте, жоғарыда аталған сәйкессіздіктен басқа "Омский бекон" АҚ өнімінде левомицетинніӊ артық мөлшері анықталды:

1. "Южная" құс етініӊ пісірілген, екінші сұрыптағы шұжығы, (өндірілген күні - 2018 жылғы 13 маусым), нитриттіӊ массалық үлесі - 109,2 мг / кг, левомицетин - 0,05 мг / кг;

2. "Сельская" құс етінен жасалып пісірілген, екінші сұрыптағы шұжығы, (2018 жылғы 13 маусым), нитрит құрамыныӊ көрсеткіші - 87,0 мг / кг, левомицетин - 1,5 мг / кг;

3. "Заречная" құс етінен жасалып пісірілген, екінші сұрыптағы шұжығы, нитрит құрамыныӊ көрсеткіші - 65,4 мг / кг, левомицетин - 1,12 мг / кг.

Анықтамалық үшін: "Тамақ өнімдерініӊ қауіпсіздік талаптары" техникалық регламентініӊ талаптарына сәйкес шұжық өнімдеріндегі левомицетинніӊ шекті-рұқсат етілген шоғырлану деӊгейі 0,01 мг / кг құрайды.

Құрамындағы натрий нитриттері мен антибиотиктері, яғни левомицині жоғары тамақты қолдану кезінде адамныӊ денсаулығыныӊ төмендеуі байқалуы мүмкін. Осылайша, нитриттер адамныӊ қанымен араласып, нәтижесінде метемоглобин деп аталатын зат пайда болып, оттегініӊ алмасуы функциясын болдырмайды, ол оттегініӊ жетіспеушілігіне (гипоксия) алып келеді. Гипоксия кезінде әлсіздік, өзін нашар сезінуді, ұйқышылдықты, құсу, жүйке жүйесі, жүрек функциясыныӊ, бүйрек пен бауыр тіндерініӊ бұзылуын тудырады.

Сонымен қатар, құрамында антибиотиктердіӊ қалдық мөлшері бар тамақ өнімдерін ұзақ пайдалану адам үшін қолайсыз салдар тудыруы мүмкін: аллергиялық реакциялардыӊ, дисбактериоз, анафилактикалық шок, организмдегі микрофлораныӊ антибиотикке төзімділігініӊ пайда болуы, соныӊ салдарынан әртүрлі қабыну ауруларын емдеу үшін антибактериялық препараттарды таӊдау қиынға соғады.

Комитет сәйкес келмейтін өнімдерді алып тастау және жою бойынша шараларды жүргізуде, еліміз бойынша барлық аумақта күшейтілген зертханалық бақылау жүргізіледі, Ресей Федерациясыныӊ Тұтынушылардыӊ құқықтарын қоғау және адамныӊ әл-ауқатын қадағалау жөніндегі Федералдық қызметіне , сондай-ақ өндірушілерге хабарлама жіберілді.

Дүкен сөрелерінен осы өнімді байқаған болсаӊыз, Комитеттіӊ мекенжайына жазбаша және 8 /7172/ 74-26-97 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны