07.02.2024, 16:01 22116

Чилидегі өрттен қаза тапқандар саны 131-ге жетті

Өткен аптаның соңында Чилиде болған орман өрті салдарынан кем дегенде 131 адам қаза тауып, 100-ге тарта адам із-түзсіз жоғалып кетті. Әзірге 35 адамның мәйіті табылған, деп хабарлайды Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Өрттен қатты зардап шеккен аудандарға жақын орналасқан Вальпараисо қаласында жақындарын іздеп жүргендерге психологиялық қолдау көрсетіліп, ДНҚ тестілеуі жүргізіліп жатыр. Алайда бұл процесс табылған денелердің қатты күйіп кетуіне байланысты ұзаққа созылуда.

Бұл - 500-ден астам адамның өмірін қиған 2010 жылғы жер сілкінісі мен цунамиден кейінгі елде болған ең ауыр табиғи апат. Президент Габриэль Борич сейсенбі күні аймаққа барып, зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілетінін айтты.

Бұған дейін Чилидің Вальпараисо аймағындағы орман өртінен қаза тапқандар саны 100 адамнан асқаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны