19.04.2024, 10:39 77581

Су тасқыны салдарынан эвакуацияланғандар саны 118 мыңнан асты

20 мыңға жуық адам үйлеріне оралды
Су тасқыны салдарынан эвакуацияланғандар саны 118 мыңнан асты
Сурет: ТЖМ
Жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 19 715 адам өз үйлеріне оралды. Жедел шаралармен ТЖ аймақтарынан тұрғындар мен жануарларды эвакуациялау алдын ала жүргізілді. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 118 180 адам, оның ішінде 44 254 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 113 852 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

8 821 адам, оның ішінде 3 885 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 370 тұрғын үй мен 2 737 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,4 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 989 жеке тұрғын үй, 1 091 аула аумағы су астында қалуда.

ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының психологтары су тасқыны қаупі бар өңірлердің тұрғындарына шұғыл психологиялық және ақпараттық көмек көрсету мақсатында тәулік бойы кезекшілікті атқаруда. Жедел желі телефонына 1 971 қоңырау түсті.

Зардап шеккен өңірлерге теміржол, автомобиль көліктерімен және әуе кемелерімен 4 529 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Су жүрген 60 автожол, су шайған 63 автожол, оның ішінде 10 көпір және 53 жол төсемі бақылауда қалуда. 44 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды, оларға қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорлары құрылды.

Ақмола облысында қардың қарқынды еруіне және Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты Есіл ауданының Двуречное ауылында 10 жеке тұрғын үй су астында қалды. 47 адам алдын ала эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды.

Ақтөбе облысында Ырғыз ауданының Құйлыс ауылынан Ырғыз ауылына әуе кемелерімен алдын ала 25 адам уақытша орналастыру пунктіне эвакуацияланды. Белшер және Мамыр ауылдарына 500 литр жанар-жағармай және 2 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Құйлыс ауылында Торғай өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда.

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында, Кожевенный кентінде 348 жеке тұрғын үйді, сондай-ақ 3031 саяжай құрылысы су астында қалды. Тұрғындар алдын ала эвакуацияланды. Есіл өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. ТЖД және ЖАО қызметтері Петропавл қаласының және облыс аудандарының эвакуациялық пункттерінде орналасқан тұрғындарға психологиялық көмек көрсетуде.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға азаматтық қорғау қызметтерінен 44 137 адам, 4 642 техника, 858 су сору құралы, 341 жүзу құралы, 12 әуе кемесі жұмылдырылды, сондай-ақ волонтерлер де белсенді қатысуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны