Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
23 қыркүйек 2018
  • 15
  • :
  • 13
17:00

Мемлекет басшысы Қарағанды облысыныӊ тұрғындырына алғыс білдірді12.07.2018
Государство  20:01
Қарағанды. 12 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қарағанды облысыныӊ тұрғындырына алғыс білдірді.

Хатта былай делінген:

"Құрметті ЕрланЖақанұлы!

Сізді және бүкіл Қарағанды облысыныӊ жұртшылығын Астананыӊ 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанныӊ символы саналатын бас қаламыздыӊ айтулы мерейтойы - барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.

Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еӊселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты.

"Өӊірлердіӊ Астанаға тартуы" жобасы аясында Қарағанды облысы да елордаға ерекше сый жасады.

Еліміз үшін "Қазақ еліне мыӊ алғыс" монументініӊ тарихи маӊызы зор.

Бұл монумент біздіӊ елге күштеп көшірілген халықтардыӊ қасіретті өмірінен сыр шертіп, қазақтардыӊ дархандығы мен адамгершілігін, көпұлтты қоғамымыздыӊ достығы мен бірлігін бейнелейді.

Елорданыӊ Ботаникалық бағындағы қарағандылықтар салған "Ұлытау" аллеясы қаланыӊ сәнін келтіріп, тұрғындардыӊ сүйікті демалыс орнына айналатын болады.

Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өӊір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Н. Назарбаев".
Просмотров: 1770

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter