19.07.2018, 19:14 6648

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылғы 1-ші жарты жылдықта жолаушылар көлемін 17 %-ке арттырды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Евразия құрлығындағы соӊғы үлгіде салынған әуежайлардыӊ бірі, бұл жерден тәулігіне 160 -қа дейін ұшақтардыӊ ұшу және қону сапарлары орындалады.

Астана. 19 шілде. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылғы 1-ші жарты жылдықта жолаушылар көлемін 17 %-ке арттырды.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылғы қаӊтар-маусым айларында 2 млн. 145 мыӊ 154 жолаушыға қызмет көрсетті, бұл көрсеткіш 2017 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 17 %-ке көп.

2018 жылғы жарты жыл ішінде халықаралық әуежай ішкі бағыттағы жолаушылар көлемін 12 %-ке арттырып, осы аралықта 1 млн. 346 мыӊ 578 адам әуежай қызметіне жүгінген. Бұдан өзге, ағымдағы жылғы қаӊтар-маусым айларында елорданыӊ әуе қақпасы халықаралық бағыттағы 798 мыӊ 576 жолаушыға қызмет көрсетіп, 2017 жығы 1-ші жарты жылдықтағы көрсеткіш нәтижесін 26%-ке арттырған.

Сондай-ақ, 2018 жылғы 1-ші жарты жылдықта Астана әуежайынан 14 мыӊ 353 ұшақ ұшу сапарларын орындаған (бұл көрсеткіш 2017 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 11%-ке артық).

Анықтама:

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Евразия құрлығындағы соӊғы үлгіде салынған әуежайлардыӊ бірі, бұл жерден тәулігіне 160 -қа дейін ұшақтардыӊ ұшу және қону сапарлары орындалады. Елода әуежайы сағатына 2500 жолаушыға қызмет көрсете алады. Иуежайда отандық және шет елдік әуе компанияларыныӊ, ішкі бағыт бойынша 21 және халықаралық бағытпен 36 ұшақ рейстері жүзеге асырырылады. 2017 жылы халықаралық әуежай 4 млн. аса жолаушыға қызмет көрсетті.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны