24.03.2024, 21:26 10736

Мәскеудегі "Крокуста" болған лаңкестіктен зардап шеккендер саны 152-ге жетті

Мәскеудегі "Крокуста" болған лаңкестіктен зардап шеккендер саны 152-ге жетті
Сурет: Alexander Zemlianichenko Jr/Xinhua
РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәскеу облысы бойынша штаб-пәтерінің жаңартылған мәліметтері бойынша "Крокус сити холлдағы" теракт салдарынан зардап шеккендер саны 152-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС сілтеме жасай отырып.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 147 адам зардап шеккенін хабарлаған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Түнде жұмысқа ауыр техникалар қосылды.

Еске сала кетсек, 22-ші наурыз күні Мәскеудің солтүстік-батысындағы "Crocus City Hall" концерт залында атыс болып, камуфляж киген адамдар бебіт тұрғындарға оқ жаудырған.

Ресейде 24 наурыз Жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жарияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны