20.05.2024, 11:30 5841

БАҚ Иран президентінің тікұшақ апатынан қаза тапқаны туралы хабарлады

Тікұшақ құлаған аймақтың жергілікті ақпарат көздері президент пен оның серіктерінің қаза тапқанын растады
19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып апатқа ұшыраған Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті Аятолла Сейед Ибрахим Раиси қасындағы ресми тұлғалармен бірге қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Иранның Irna агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Тікұшақ құлаған аймақтың жергілікті ақпарат көздері президент пен оның серіктерінің қаза тапқанын растады.

Тікұшақ бортында Жоғарғы Көшбасшының өкілі және Тебриз жұма намазының имамы, Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, Шығыс Әзербайжан губернаторы Малек Рахмати, Президенттік қауіпсіздік бөлімшесінің қолбасшысы генерал Сейед Махди Мусави және тікұшақтың басқа да экипаж мүшелері болды.

Осыған байланысты Ислам республикасының үкіметі жақын арада тиісті мәлімдеме жасайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны