11.01.2019, 15:31 6791

Түркістан облысы Сайрам ауданында өткен жылы 5 инвестициялық жоба іске қосылды

Түркістан облысы Сайрам ауданында өткен жылы 5 инвестициялық жоба іске қосылды. Бір жылдыӊ ішінде іске қосылған инвестициялық жобалар нәтижесінде 200-ге жуық жұмыс орны ашылды.

Түркістан. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Түркістан облысы Сайрам ауданында өткен жылы 5 инвестициялық жоба іске қосылды. Бір жылдыӊ ішінде іске қосылған инвестициялық жобалар нәтижесінде 200-ге жуық жұмыс орны ашылды.

Бірінші жоба - "Gas Standart System" серіктестігініӊ сұйық газ сақтайтын кешені. Құны 1 млрд. теӊгені құрайды. Ал, екінші нысан "Южанка-5" ЖШС-ніӊ ауылшаруашылығы өнімдерін өӊдейтін цехы. Жобаныӊ құны 100 млн. теӊге. Цехта көкөніс консервілері дайындалады. Өткен жылы ауданда іске қосылған келесі жоба - "АХБК" ЖШС-ніӊ тігін фабрикасы. Жобалық құны 172 млн. теӊгені құрайтын фабрикада өндіріс орындарында еӊбек ететін жұмысшыларға және әскердегі сарбаздарға арналған киімдер, төсек орын жабдықтары тігіледі. Сондай-ақ, аймақта "Артезия" серіктестігі жобалық құны 30 млн. теӊге болатын сусындарға арналған пластикалық ыдыстар шығаратын цехты іске қосқан болатын. Бұдан өзге, іске қосылған инвестициялық жобалардыӊ бірі - "Даут" ЖШС-ніӊ сүт өнімдерін өӊдейтін цехы. Онда қаймақ, сүзбе, айран дайындалады.

Өткен жылы Сайрам ауданыныӊ өнеркәсіп саласыныӊ үлесі облыс көлемінде 10 пайызды құрап, екінші орынға тұрақтады. Жалпы, ауданныӊ даму концепциясына сәйкес, өнеркәсіп саласыныӊ даму бағыттары айқындалып, атқарылған жұмыстар нәтижесінде аталған салада 40 млрд. теӊгеніӊ өнімі өндірілген.

2019 жылы аудандағы өнеркәсіп өнім көлемін 45,3 млрд. теӊгеге жеткізіп, 12,5 пайыз өсімге қол жеткізу жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны