Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
23 қыркүйек 2018
  • 15
  • :
  • 01
17:00

Азамат Қазақстан Республикасыныӊ азаматтығынан шыққан кезде жерді қайта тіркеуі қажет12.07.2018
Государство  19:13
Астана. 12 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Жер кодексініӊ 23 бабына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскесiнiӊ меншiк иесi болып табылатын азамат Қазақстан Республикасыныӊ азаматтығынан шыққан кезде меншiк құқығы иелiктен алынуға немесе ҚР Жер кодексініӊ 66 бабыныӊ нормаларына сәйкес қайта ресiмделуге тиiс, деп хабарлайды Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасыныӊ шекаралық аймағында орналасқан жер учаскелері шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасыныӊ азаматтарына, сондай-ақ шетелдік заӊды тұлғаларға және шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасыныӊ заӊды тұлғаларына меншік құқығымен тиесілі болмайды.

Қазақстан Республикасыныӊ азаматтары шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен неке қиған (ерлі-зайыпты болған) кезде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасыныӊ шекаралық аймағында және шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелеріне меншік құқығы ҚР Жер кодексініӊ 66 бабыныӊ нормаларына сәйкес қайта ресімделуге немесе иеліктен шығарылуға жатады.

ҚР Жер кодексініӊ 66 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасыныӊ заӊ актiлерiнде көзделген негiздер бойынша тұлға жер учаскесiне ҚР Жер кодексініӊ белгiленген нормаларға сәйкес оған (тұлғаға) тиесiлi болмайтын құқықты алатын жағдайларда, аталған құқық Қазақстан Республикасыныӊ азаматтық заӊдарында белгiленген ережелер бойынша үш ай iшiнде иелiктен шығарылуға тиiс немесе аталған мерзiмде ҚР Жер кодекске сәйкес жерге сондай субъектiге тиесiлi болатын құқық етiп қайта ресiмделуге тиiс.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда, жергілікті атқарушы органы (Әкімдік) жер учаскесін орналасқаны жер бойынша қайтару туралы талап-арыз береді.
Просмотров: 1245

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter