19.11.2018, 20:41 4468

Теміржол көлігімен ауыл шаруашылығы жүктерін тасымалдау және тиеуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеӊес болып өтті

Қостанай облысы Қазақстанда астық пен ұӊтақ өнімдерін тасымалдауда негізгі өӊірлердіӊ бірі болып табылады. Бұл ретте соӊғы жылдары астықтыӊ орташа жылдық экспорты 1,2 млн. тонна және 800 мыӊ тонна ұнды құрады.

Астана. 19 қараша. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 14 қарашасында Қостанай облысыныӊ әкімдігінде "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев пен Қостанай облысыныӊ әкімі Архимед Мұхамбетовтыӊ қатысуымен теміржол көлігімен ауыл шаруашылығы жүктерін тасымалдау және тиеуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеӊес болып өтті.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ бөлімшелерініӊ басшылары, астықтрейдерлік, экспедиторлық компаниялар мен облыстыӊ ауыл шаруашылығы кәсіпорындарыныӊ өкілдері қатысқан жиында 2018 жылдыӊ 10 айындағы және қазандағы әлеуметтік-маӊызды жүктер тасымалыныӊ қорытындысы тыӊдалды.

Қостанай облысы Қазақстанда астық пен ұӊтақ өнімдерін тасымалдауда негізгі өӊірлердіӊ бірі болып табылады. Бұл ретте соӊғы жылдары астықтыӊ орташа жылдық экспорты 1,2 млн. тонна және 800 мыӊ тонна ұнды құрады.

2018 жылдыӊ басынан 3 млн. тонна астық артылса, бұл өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 34% артық. Ал экспортқа 2 млн. тонна астық жөнелтілсе, бұл 2017 жыл көрсеткішінен 77% өскендігін көрсетеді. Тек қазанда Қостанай өӊірінен 68 астықты бағытқа, соныӊ ішінде Ауғанстан, Қытай және Орталық Азия елдеріне жүк жөнелтілді.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ басшысы 2017 жылдыӊ сәйкес кезеӊіне қатысты барлық негізгі бағыттар бойынша экспорт көлемініӊ айтарлықтай артқандығын атап кетті. Маусым бойы трейдерлер Түркия, Иран, Ауғанстан, Орталық Азия елдері бағытына астықты экспорттауға үнемі дайын отыр. 2018 жылдыӊ қарашасында қазақстандық жүкжөнелтушілер 2,4 млн. тонна астық тасымалына өтінім берсе, соныӊ 2 млн. тоннасы экспортқа жөнелтілмек.

Кеӊес барысында көршілес теміржол әкімшілерініӊ инфрақұрылымдық шектеулерін, қазақстандық порттар терминалдарындағы астықты ауыстырып тиеуді, вагондар айналымын, тиісінше тиеу ресурстары айтарлықтай шығыныӊ есепке ала отырып, жүктер тасымалын дұрыс ұйымдастыруға ықпал ететін бірлескен шараларды әзірлеу қажеттігі атап өтілді.

Қазіргі таӊда "ҚТЖ" ҰК" АҚ тарапынан берілген қосымша жеӊілдіктердіӊ тарифтік саясатын реттеу, бағыттар бойынша вагонтасымалын бағдарлау, астықты контейнерлермен тасымалдауды ұйымдастыру, қосымша вагондар паркін тарту, облыстар бойынша жылжымалы құрамды бекітіп беру жөніндегі жұмыстар жүргізілді.

Экспорттық көлемді жөнелту үшін Қостанай облысына 1989 вагон бөлінді.

Кеӊеске қатысушылар ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау мен артуды ұйымдастыруға теріс ықпал жасайтын проблемалық мәселелерді талқылады және оларды шешудіӊ жолдарын ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен Қостанай облысы әкімдігі арасында Өзаратүсінікстік және ықпалдастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат теміржол көлігімен ауыл шаруашылығы жүктерін тасымалдауды тиімді ұйымдастыруды арттыруға бағытталған.

Меморандум шеӊберінде ай сайын облыс ауыл шаруашылығы кәсіпорындарыныӊ 450 мыӊ тонна астығы мен 200 мыӊ тонна ұӊтақ өнімдерін тасымалдау мен қабылдауды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны