17.01.2024, 13:20 29561

Бішкек маңында Ми-8 әскери тікұшағы құлады

Экипаждың жағдайы әлі белгісіз
Бішкек маңында Ми-8 әскери тікұшағы құлады, деп хабарлайды Kazinform Қырғызстанның Kabar агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 10:55-те "Фрунзе-1" әуе базасында Ми-8 әскери тікұшағы құлады. Борт 203. Экипаждың жағдайы әлі белгісіз", - делінген хабарламада.


Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің агенттігіне хабарлағандай, Қырғызстан Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағы оқу-жаттығу барысында қонуға мәжбүр болған. Зардап шеккендер бар.

Қорғаныс министрлігінің және әуе қорғаныс күштерінің басшылығы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Тергеу нәтижелері туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатын болады", - деп атап өтті ведомстводан.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны