11.01.2019, 15:26 6532

Түркістан облысында жалпы құны 240 млрд. теӊге болатын 5 ірі инвестор сүйемелдеуге алынды

Аталған жоба аясында инвесторлар сыбайлас жемқорлық фактілерініӊ кез-келген көріністеріне жол бермеуге, қандай да бір заӊсыз факт туындайтын болса, тікелей Агенттікке және оныӊ аумақтық Департаменттеріне баяндау туралы келісімге қол қойылады. Өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган келісімге қол қойған инвесторларды заӊда белгіленген құзыреттерді және өз ресурстарын пайдалана отырып 100 пайыз сыбайлас жемқорлық фактілерінен 24/7 принципі негізінде, яғни кез келген уақытта қолдап, қорғайтын болады

Түркістан. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ел экономикасына инвестиция құю процесін оӊтайландыру мақсатында, сондай-ақ инвесторларды қағазбастылықтан және сыбайлас жемқорлық фактілерінен сақтау үшін "Protecting Business and Investments" жобасын іске асыруда. Бұл жоба Агенттік пен Сыртқы істер, Инвестициялар және даму министрліктерімен өзара ынтымақтастық меморандумы негізінде жұмыс істеуде. Жобаныӊ басты мақсаты - бизнесті қорғау, бизнес-климатты жақсарту және мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оӊтайландыру рәсімдерін барынша жеӊілдету. Бұл туралы Түркістан облыстық Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігініӊ Түркістан облысы бойынша департамент басшысыныӊ орынбасары, Идеп жөніндегі Кеӊес хатшылығыныӊ меӊгерушісі Ғанижан Асанұлы мәлімдеді.

"Түркістан облысында Департамент тарапынан бүгінгі таӊда жалпы құны 240 млрд. теӊге болатын 5 ірі инвесторлар сүйемелдеуге алынып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Аталған жоба аясында инвесторлар сыбайлас жемқорлық фактілерініӊ кез-келген көріністеріне жол бермеуге, қандай да бір заӊсыз факт туындайтын болса, тікелей Агенттікке және оныӊ аумақтық Департаменттеріне баяндау туралы келісімге қол қойылады. Өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган келісімге қол қойған инвесторларды заӊда белгіленген құзыреттерді және өз ресурстарын пайдалана отырып 100 пайыз сыбайлас жемқорлық фактілерінен 24/7 принципі негізінде, яғни кез келген уақытта қолдап, қорғайтын болады", - деді Ғани Асанұлы.

Жиын соӊында Департамент басшысыныӊ орынбасары БАҚ құралдарыныӊ бірқатар сұрақтарына жауап беріп, отандық және шетелдік кәсіпкерлерге өӊірімізде қолайлы орта қалыптастыру үшін барлық жағдай жасалып, әкімшілік кедергілер болмау қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны