26.04.2024, 17:23 103686

Алматыда 27 сәуірде жаппай алма ағаштары отырғызылады

Алматыда 27 сәуірде жаппай алма ағаштары отырғызылады
«Алматы – бақ қала» акциясы аясында осы жылдың 27 сәуірінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының аясында жасыл желек егумен қатар, жаппай алма ағаштары отырғызылады. 7705 жасыл желек, оның ішінде 4015 жеміс (3855 алма ағашы) және 1090 жапырақты ағаш, 2600 бұта (сәнтал, ырғай, қабыржық, қаржеміс және т.б.) отырғызылады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

«Алматы - бақ қала» жалпықалалық акциясына қатысуға Алматының барлық тұрғыны мен қонағы шақырылады. Акция барысында шығармашылық байқаулар (таңертеңгілік жаттығу, би флешмобы, йога, викторина, шеберлік дәрісі және т.б.) өткізу көзделген.

Көшет егу жоспарланған негізгі орындар:

- ҮАК бойындағы көшенің солтүстігінде, Жаңа Сайын көшесінің шығысында орналасқан саябақ аумағында 500 жеміс ағашы (алма ағашы – 250 дана, өрік – 250 дана);

- «ALA» саябағының аумағында 2 270 алма көшеті;

- Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында 1000 жапырақты ағаш.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны