18.04.2024, 16:43 49396

Абай облысының Ақсуат ауданында 2 ер адам құтқарылды

Абай облысының Ақсуат ауданында 2 ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Кеше кешкі сағат 9-да «112» пультіне Тебіске өзенінде жүк көлігі кептеліп қалғаны, 4 ересек адам мен 1 баланы эвакуациялау қажет екендігі туралы хабарлама түсті.


Оқиға орнына түнде келген құтқарушылар кептеліп қалған көлікті өзеннен сүйреп шығарды. Айта кету керек, көлікте 1964 және 1974 жылы туған 2 ер адам болған.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында азаматтар құтқарылып, Ақсуат ауылына аман-есен жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаж болмады", деп көрсетілген хабарламада.

 



 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны