19.09.2018, 17:00 4996

Түркістан облысында 76,8 мыӊ тонна жеміс-жидек жиналды

Ағымдағы жылы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ тапсырмасына сәйкес, қосымша 0,94 мыӊ гектар қарқынды бау, 0,57 мыӊ гектар жүзім, 0,207 мыӊ гектар жаӊғақ егілді. Жалпы облыс бойынша қарқынды баудыӊ көлемі - 3,7 мыӊ гектарды құрайды.

Түркістан. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Түркістан облысы климаттық жағдайы жеміс-жидек пен жүзім шаруашылығын дамытуға еӊ қолайлы өӊір. Облыста жеміс-жидек дақылдары мен жүзімніӊ барлық егіс көлемі - 30 мыӊ гектарды алып жатыр. Оныӊ ішінде жеміс - 19,5 мыӊ гектар, жүзім - 10,5 мыӊ гектар құрайды.

Ағымдағы жылы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ тапсырмасына сәйкес, қосымша 0,94 мыӊ гектар қарқынды бау, 0,57 мыӊ гектар жүзім, 0,207 мыӊ гектар жаӊғақ егілді. Жалпы облыс бойынша қарқынды баудыӊ көлемі - 3,7 мыӊ гектарды құрайды.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылы 85 мыӊ тонна жеміс-жидек және 70 мыӊ тонна жүзім жинау жоспарланып, бүгінгі таӊға 76,8 мыӊ тонна жеміс-жидек пен 22,6 мыӊ тонна жүзім жиналды. Жинау жұмыстары әлі де жалғасуда. Жиналған өнімдер негізінен республиканыӊ аймақтары мен көрші мемлекеттерге жөнелтілуде.

Жалпы, бау шаруашылығынан түсетін табыс мақта шаруашылығымен салыстырғанда 2,5 есе, ал бақша шаруашылығымен салыстырғанда 2 есе артық болатындықтан бау шаруашылығын өркендету ісі облыста қарқын алып, алдағы уақытта қарқынды баудыӊ егіс көлемін 10 мыӊ гектарға ұлғайту жоспарлануда.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны