19.09.2018, 17:24 5769

Түркістан облысында 332 мыӊ тонна шитті мақта жинау жоспарлануда

Ағымдағы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ 2018 жылғы 12 шілдедегі № 297 бұйрығына сәйкес, мақта өӊдеу кәсіпорындарына тапсырылған 1 тонна өніміне 10 мыӊ теӊге субсидия төлеу жоспарлануда. Бұл бағытқа 2,7 млрд. теӊге қаржы қаралып отыр.

Түркістан. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Түркістан облысы бойынша өткен жылы 134,5 мыӊ гектар мақта дақылы егіліп, 330,5 мыӊ тонна шитті мақта жиналған болатын. Ал ағымдағы жылы 132,7 мыӊ гектар егіліп, болжам бойынша әр гектарынан 25 центнерден 332 мыӊ тонна шитті мақта жинау жоспарлануда.

Ағымдағы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ 2018 жылғы 12 шілдедегі № 297 бұйрығына сәйкес, мақта өӊдеу кәсіпорындарына тапсырылған 1 тонна өніміне 10 мыӊ теӊге субсидия төлеу жоспарлануда. Бұл бағытқа 2,7 млрд. теӊге қаржы қаралып отыр.

Биылғы жылы көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 78,2 мыӊ тонна жанар-жағар май бөлініп, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген 38 мыӊ тонна жанармай толығымен тауар өндірушілерге босатылған. Ал күзгі дала жұмыстарына бөлінген 40,2 мыӊ тонна жанар-жағар майдыӊ қаржысы толық төленіп, бүгінгі таӊға 19,5 мыӊ тоннасы тауар өндірушілерге босатылды. Жанар-жағар майдыӊ ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне берілген бағасы ішкі нарықтағы бағадан 20 теӊге арзан.

Облыс бойынша жиналған шитті мақтаны алғашқы өӊдеуден өткізетін 23 лицензияланған мақта өӊдеу кәсіпорындарыныӊ 304 мақта қабылдау бекеттері бар. Негізінен өӊделген мақта талшығыныӊ 85-90 пайызы Ресей, Беларусия, Латвия, Литва мен Қытай сынды елдеріне экспортталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны