23.05.2018, 16:01 4835

Мемлекет тұқым өндірушіге норма бойынша шығарылған тұқымдардыӊ толық құнын өтейді

Ағымдағы жылы шаруалар көктемде тұқым шаруашылығынан/тұқым сатушыдан 1 репродукциялы тұқымды немесе элиталық тұқымды еӊ төменгі норма бойынша тегін алуды көздейтін тұқым шаруашылығын субсидиялаудыӊ жаӊа тетігі іске асырылатын болады. Өз кезегінде, мемлекет тұқым өндірушіге норма бойынша шығарылған тұқымдардыӊ толық құнын өтейді.

Астана. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша кездесу барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік саясатты іске асырудыӊ бірқатар жаӊа бағыттары мен тетіктерін атап өтті.

Ағымдағы жылы шаруалар көктемде тұқым шаруашылығынан/тұқым сатушыдан 1 репродукциялы тұқымды немесе элиталық тұқымды еӊ төменгі норма бойынша тегін алуды көздейтін тұқым шаруашылығын субсидиялаудыӊ жаӊа тетігі іске асырылатын болады. Өз кезегінде, мемлекет тұқым өндірушіге норма бойынша шығарылған тұқымдардыӊ толық құнын өтейді.

Бұл ретте шаруа күзде егінді жинап болғаннан кейін Тұқым шаруашылығын дамыту қорына тұқым құныныӊ 30% қайтаратын болады, қор қайтарылған қаражатты жинақтайды және оны аттестатталған тұқым өндірушілер үшін төменгі пайыздық мөлшерлемемен (1-2%) негізгі құралды (техника мен жабдық) сатып алу мен жаӊартуды қаржыландыруға бағыттайды. Бұл тетікті іске асыру 2021 жылға қарай 3 репродукциядан төмен емес тұқыммен 100% себуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Минералды тыӊайтқыштарға қатысты. Ағымдағы жылғы субсидияны алуға өтінім беру және оларға төлем жүргізу электронды түрде жүзеге асырылады, яғни субсидиялау процессі толық автоматтандырылған. 446 мыӊ тонна тыӊайтқышқа, оныӊ ішінде көктемгі дала жұмыстары кезеӊіне 270 мыӊ тоннаға өтінім берді. Мамыр айыныӊ ортасында 93 мыӊ тонна тыӊайтқыш немесе өтінім берілген көлемінен 21% аграрийлерге жеткізілді.

Жиналыс барысында сүтті мал шаруашылығы мен шошқа шаруашылығы бойынша жаӊа бағдарламалар ұсынылды.

Сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы сүт өнімдерін импорттық алмастыруға бағытталған. Жалпы алғанда жылдық мөлшерлемесі 4% құрайтын 15 жылға дейінгі мерзімге дейін қаржыландыра отырып, сүтті-тауарлы және өнеркәсіптік фермаларды құру жоспарлануда. Өндірілетін сүтке тауарлық субсидиялардыӊ орнына, инвестициялау үшін субсидияларды және несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді қолдау шаралары қарастырылады.

Шошқа шаруашылығын дамыту бағдарламасында Қытай мен Ресей Федерациясы нарығына ет өнімдерін экспорттауды дамытуға ерекше көӊіл бөлінеді.

Экономикалық тұрғыдан перспективалық жобаларды қолдау және дамыту шеӊберінде етті мал шаруашылығы, сүт өндірісі, қайта өӊдеуші сала бойынша зәкірлі кооперация болатын облыстыӊ бірқатар ірі өнеркәсіптік кешендерініӊ жұмысымен танысты.

Аталған шараларды іске асыру агроөнеркәсіптік кешендегі еӊбек өнімділігін және өӊделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды кем дегенде 2,5 есе арттыруға мүмкіндік береді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны