29.02.2024, 14:10 36721
Қазақстан мектептерінде буллингке қарсы бағдарлама басталады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Биылдан бастап еліміз бойынша 2 миллионға жуық оқушы "ДосболLike: достық қолын соз" акциясына қосылды, деп хабарлайды ҚР Оқу ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Акция барысында 10 000-нан астам іс-шара өткізілді, онда әрбір оқушы өзін, өзінің даралығын, ішкі әлеуетін, шығармашылық қабілетін көрсете алды.
Акция қорытындысы бойынша республикада балалардың эмоциялық әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген "ДосболLike" антибуллингтік бағдарламасы басталады.
Бұл бағдарлама ағымдағы жылдың наурыз айында пилоттық режимде басталады. Сәтті апробациядан өткеннен кейін "ДосболLIKE" бағдарламасын бүкіл ел аумағында кеңейту жоспарлануда. Аталған бағдарлама қауіпсіз оқу ортасын құру үшін маңызды қадам, онда әрбір бала өзін қорғалған сезініп, өсіп-өркендей алады", - деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Бағдарлама студенттердің жанжалдарға сындарлы жауап беру дағдыларын қалыптастыруға, балалардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамытуға, тұлғааралық және топаралық қатынастарды оңтайландыруға, балалардың субъективті әл-ауқатының деңгейін арттыруға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.05.2024, 18:10 4106
Қазақстандағы балалар саны 6,8 млн құрайды
Достарға айту
Ресми болжамға сәйкес, 2027 жылға қарай елдегі балалар саны 8 млн ұлғаяды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова хабарлады.
Оның айтуынша, елімізде 7 мыңнан астам мектепте 3,8 млн бала білім алады.
"Осы саладағы негізгі мәселе орын тапшылығы, үш ауысымдылық және мектептердің апаттылығы болып отыр. Оны шешу үшін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы іске асырылуда. Жоба толық жүзеге асқан сәтте жоғарыда аталған мәселелер толық шешімін табады. Бұл шаралар балалардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған", - деді спикер ЛКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2024, 13:21 9371
229 мектепке дейінгі ұйым 2024 жылы реновациядан өтеді
Достарға айту
229 мектепке дейінгі ұйым 2024 жылы реновациядан өтеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгінде елімізде 11 346 мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымы бар. Биылғы жылы 229 мемлекеттік балабақшаны реновациядан өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың реновациясы балаларды тәрбиелеу мен оқыту жағдайын жақсартуға бағытталған. Өткен жылы 198 нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, компьютерлік техникасы жаңартылып, модернизациядан өткен болатын.
Біз балаларымыздың оқуы мен дамуы үшін жақсы жағдай жасауға тырысамыз. Мектепке дейінгі ұйымдардың реновациясы - бұл әр баланың болашағын жарқын, табысты етуге салынған инвестиция", - дейді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.
Бұдан басқа, елімізде жаңадан балабақшалар ашылып, желісі кеңеюде. Соңғы 3 жылда мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 801 нысанға көбейді. Ал соңғы бес жылда балабақшаларға кезектілік екі есеге кеміді, осылайша 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 91%-ды құрады. Осы жылы бұл көрсеткішті 92,5%-ға жеткізу көзделуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2024, 14:00 12856
Құрманова ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айзада Амангелдіқызы Құрманова мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.
1970 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын, Инновациялық Еуразия университетін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар облысы Май ауданы орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Әр жылдары оқу бөлімінің меңгерушісі, ОМ директоры болып жұмыс істеді.
2002-2007 жылдары - Екібастұз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы.
2007-2009 жылдары - Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары.
2009-2011 жылдары - Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының басшысы.
2011-2014 жылдары - Павлодар облысы Лебяжі ауданының әкімі.
2014-2016 жылдары - "Нұр Отан" партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2016-2020 жылдары VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2024, 12:23 13306
Еліміздің мектептеріне қазақ тілі бойынша емтихан басталды
Достарға айту
Бүгін еліміздің мектептерінде аралық және қорытынды емтихандар тапсыру кезеңі басталды. Емтихандар 11 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Биыл бірінші рет білім алушылардың оқу бағдарламаларын игеруін, оқу және жазу сауаттылығын айқындау мақсатында 5-8,10 сыныптар үшін 31 мамырға дейін қазақ тілінен емтихадар өтеді. Емтиханның нақты уақытын оқу орындары өздері белгілейді. Емтихан екі бөліктен тұрады: жазбаша және ауызша. Оқушылар эссе жазады, сондай-ақ, мәтінді оқу, әңгімелесу және мәтінді тыңдап түсіну бойынша өз шеберліктерін көрсетеді.
29 мамыр мен 10 маусым аралағында 9 сыныпты бітірушілер үшін қорытынды емтихандар өтеді, ал 11 сыныпты бітірушілер 28 мамыр - 11 маусым аралығында емтихан тапсырады.
Ақтөбе облысынан 9 мектеп, Атырау облысынан 20 мектеп және Солтүстік Қазақстан облысынан 5 мектеп оқушылары бұл өңірлерде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануына байланысты аралық және қорытынды аттестациялаудан босатылды", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Қорытынды аттестациядан барлығы 340 мыңнан астам 9 сыныпты бітірушілер, сондай-ақ биыл 11 сыныпты бітіруші 186 мың оқушы өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2024, 17:54 19681
Қазақстанның үш өңірінде оқушылар аралық және қорытынды емтихандардан босатылды
Олардың қатарында Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім алушылары бар
Достарға айту
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі 3,5 мыңнан астам оқушы аралық және қорытынды емтихан тапсырмайды. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хабарлады.
Олардың қатарында Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім алушылары бар. Олардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады.
Айта кету керек, 9-шы және 11-сыныптарды бітірушілер үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді.
Алғаш рет 5-8, 10 сынып оқушылары үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында қазақ тілінен аралық емтихандар өтеді. 2023-2024 оқу жылының аяқталуында "Білімім - Отаныма" бірыңғай сынып сағаты өтеді. 25 мамыр күні "Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбында мектеп бітірушілерге арналған іс-шара өтеді.
Аттестаттар тапсыру салтанаты 12-15 маусым аралығына белгіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.05.2024, 17:45 26916
Қазақстанда оқулықтар 100% цифрландырылды
Цифрлық оқулықтар елдің 13 баспасы ұсынған 11 платформада әзірленуде
Достарға айту
Бүгінгі таңда мектеп оқулықтарын цифрлық форматқа көшіру процесі 100%-ға орындалды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Барлық оқу материалдары мемлекеттік сараптамадан сәтті өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Цифрлық оқулықтар елдің 13 баспасы ұсынған 11 платформада әзірленуде.
Оқытудың инновациялық әдістерін енгізу үшін педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Мұғалімдер онлайн-ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын арттыра отырып, сабақтарда цифрлық технологияларды, онлайн-коммуникацияларды белсенді пайдаланады", - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.
Сонымен қатар робототехника, STEM, химия, физика және биология бойынша 1345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылдың соңына дейін еліміздің 20 өңіріндегі 1072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.05.2024, 11:32 32896
"Үздіктен үйрен" бейнежобасы аясында 46 бейнематериал жарияланды
Достарға айту
2023 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бастамасымен "Үздіктен үйрен" бейнежобасы жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жобаның барлық қатысушылары "Үздік педагог" республикалық байқауының жеңімпаздары болып табылады. Олар жобада өздерінің оқыту әдістемелерімен, іс-тәжірибелерімен бөліседі.
Қазіргі уақытта 46 бейнематериал жарияланды, биылғы жылдың соңына дейін тағы 20-дан астам түсірілім жүргізу жоспарлануда. Бейнематериалдарды BILIM 4.0 youtube-арнасынан көруге болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2024, 16:07 40771
Қазақстандық оқушылар Балқан түбегіндегі ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді
Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола бар
Достарға айту
Болгарияның Варна қаласында математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) аяқталды. Оған 22 елден 130-дан астам оқушы қатысты. Білім додасында біздің оқушыларымыз жалпы командалық үшінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола бар.
Жан Даутов - Қостанай қаласындағы "Білім-инновация" мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
Әмірлан Аманжолов - Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы;
Мирон Юркевич - Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;
Марғұлан Шарел - Тараз қаласындағы "Білім-инновация" мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
Тимур Мұрат - Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы;
Әмір Сахипов - Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы.
Жетекшілері - PhD докторы, профессор, KBTU-нің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры Асылбек Исахов және математикадан республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Қанат Сатылханов.
Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысуы - биылғы жылдың 11-24 шілде аралығында Ұлыбританияда өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
28.05.2024, 13:07Бектенов: Біз шикізатты емес жоғары өңделген тауарларды өндіруіміз қажет 28.05.2024, 12:33 59771Тоқаев әзербайжандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады28.05.2024, 12:11 59611Қазақстандағы су тасқыны: 30 мыңнан астам отбасы біржолғы төлем алды29.05.2024, 13:50 53191Адам өлтіргені үшін күдікті Ресейден экстрадицияланды29.05.2024, 13:59 53001Қазақстан мен Өзбекстан арасында зиярат туризмі қарқынды дамып келеді
02.05.2024, 16:37 124991Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті02.05.2024, 16:34 121301Елімізде қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары талқыланды02.05.2024, 12:14 121036Сенат жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беретін заң нормасын мақұлдады02.05.2024, 15:49 118466Туризм және спорт министрі Алматының туристік әлеуетімен танысты02.05.2024, 16:15 118266"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд. теңге сомасы қайтарылады