26.01.2023, 14:23 38826
Астанада сот ҰҚК қызметкерлерін азаптау ісі бойынша қамауға алуға санкция берді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді
Астана. 26 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Астанадағы тергеу изоляторында тұтқындарды азаптады деген күдікке ілінген ҰҚҚ қызметкерлері екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметі.
Астана қаласы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 25 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті подполковник Еркін Аманов, майор Хамит Абдуғали, ҰҚҚ Шекара қызметінің қызметкері, капитан К.Б.Сартаевтқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын бекітті.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері ҚР ҚП кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.05.2024, 14:03 14501
Алматы облысындағы Шарын каньонының маңында туристер мінген автобус аударылды
Достарға айту
2024 жылдың 27 мамырында сағат 10:20-да Алматы облысы, Кеген ауданы, Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумақта туристер мінген автобуспен жол апаты орын алды, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі.
Алдын ала ақпарат бойынша, автобус "Қазавтожол" желісіне жататын күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты.
Автобуста 37 адам болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді.
Орын алған жол апаты бойынша адам шығыны тіркелмеген.
Оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз, тергеу жүріп жатыр.
Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, туристер дәрігерлердің бақылауында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2024, 13:16 14781
Ақмола облысында темір жолда тұз қышқылы төгілді
Достарға айту
Ақмола облысында темір жолда тұз қышқылы төгілді, деп хабарлайды 24KZ.
Оқыс оқиға Аршалы ауданының Сарыоба стансысында болған. Зиянды зат жүк цистерналардың біріндегі жарықтан аққан. Оқиға орнында облыстық және аудандық штаб құрылды. Қауіпті жүгі бар цистерна негізгі құрамнан ажыратылды. Құтқарушылар төгілген тұз қышқылын жойды.
3 адам эвакуацияланды. Ақмола облысы және Астана қаласы Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары зиянды заттың ағуын тоқтатты. Қазіргі уақытта адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.05.2024, 20:46 19881
Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған кортеж қатысушыларын ұсталды
Достарға айту
Он алты әкімшілік хаттама: полиция кортеждің барлық қатысушыларын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған кортеж қатысушыларын ұстады және барлық автокөліктер арнайы тұраққа тоғытылды.
Қарсы бағытқа шығуы, жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды тасымалдау және қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану талаптарын сақтамағаны, маневр жасау қағидаларын бұзғаны және авариялық жағдай жасағаны үшін хаттамалар толтырылды.
Көлік құралдарында жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау жөніндегі талаптарды бұзған кәмелетке толмаған жолаушылардың ата-аналарына олардың балаларын күтіп-бағу, тәрбиелеу, оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік шаралар қабылданды.
Бұған дейін ІІМ кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен туыстарына оқу жылы кезінде және одан кейін заңнаманы қатаң сақтау, сондай-ақ, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі туралы үндеу жасаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.05.2024, 20:42 20091
Алматы облысының тауларында жас туристер құтқарылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ТЖМ қызметкерлері Украина азаматын құтқарды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Алматы облысында осы түнде жоғалып өздері 112 нөміріне хабарласқан туристерге құтқарушылар көмек көрсету үшін тауға аттанды.
Ауа райына қарамастан, РЖҚЖ құтқарушылары 88 шақырымнан астам жүріп өтіп, Талғар ауданының Бутаков шатқалына келді. Жаяу олар Лесная асуына қарай көтеріле бастап, онда Украина азаматы болып табылатын адасқан ер мен әйел адамды тапты. Жастарға жылы киім мен шай берілді, содан кейін оларға қауіпсіз жерге түсуге көмектесті.
Туристерге медициналық көмек қажет болмады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.05.2024, 19:52 29451
Атырау облысында тағы бір бөгет бұзылды
Бөгеттің биіктігі Балтық биіктік жүйесінің деңгейіне сәйкес ұлғайтылды
Достарға айту
Бүгінгі күні судың көптігі мен қатты желдің салдарынан Соколок каналы бойындағы бөгет бұзылды, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабынан.
Соколок" каналы Атырау қаласына бағытталған үлкен су нөпірін Жайық өзені арқылы реттеудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты, канал бойындағы алғашқы қорғаныс нысанына қосымша, қаланы тасқын сулардан қорғауға арналған екінші қорғаныс нысаны салынғанын атап өткеніміз жөн. Екінші қорғаныс бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету мақсатында, қосымша нығайту жұмыстары жүргізілді.
Бөгеттің биіктігі Балтық биіктік жүйесінің деңгейіне сәйкес ұлғайтылды. Бұл учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып отыр. Қазіргі уақытта жағдайдың өзгеруіне байланысты қажетті шешімдер алу үшін қосымша техникалар жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.05.2024, 11:53 36331
Атырау облысының Махамбет ауданында бөгет бұзылды: тұрғындар эвакуациялануда
Достарға айту
Махамбет ауданындағы Жалғансай ауылында халықты толық эвакуациялау басталды, сирена қосылды, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабынан.
Махамбет ауданы, Жалғансай ауылында түн ортасына жақын тұрғызылған бөгет бұзылды.
Қазіргі уақытта ауылдық медициналық пункттің су басу қаупі бар.
Сағат 01.20-да ескерту сирена қосылды. Ауыл тұрғындарын мектеп ғимаратына, сондай-ақ аудан орталығына эвакуациялау басталды.
Жағдайды тұрақтандыру үшін аудан орталығынан қосымша күштер тартылды. Қазіргі уақытта қауіпті жою үшін 15 бірлік техника мен ҚМ жеке құрамының 50 сарбазы жұмылдырылды. Төтенше жағдай орнында облыс әкімі барды.
Айта кетейік, Жалғансай ауылы Махамбет ауылының аудан орталығынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Жалғансай ауылының халқы-1286 адам. Үйлердің саны - 237.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2024, 10:20 41391
Астанада 7-сынып оқушысы 5 жасар баланы өлімнен құтқарып қалды
Достарға айту
Астанада 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов ерлік жасап, бес жасар баланы өлімнен құтқарып қалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде №31 мектеп-гимназиясының 7Д сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы оқиғаның алдын алды.
20 мамырда Ақан үйдің ауласында ойнап жүргенде балалар оған жүгініп, 4-қабаттың балкон қоршауына ілініп тұрған баланы байқағанын айтқан.
Ол бірден кіреберіске жүгіріп барып, 4-қабатқа жетіп, бес жасар баланы аман алып қалды.
Көпбалалы отбасынан шыққан Ақан егер қажет болса, алдағы уақытта оның іні-қарындастарына да көмектеседі деп үміттенетінін айтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.05.2024, 11:41 50016
Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см көтерілді
Достарға айту
Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см-ге көтерілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, трансшекаралық Іле өзенінен көлге су жіберу іс-шаралары жалғасып жатыр.
Осыған дейін су деңгейі 15 см-ге артып, 1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 182 см-ге көтерілді.
Осылайша, жыл басынан бері Балқаштағы су деңгейі 23 см-ге көтерілді.
Балқаш көліндегі су деңгейін анықтау үшін 4 гидробекетте: Сарышаған, Қарақұм, Балқаш және Мыңарал бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар, БҚО-ның Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су барды, Каспий теңізіне тағы 200 млн текше метр су жіберілді, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының ауылшаруашылық алқаптарына су жіберу жалғасып жатыр", - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
29.05.2024, 13:06Үкімет ауылдық елді мекендерде медициналық мекемелер салу және жаңғырту үшін шамамен 40 млрд теңге бөлді 29.05.2024, 13:50 9461Адам өлтіргені үшін күдікті Ресейден экстрадицияланды29.05.2024, 13:59 9271Қазақстан мен Өзбекстан арасында зиярат туризмі қарқынды дамып келеді29.05.2024, 14:07 9076Алакөладегі үш арал туристер үшін жабылады29.05.2024, 12:55 4976Қазақстанда энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясы нарығының құрылымынан шығарылады
23.05.2024, 12:53 116041Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді23.05.2024, 12:26 111861АШМ 2,5 млн га алқапта табын шегіртке зиянкестері таралады деп болжап отыр23.05.2024, 16:48 110806Білім беру мекемелеріндегі бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары мен турникеттер орнату жөніндегі жұмыстардың орындалуы үкіметтің назарында24.05.2024, 20:23 88726"E-Petition.kz" ресми порталында жарияланған қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты петицияны қарауға қажетті қол жиналды24.05.2024, 20:17 88531Су тасқынынан кейін 356 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды
02.05.2024, 16:37 124686Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті02.05.2024, 16:34 120991Елімізде қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары талқыланды02.05.2024, 12:14 120746Сенат жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беретін заң нормасын мақұлдады02.05.2024, 15:49 118176Туризм және спорт министрі Алматының туристік әлеуетімен танысты02.05.2024, 16:15 117971"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд. теңге сомасы қайтарылады