25.04.2024, 14:38 17021

Қазақстан мен АҚШ азаматтарға виза беру рәсімін жеделдетуге ниетті

Вашингтонда екі елдің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен АҚШ Мемлекеттік департаменті арасында консулдық консультациялар өтті, деп хабарлайды Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Елшілігіның баспасөз қызметінен.

Қазақстандық делегацияны ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, америкалық делегацияны АҚШ Мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері бюросы Орталық Азия бойынша басқармасының директоры Брайан Стиммлер басқарды.

Келіссөздер барысында тараптар көптеген мәселелерді, соның ішінде азаматтардың өзара сапарларын жеңілдету, екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ҚР-дан асырап алынған балаларға бақылауды күшейту бойынша іс-қимылды талқылады. Көші-қон саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, ҚР азаматтарының АҚШ-қа заңсыз көші-қонының жолын кесу бойынша бірлескен шаралар белгіленді.

Консультацияларға қатысушылар туристік, іскерлік және мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал ететін екі елдің азаматтары үшін виза беру рәсімдерін оңайлату мен жеделдетудің маңыздылығын атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар тұрақты негізде консулдық мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және арттыруға дайындығын растады.

Сонымен қатар, сапар аясында қазақстандық делегация америкалық "Winrock International" ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізіп, оның барысында заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара іс-қимыл перспективаларын талқыланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны