Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
20 тамыз 2018
  • 05
  • :
  • 15
17:00

Маӊғыстау облысы әкімдігі мен "Қазақтелеком" АҚ цифрландыру саласындағы әрекеттестік туралы "Жол картасына" қол қойды12.07.2018
Государство  19:29
Ақтау. 12 шілде. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысы әкіміЕралы Тоғжанов пен"Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Маӊғыстау облысында "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша "Жол картасына" қол қойды.

Қол қойылған құжаттыӊ негізгі бағыттарыныӊ бірі ауылдық елді мекендерде халықтыӊ ғаламдық интернет желісіне жоғары жылдамдықта қатынауы арқылы ел экономикасыныӊ барлық саласын цифрландыру қызметтері сервистерініӊ бірыӊғай деӊгейін қамтамасыз ететін инфокоммуникациялық инфрақұрылымды жаӊғыртуға қатысу және серіктес болу болып табылады.

Бүгінгі күнде облыстыӊ 61 ауылыныӊ 34-і талшықты-оптикаға қосылған. Жол картасына сәйкес 2018-2019 жылдар аралығында 16 ауылға, оныӊ ішінде МЖС жобасы бойынша 6 ауылға ТОБЖ салу жоспарланып отыр. Сонымен бірге осы ауылдық елді мекендерде LTE 800 технологиясы бойынша 4G жаӊа буыныныӊ сымсыз қатынау желісін салу жоспарланды. Талшықты-оптикалық желіні кеӊейту барлық ауыл тұрғындарын цифрлық қызметтермен, КЖҚ және ұтқыр байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерді бірыӊғай корпоративтік желіге біріктіріп, "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасыныӊ мақсатты көрсеткіштерін орындауға мүмкіндік береді.

Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов: "Бірлескен іс-шаралармен шешілетін өзекті міндеттердіӊ бірі облыстыӊ барлық білім беру және денсаулық сақтау нысандарыныӊ интернет желісіне жоғары жылдамдықта қатынауын қамтамасыз ету болып табылады.

Бүгінгі күнде мектептердіӊ тек қана 55%-ы мен медициналық мекемелердіӊ 8%-ы 10 Мбит/с астам жылдамдықпен жұмыс істейтін жоғары жылдамдықтағы интернетті пайдаланады. 2018 жылдыӊ соӊына дейін Маӊғыстау облысыныӊ барлық 134 мектебі мен 111 медициналық мекемесін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл өз кезегінде білім беру және денсаулық сақтау саласында цифрландыру жобаларын жүзеге асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді"- деді.

Сонымен қатар Маӊғыстауда "Smart Sity" пилоттық жобасы жүзеге асырылады. Бұл бағытта "Қазақтелеком" АҚ ағымдағы жылы Ақтау қаласы мен Жаӊаөзен қаласында 250 үйге 1650 бейнекамера орнатып, көп қабатты тұрғын үй секторыныӊ 62 мыӊнан астам тұрғынын "Бұлтты бейнебақылау" қызметіне қатынауын қамтамасыз етеді.

"Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев:"Бүгінгі күнде өӊірде жүзеге асырылатын маӊызды жобалардыӊ бірі - Бейнеу және Қарақияқ аудандарын цифрлы қызметтермен қамтамасыз ететін "Цифрлы аудандар" жобасы болып табылады. Біздіӊ тарапымыздан бұл жобаны жүзеге асыру үшін интернет желісіне кеӊжолақты қатынау қызметтерініӊ деӊгейін 100 үйге шаққанда республикалық орташа деӊгей 29%-дан 60%-ға дейін қамтамасыз етуге күш салуға бағытталатын болады"- деді.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі
Просмотров: 1244

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter