01.04.2024, 13:21 46736

Жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу шегі бұрынғы деңгейде белгіленді

Жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу шегі бұрынғы деңгейде белгіленді
Сурет: Depositphotos
Жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің ұлғайтылған шегі бойынша ЕЭК Кеңесінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 94 шешімінің қолданылу мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.

Еске салса кетейік, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 94 шешімі Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 "Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы" шешімімен көзделген жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің ұлғайтылған шегінің қолданысын ұзартқан болатын.

Осыған орай, 2024 жылғы 1 сәуірден бастап бажсыз әкелу шегі өзінің бұрынғы деңгейіне оралды, яғни:

- алып жүретін немесе алып жүрмейтін багажда әуе немесе жаяу тәртіптен басқа көлік түрлерімен әкелінетін тауарлар үшін - құны 500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 25 кг аспайды;

- тасымалдаушы жеткізетін немесе халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жөнелтілетін тауарлар үшін-құны 200 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) брутто салмағы 31 кг аспайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны