08.02.2022, 20:34 25921
Олимпиаданың төртінші күні: қазақстандық шаңғышылар 1/4 финалға шыға алмады
Сурет: Турар Казангапов, пресс-служба НОК Казахстана
Достарға айту
Қазақстандық шаңғышылар Виталий Пухкало мен Евгений Величко спринттен Олимпиада ойындарының ширек финалына өте алмады. Величко 62-ші, Пухкало 66-шы нәтиже тіркеді.
Еске сала кетейік, 1/4 айналымға алғашқы отыз орынға іліккен шаңғышылар өтеді.
Бейжің Олимпиадасында биатлоннан ерлер арасындағы жекелей сын аяқталды. Бұл сында Қазақстан атынан екі спортшы жарыс жолына шықты.
Владислав Киреев ату кезінде мүлт кетпей, 25-ші орын иеленді. Ал Александр Мухин атудан төрт рет қателесіп, 52-ші орынға табан тіреді.
Бұл бәсекеде Олимпиада чемпионы атағын француз Кентен Фийон Майе жеңіп алды. Күміс медаль Беларусь өкілі Антон Смольскийге, қола жүлде норвегиялық Йоханнес Бе еншісіне жазылды.
Сонымен қатар, Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында 1500 метрге конькимен жүгіруден ерлер арасындағы жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл сында Қазақстан атынан Дмитрий Морозов сынға түскен болатын. Ол жеңімпаздан 3.80 секундқа ұтылып, Олимпиаданы 18-ші орынмен аяқтады.
Аталған қашықтықта Олимпиада рекордын орнатқан нидерландылық Кьелд Нёйс жеңіске жетті. Күміс жүлдені оның отандасы Томас Крол иеленген. Ал қола жүлде Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Соктың еншісінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.05.2024, 17:58 2106
Қазақстан Париждегі Олимпиада ойындарына 55 лицензия жеңіп алды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Екатерина Шабалина Париж Олимпиадасы лицензиясының иегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгін триатлоннан Ұлттық құрама қоржынына Париж Олимпиадасының жолдамасы түсті. Халықаралық федерация Азия құрлығында қалған жалғыз квотаға Екатерина Шабалинаның ие болғанын растады.
Қазақстандық атлет бұл мүмкіндікке New Flag санатында қол жеткізді. Мұнда әлем рейтингінде 180-орынға дейін кіретін спортшылардың жинаған ұпайлары бөлек есептеліп, түзіледі. Екатерина Гонконг өкілі Бэйли Браунды артта қалдырды.
Ерлер арасында осы санатта Аян Бейсенбаевта мүмкіндік болған. Алайда ол шешуші рейтингте Гонконг спортшысы Лонгтан 31,84 ұпай қалып кетті.
Қазір Қазақстан делегациясында 52 спортшы қол жеткізген 55 жолдама бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2024, 13:25 5761
Елордада паралимпиадалық боччадан ел чемпионаты өтіп жатыр
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Елордада паралимпиадалық боччадан ел чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында боччадан жыл сайынғы ел чемпионатының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев, ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысты. Ел біріншілігінде жекелей сыннан бөлек, алғаш рет командалық және жұптық сайыстарда жеңімпаздар анықталады.
Чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тілеген Мәулен Әшімбаев боччадан ұлттық құрама мүшелерін таяуда Финляндияда өткен беделді халықаралық жарыста жеңіп алған жүлделерімен құттықтады.
Жақында Финляндияда өткен жарыста ұлттық құрамамыздың мүшелері Қуаныш Асқарбеков, Итиана Шыңғысханова және Александр Құрмантаев алғаш рет қола медаль жеңіп алды. Бұл жыл өткен сайын спортшыларымыздың кәсіби деңгейі өсіп келе жатқанын көрсетеді. Шеберліктері шыңдалып, өздеріне деген сенімділіктері және ірі жеңістерге деген құлшынысы артып келеді. Аз уақыттың ішінде бұл спорттан жарық жұлдыздарымыздың шыққанына және әр жарыс сайын қатысушылардың қатары көбейіп келе жатқанына қуаныштымын. Біз баршаңызды мақтан тұтамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанда инклюзияны дамытуға үнемі баса мән беріп келеді. Біздің жетістіктеріміз - осындай қолдаудың және үлкен команданың бірлескен жұмысының нәтижесі", - деді Мәулен Әшімбаев.
Бұл спорттық іс-шара - еліміздегі балалар, жастар мен ересектер арасындағы бірегей жоба. Министрлік мүмкіндігі шектеулі жандарға дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасалған. Кейінгі жылдары елімізде бочча қарқынды дамып келе жатыр. Бүгінде боччамен еліміздің 17 өңірінде 200-ден астам адам айналысады", - деді Ермек Маржықпаев.
Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында 26 спортшы бар. Ел спортшылары жыл соңына дейін Польша мен Бахрейнде өтетін екі халықаралық рейтингтік жарысқа қатысуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Финляндияның Лахти қаласында өткен сайыста Қуаныш Асқарбеков жекелей сында қола медаль олжалады. Сондай-ақ командалық жарыста да Қуаныш Асқарбеков, Итиана Шыңғысханова және Александр Құрмантаев үздік үштіктен көрінді. Одан бөлек, жекелей сында Итиана Шыңғысханова - төртінші, Меруерт Тілебалды - бесінші, Балжан Бөлекпаева - алтыншы және Темірлан Алтынсары сегізінші орын алғанын атап өткен жөн.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2024, 17:30 22506
Конкурдан әлем кубогы: елордалық Ержан Мағжаев күміс жүлдегер атанды
Достарға айту
Конкурдан Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында конкурдан өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде командалық маршрутта отандастарымыз күміс жүлдеге қол жеткізді. Командалық маршрут саналатын Ұлттар кубогы сапында Астана қаласының шабандозы Ержан Мағжаев өнер көрсетті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бұл сында Өзбекстан командасы жеңімпаз атанса, Қырғызстаннан барған шабандоздар үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, әлем кубогы кезеңінде 11 елдің спортшылары бақ сынауда. Байрақты бәсеке 5 мамырға дейін жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.04.2024, 16:34 32461
Алматы жартылай марафоны 21 сәуірде өтеді
Биыл жартылай марафон жетінші рет өтеді
Достарға айту
2024 жылы 21 сәуірінде Алматы жартылай марафоны өтеді. 8 мыңнан астам қатысушы әл-Фараби даңғылындағы Тұңғыш Президент саябағынан бастап Орталық стадионға дейін жүгіреді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Биыл жартылай марафон жетінші рет өтеді. Оның аясында зияткерлік дамуы бұзылған спортшылар арасында жүгіру бойынша әлем чемпионаты өтеді, оған 8 елдің спортшылары қатысады.
2024 жылы 4 қашықтық ұсынылады: 21,1 км (жартылай марафон), 10 км, 10 км (скандинавиялық жүріс) және Экиден командалық эстафетасы.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатыса алады. Жарыстың қалған қашықтығына 15 жастан бастап қатысуға болады.
Іс-шараның өткізілуіне байланысты 21 сәуірде сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін жарыс өтетін жердегі жолдар ішінара жабылады.
Жолды жабу жоспары:
Сөре Тұңғыш Президент саябағында таңғы 7:00-де басталады. Мұстафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі әл-Фараби даңғылының солтүстік жағындағы жол учаскесіндегі қозғалыс 21 сәуір сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 6:45-тен 09:10-ға дейін жабылады. Оңтүстік жағындағы қозғалысқа шектеу жоқ.
Сейфуллин даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 7:10-нан 08: 30-ға дейін толығымен жабылады.
Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сайын көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 8:10-нан 10:40-қа дейін жабылады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық.
Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 7:20-дан 09:00-ге дейін жабылады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық.
Сайын көшесінің шығыс жағымен әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 08: 00-ден 09:40-қа дейін жабылады. Батыс жағында көлік қозғалысына рұқсат.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.03.2024, 21:14 39731
Қазақстандық гимнаст батуттық гимнастикадан Париждегі Олимпиадаға тағы бір жолдаманы жеңіп алды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстандық гимнаст батуттық гимнастикадан Париждегі Олимпиадаға тағы бір жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Батуттық гимнастикадан әлем кубогының 5 кезеңінің қорытындысы бойынша, 25 жастағы Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
2023 жылы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында батуттық гимнастикадан жеке жаттығуда бірінші рет күміс жүлде иеленген.
Бұған дейін батуттық гимнастикадан 2016 жылы Рио Олимпиадасында алғаш Пирмаммад Алиев қатысып, 12-орынға табан тіреген еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2024, 23:00 48236
Елордалық ағайынды боксшылар Париж Олимпиадасына екі жолдама жеңіп алды
Достарға айту
Астана қаласының спортшысы Нұрбек Оралбай Италиядағы турнирге әдемі нүкте қойды. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшымыз шешуші айқаста ирландиялық Кейлин Кессидимен жұдырықтасты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қажетті ара-қашықтықты дәл ұстанған Нұрбек ирландиялық қарсыласынан мықтылығын көрсетті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті қазақстандыққа беріп, Оралбайдың қолын көтерді.
Осылайша дәл қазір Қазақстан боксшыларының еншісінде Париж Олимпиадасының жеті лицензиясы бар. Ал оның екеуін Астана қаласының былғары қолғап шеберлері алған болатын.
Атап айтқанда, ерлер арасында аса ауыр салмақтағы (92 кг) Айбек Оралбай мен оның сыңары 80 келідегі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2024, 16:47 50296
Қазақстандық гимнаст Испаниядағы Гран-при кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Сурет: instagram/kazgymfederation
Достарға айту
Эльжана Таниева Испаниядағы Гран-При кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан гимнастика федерациясының баспасөз қызметінен.
Көркем гимнастикадан Испанияның Марбелье қаласында өткен Гран-При кезеңінде қазақстандық Эльжана Таниева тұғыр биігінен көрінді.
Доппен жаттығудың финалында өнер көрсеткен спортшымыз төрешілерден 33.400 ұпай алып, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Бұл сында өзбекстандық спортшы күміс медаль (32.600) иегері атанса, словениялық гимнасшы (32.200) үздік үштікті түйіндеді.
Эльжана Таниева мен бапкері Әлия Махсұтқызын алтын жүлдемен құттықтаймыз!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.03.2024, 20:11 55931
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады
Сурет: KTF
Достарға айту
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.
Әлемнің 51-ракеткасы Александр Шевченко Индиан-Уэллс мастерс жарысының алғашқы айналымында рейтингіде өзінен екі саты жоғары тұрған германиялық Доминик Кепфермен сынға түсті.
Бірінші партияда Шевченко 6:3 есебімен басымдық танытса, екіншісінде есе жіберді - 1:6. Дегенмен шешуші, үшінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:3).
Александр Шевченко екінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Черундоломен шеберлік байқасады.
Әйелдер арасында Индиан-Уэллс WTA 1000 додасында әлемнің 79-ракеткасы Юлия Путинцева да сәтті ойнай алды. Ол рейтингіде 76-орындағы тағы бір германиялық Тамара Корпачты екі сетте жеңді - 6:2, 6:3.
Юлия Путинцеваның келесі қарсыласы - әлемнің 16-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
31.05.2024, 13:15Тоқаев Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалын аралап көрді 31.05.2024, 13:11 541Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 14,50 пайызға дейін төмендетті31.05.2024, 13:18 441Оңтүстік астананың арнайы ХҚКО басшысының орынбасары алаяқтық деген күдікке ілінді31.05.2024, 13:32 416Қазақстаннан Еуроодақ елдеріне ұшуға барлық шектеулер алынып тасталды31.05.2024, 13:43 221Бектенов Алматы облысының өнеркәсіптік және көлік-логистикалық әлеуетімен танысты
24.05.2024, 20:23 89146"E-Petition.kz" ресми порталында жарияланған қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты петицияны қарауға қажетті қол жиналды24.05.2024, 20:17 88961Су тасқынынан кейін 356 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды24.05.2024, 20:08 88696Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты24.05.2024, 19:55 82041Біз соғысты тоқтатуға емес, алдын алуға тырысуымыз керек - Тоқаев24.05.2024, 19:49 77416БҚДА "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ-ға алдын ала ескерту жолдады
02.05.2024, 16:37 124881Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті02.05.2024, 16:34 121191Елімізде қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары талқыланды02.05.2024, 12:14 120941Сенат жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беретін заң нормасын мақұлдады02.05.2024, 15:49 118371Туризм және спорт министрі Алматының туристік әлеуетімен танысты02.05.2024, 16:15 118166"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд. теңге сомасы қайтарылады