10.01.2024, 16:46 33921

ҰҚШҰ тұрақты кеңесінің басшысы лауазымына Марат Сыздықов тағайындалды

ҰҚШҰ тұрақты кеңесінің басшысы лауазымына Марат Сыздықов тағайындалды
Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының тұрақты өкілі Марат Сыздықов ҰҚШҰ Тұрақты кеңесінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ҰҚШҰ Тұрақты кеңесінің отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform ұйымның ресми Telegram-каналына сілтеме жасай отырып.

Ұйым төрағалығының Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасына өтуіне байланысты төрағалықты Қазақстанның ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілі Марат Зенікенұлы Сыздықов қабылдады", - делінген хабарламада.


Марат Сыздықов 1966 жылы 27 сәуірде Ақмола облысы Щучинск қаласында дүниеге келген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны