25.11.2021, 16:59 61351

Мемлекетке 3 млрд теңге шығын келді: Шымкентте екі қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды

Мемлекетке 3 млрд теңге шығын келді: Шымкентте екі қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды
Сурет: Бейнеден кадр
ШЫМКЕНТ. 25 ҚАРАША - Шымкентте мемлекетке 3 млрд теңге шығын келтірген екі қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысатын екі қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. 8 адамнан тұратын қылмыстық топтардың бірі 2018-2020 жылдар аралығында контрагент кәсіпорындарға материалдық сыйақы үшін жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берумен айналысқан", - деп хабарлады ҚМА.



Қылмыстық схеманың негізгі ұйымдастырушысының үйінде құжаттары мен мөрлері табылған 16 шаруашылық жүргізуші субъектіге осы ҰҚТ-ның қатысы бар екендігі анықталды.
 
Екінші қылмыстық топ бір күндік 21 компанияның атынан тауарлар мен қызметтерді жеткізуге ұқсас жалған мәмілелер жасасқан. Бұл ретте, шарттар бойынша жұмыс көлемі іс жүзінде орындалмаған.
 
Нәтижесінде мемлекетке 3,1 млрд. теңге сомасына салық төленген жоқ.
 
Қазіргі уақытта қылмыстық істер сотта қаралуда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны