06.05.2022, 17:09 49851

Магомед Адиев футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болды

Магомед Адиев футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болды
Сурет: kff.kz
НҰР-СҰЛТАН. 6 МАМЫР - Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына ресейлік маман Магомед Адиев тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан футбол федерациясында айтып өткендей, оның кандидатурасы Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен бекітілді.
 

Магомед Адиев бірнеше танымал футбол клубтарда ойнады: "Анжи", ЦСКА, "Спартак", "Терек" және қазақстандық "Жеңіс"", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастап, "Ахмат", "Анжи", "Чайка" командаларын жаттықтырды.
 
2021 жылы қарағандылық "Шахтер" футбол клубының бас бапкері қызметін атқарып, УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіне жетті. Сонымен қатар қарағандылық ұжымды Қазақстан Кубогының финалына шығарды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны