02.03.2023, 13:11 36341

Алматыда мектепті кеңейту үшін кафе аумағы сатып алынады

Қала тұрғыны кәуапханаға шағымданды
Алматы. 2 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда тұрғындардың өтініші бойынша Медеу ауданында орналасқан №29 мектепті кеңейту үшін оның жанындағы кәуапхана аумағы сатып алынбақ.

Қала әкімімен кездесуде Медеу ауданы тұрғындарының бірі Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан кәуапханаға шағымданды.

Қастеев пен Бегалин арасындағы кәуапхана біз үшін проблемаға айналды. Нақты айтар болсам, түтін, шу, айқай, үнемі ұрыс-керіс, көліктер, соның салдарынан үйге кіре алмаймыз. Тіпті, үйге кіру үшін полиция шақырамыз", - деді ол.


Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин мәселенің қалай шешілетінін айтты.

Ол мекенжайға бірнеше рет бардық. Сіз шағымданған бірінші "Чачапури" бойынша, сол маңда №29 мектеп орналасқан. Білім мекемесін кеңейту үшін бұл аумақты сатып алуды жоспарлап отырмыз. Жолдың арғы жағында екінші "Чачапури" ашылды. Бірақ, оның барлық құжаты заңды. Жалғыз нәрсе, кафенің артында орналасқан мангал көршілерге жақын тұр. Оған сүзгілерді қоямыз. Шуға қатысты мәселе үнемі біздің бақылауымызда", - деп түсіндірді аудан әкімі.


Ерболат Досаев №29 мектептің аумағын кеңейту шаралары көп ұзамай жүзеге асатынын жеткізді.

Аз қалды, аяқтаймыз. Жер учаскесін нарықтық бағамен сатып алуымыз керек. Мектепті кеңейтеміз, 2-3 айда мәселе шешіледі", - деді Алматы әкімі.


Бұған дейін Досаев Рысқұлов даңғылын тесуге арналған үйлерді бұзу туралы сұраққа жауап берген болатын.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны