ҚР Бас Прокуратурасы заңсыз төленген айыппұлдарды кәсіпкерлерге қайтару шараларын жүзеге асыруда
Алматы. 8 сәуір. Kazakhstan today. ҚР Бас прокуратурасы 90 млн теңге көлеміндегі заңсыз төленген айыппұлдарды 574 кәсіпкерлік субъектілеріне қайтару шараларын қабылдауда. Бұл туралы кәсіпкерлердің құқын қорғау бойынша ҚР Бас Прокуратурасы мен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының видеоконференциясы барысында белгілі болды.
"Мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау органдарының тексерісі нәтижесінде 574 кәсіпкерлік субъектілері 90 млн теңге көлемінде негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кәсіпкерліктерге аталмыш айыппұлдарды төлеу мәжбүрленіп, тиісінше жағдайда олардың нысандарының жұмысының жалғастырылуына тосқауыл қойылған. Жоғарыда айтылған жағдай мемлекеттің кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау туралы саясатына теріс келеді", - дейді Бас Прокуратураның 1-інші Департаменті бөлімінің прокуроры Мұқаш Қуанышбаев.
Қазіргі таңда Бас Прокуратура төленген айыппұлдарды кәсіпкерліктерге қайтарып беру бойынша шараларды қолға алуда.
Айта кету керек, "Мемлекеттік тексеру және бақылау туралы" 28 Заңның 1 бабына сай аталмыш Заңда бекітілген тексерістерді жүргізу мен ұйымдастыру талаптарын өрескел бұза отырып тексеру органдары тарапынан жүргізілген тексеріс заңсыз болып табылады.
"Осы орайда облыс пен Астана және Алматы прокуратураларына тексеріс нәтижелері мен актілерінің күшін жою шараларын қабылдауды бұйыруды ұсынып, заңсыз төленген әкімшілік айыппұл сомасын кәсіпкерлерге қайтару шараларын қолға алуды тапсырамыз. Сонымен қатар, құқықтары қорғалған және заңсыз төленген айыппұл құнын қайтарып алуы тиіс кәсіпкерліктердің тізімін құрып, оны Бас Прокуратураның ғаламтор ресурсына салуды ұсынамыз", - дейді.
ҚР Бас Прокуроры орынбасары А.Кравченконың айтуынша, 91,5 млн теңге көлеміндегі заңсыз төленген айыппұл 574 кәсіпкерлік субъектілеріне қайтарылмақ.
"Облыс прокурорларына аталмыш мәселені қарауына алып, кәсіпкерліктердің өз қаражаттарын қайтарып алуын қалағалауды тапсырамын", - деді ол.
тақырып бойынша жаңалықтар
AQMOLA жаңа индустриялық аймағында жалпы құны 1,1 трлн теңгені құрайтын жеті жоба жүзеге асырылуда
Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған бұл республикалық индустриялық аймақта отандық және шетелдік жетекші компаниялардың өндірістері орналасады. Өндірістік қуаттардың шоғырлануы ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу, логистика және басқа да салаларға мультипликативті әсер етіп, өңірдің дамуына тың серпін береді", - деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Бұл - еліміз үшін аса маңызды жоба. Оның аясында жаңа өндіріс ошақтары іске қосылып, халықты жұмыспен қамту мүмкіндіктері кеңейеді. Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, өнеркәсіпті өркендетуге айрықша назар аударып отыр. Осы бағытта жер телімдерімен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылым тарту секілді қолдау шаралары жүйелі түрде іске асырылуда. Тек биылдың өзінде республика бойынша 180-ге жуық индустриялық жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі - бүгін іргетасына капсула салынған "AQMOLA" индустриялық аймағы. Оның елордаға жақын орналасуы - айқын артықшылық. Бұл жоба елорда мен еліміздің дамуына елеулі үлес қосады деп сенемін", - деді министр.
Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіптің жаңа бағытын қалыптастыратын жобаны жүзеге асыру - біздің компания үшін үлкен мәртебе. Бұл - өз саласындағы ең озық жобалардың бірі. Біз бұл жобаға 900 миллиард теңге инвестиция құйып отырмыз. Жақын арада кәсіпорында мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Өнімнің бағасы мен сапасын арттыру үшін біз биоферментация мен биоинженерия салаларындағы соңғы технологияларды қолданамыз. Өнім Қытай, Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия және Еуропа нарықтарында үлкен сұранысқа ие болады", - деді Dalian Hesheng Holdings компаниясы филиалының директоры Яо Сунь.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Шығыс Қазақстан мен Тверь облысы ПХЭФ-2025 меморандумына қол қойды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,4 пайызға өсті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда электромобиль шығару жоспары талқыланды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
2024 жылы республикалық бюджет тапшылығы 3,6 триллион теңгені құрады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері 1 маусымдағы жағдаймен 143 мың теңгені құрады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу зауыты салынады
Қазақстанда экономиканың негізгі салаларының бірі ретінде ауыл шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз шаруаларды қолдау шараларын едәуір арттырдық. Өткен жылы елімізде 4,5 мың тоннаға жуық көкөністен жоғары өнім алынды. Ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру аясында биыл бақша дақылдарының егіс алқабы кеңейтіліп, 222 мың гектарға дейін жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.06.2025, 10:46Еркін Тұқымов ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі болып тағайындалды 19.06.2025, 14:53 68006Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдық дәрігерлік амбулатория ашылды19.06.2025, 14:54 67706Мемлекет басшысы "Дәулет" теннис орталығына барды17.06.2025, 10:35 64716Алматы қаласында SIM KIDS жобасы ресми түрде іске қосылды17.06.2025, 10:29 64306Қазақстан мен Қытай сейсмикалық қауіпсіздік орталығын құрады
23.05.2025, 16:58 173861ҚТЖ балаларды пойызда тасымалдау ережелерін еске салды02.06.2025, 17:03 137436Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына бару уақытша шектеледі05.06.2025, 17:53 133126Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті05.06.2025, 17:14 132996Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты03.06.2025, 14:47 132861Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды