27.01.2022, 17:31 16646
Қазақстандықтар XXIV қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көре алады
Сурет: olympic.kz
Достарға айту
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Qazaqstan және Qazsport телеарналарындағы барлық жарыстарға тәжірибелі комментаторлар командасы қызмет көрсететін болады.
"Qazaqstan" телеарнасындағы Олимпиада ойындарының ашылу, жабылу салтанаты мен жарыстар толықтай қазақ тілінде жүргізіледі. Комментаторлармен бірге тікелей эфирге қысқы спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар мен спорт сарапшылары шақырылады. Әрбір жарыстың алдында және жарыс күнінен кейін "Бейжің-2022" атауымен тікелей эфирдегі студиялық бағдарламалар ұйымдастырылады", - деп атап өтті ведомствода.
Телеэфирден бөлек, олимпиадалық жарыстарды арналардың www.qazaqstan.tv және www.qazsporttv.kz ресми сайты мен "Qazaqstan.tv" мобильді қосымшасынан көру мүмкіндігі бар.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан құрамасының 2022 жылғы Олимпиадаға қатысуы 228 млн теңгені құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.05.2024, 17:58 1271
Қазақстан Париждегі Олимпиада ойындарына 55 лицензия жеңіп алды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Екатерина Шабалина Париж Олимпиадасы лицензиясының иегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгін триатлоннан Ұлттық құрама қоржынына Париж Олимпиадасының жолдамасы түсті. Халықаралық федерация Азия құрлығында қалған жалғыз квотаға Екатерина Шабалинаның ие болғанын растады.
Қазақстандық атлет бұл мүмкіндікке New Flag санатында қол жеткізді. Мұнда әлем рейтингінде 180-орынға дейін кіретін спортшылардың жинаған ұпайлары бөлек есептеліп, түзіледі. Екатерина Гонконг өкілі Бэйли Браунды артта қалдырды.
Ерлер арасында осы санатта Аян Бейсенбаевта мүмкіндік болған. Алайда ол шешуші рейтингте Гонконг спортшысы Лонгтан 31,84 ұпай қалып кетті.
Қазір Қазақстан делегациясында 52 спортшы қол жеткізген 55 жолдама бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2024, 13:25 4926
Елордада паралимпиадалық боччадан ел чемпионаты өтіп жатыр
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Елордада паралимпиадалық боччадан ел чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында боччадан жыл сайынғы ел чемпионатының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев, ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысты. Ел біріншілігінде жекелей сыннан бөлек, алғаш рет командалық және жұптық сайыстарда жеңімпаздар анықталады.
Чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тілеген Мәулен Әшімбаев боччадан ұлттық құрама мүшелерін таяуда Финляндияда өткен беделді халықаралық жарыста жеңіп алған жүлделерімен құттықтады.
Жақында Финляндияда өткен жарыста ұлттық құрамамыздың мүшелері Қуаныш Асқарбеков, Итиана Шыңғысханова және Александр Құрмантаев алғаш рет қола медаль жеңіп алды. Бұл жыл өткен сайын спортшыларымыздың кәсіби деңгейі өсіп келе жатқанын көрсетеді. Шеберліктері шыңдалып, өздеріне деген сенімділіктері және ірі жеңістерге деген құлшынысы артып келеді. Аз уақыттың ішінде бұл спорттан жарық жұлдыздарымыздың шыққанына және әр жарыс сайын қатысушылардың қатары көбейіп келе жатқанына қуаныштымын. Біз баршаңызды мақтан тұтамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанда инклюзияны дамытуға үнемі баса мән беріп келеді. Біздің жетістіктеріміз - осындай қолдаудың және үлкен команданың бірлескен жұмысының нәтижесі", - деді Мәулен Әшімбаев.
Бұл спорттық іс-шара - еліміздегі балалар, жастар мен ересектер арасындағы бірегей жоба. Министрлік мүмкіндігі шектеулі жандарға дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасалған. Кейінгі жылдары елімізде бочча қарқынды дамып келе жатыр. Бүгінде боччамен еліміздің 17 өңірінде 200-ден астам адам айналысады", - деді Ермек Маржықпаев.
Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында 26 спортшы бар. Ел спортшылары жыл соңына дейін Польша мен Бахрейнде өтетін екі халықаралық рейтингтік жарысқа қатысуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Финляндияның Лахти қаласында өткен сайыста Қуаныш Асқарбеков жекелей сында қола медаль олжалады. Сондай-ақ командалық жарыста да Қуаныш Асқарбеков, Итиана Шыңғысханова және Александр Құрмантаев үздік үштіктен көрінді. Одан бөлек, жекелей сында Итиана Шыңғысханова - төртінші, Меруерт Тілебалды - бесінші, Балжан Бөлекпаева - алтыншы және Темірлан Алтынсары сегізінші орын алғанын атап өткен жөн.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2024, 17:30 21671
Конкурдан әлем кубогы: елордалық Ержан Мағжаев күміс жүлдегер атанды
Достарға айту
Конкурдан Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында конкурдан өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде командалық маршрутта отандастарымыз күміс жүлдеге қол жеткізді. Командалық маршрут саналатын Ұлттар кубогы сапында Астана қаласының шабандозы Ержан Мағжаев өнер көрсетті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бұл сында Өзбекстан командасы жеңімпаз атанса, Қырғызстаннан барған шабандоздар үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, әлем кубогы кезеңінде 11 елдің спортшылары бақ сынауда. Байрақты бәсеке 5 мамырға дейін жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.04.2024, 16:34 31626
Алматы жартылай марафоны 21 сәуірде өтеді
Биыл жартылай марафон жетінші рет өтеді
Достарға айту
2024 жылы 21 сәуірінде Алматы жартылай марафоны өтеді. 8 мыңнан астам қатысушы әл-Фараби даңғылындағы Тұңғыш Президент саябағынан бастап Орталық стадионға дейін жүгіреді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Биыл жартылай марафон жетінші рет өтеді. Оның аясында зияткерлік дамуы бұзылған спортшылар арасында жүгіру бойынша әлем чемпионаты өтеді, оған 8 елдің спортшылары қатысады.
2024 жылы 4 қашықтық ұсынылады: 21,1 км (жартылай марафон), 10 км, 10 км (скандинавиялық жүріс) және Экиден командалық эстафетасы.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатыса алады. Жарыстың қалған қашықтығына 15 жастан бастап қатысуға болады.
Іс-шараның өткізілуіне байланысты 21 сәуірде сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін жарыс өтетін жердегі жолдар ішінара жабылады.
Жолды жабу жоспары:
Сөре Тұңғыш Президент саябағында таңғы 7:00-де басталады. Мұстафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі әл-Фараби даңғылының солтүстік жағындағы жол учаскесіндегі қозғалыс 21 сәуір сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 6:45-тен 09:10-ға дейін жабылады. Оңтүстік жағындағы қозғалысқа шектеу жоқ.
Сейфуллин даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 7:10-нан 08: 30-ға дейін толығымен жабылады.
Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сайын көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 8:10-нан 10:40-қа дейін жабылады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық.
Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 7:20-дан 09:00-ге дейін жабылады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық.
Сайын көшесінің шығыс жағымен әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 08: 00-ден 09:40-қа дейін жабылады. Батыс жағында көлік қозғалысына рұқсат.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.03.2024, 21:14 38896
Қазақстандық гимнаст батуттық гимнастикадан Париждегі Олимпиадаға тағы бір жолдаманы жеңіп алды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстандық гимнаст батуттық гимнастикадан Париждегі Олимпиадаға тағы бір жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Батуттық гимнастикадан әлем кубогының 5 кезеңінің қорытындысы бойынша, 25 жастағы Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
2023 жылы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында батуттық гимнастикадан жеке жаттығуда бірінші рет күміс жүлде иеленген.
Бұған дейін батуттық гимнастикадан 2016 жылы Рио Олимпиадасында алғаш Пирмаммад Алиев қатысып, 12-орынға табан тіреген еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2024, 23:00 47401
Елордалық ағайынды боксшылар Париж Олимпиадасына екі жолдама жеңіп алды
Достарға айту
Астана қаласының спортшысы Нұрбек Оралбай Италиядағы турнирге әдемі нүкте қойды. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшымыз шешуші айқаста ирландиялық Кейлин Кессидимен жұдырықтасты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қажетті ара-қашықтықты дәл ұстанған Нұрбек ирландиялық қарсыласынан мықтылығын көрсетті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті қазақстандыққа беріп, Оралбайдың қолын көтерді.
Осылайша дәл қазір Қазақстан боксшыларының еншісінде Париж Олимпиадасының жеті лицензиясы бар. Ал оның екеуін Астана қаласының былғары қолғап шеберлері алған болатын.
Атап айтқанда, ерлер арасында аса ауыр салмақтағы (92 кг) Айбек Оралбай мен оның сыңары 80 келідегі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2024, 16:47 49461
Қазақстандық гимнаст Испаниядағы Гран-при кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Сурет: instagram/kazgymfederation
Достарға айту
Эльжана Таниева Испаниядағы Гран-При кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан гимнастика федерациясының баспасөз қызметінен.
Көркем гимнастикадан Испанияның Марбелье қаласында өткен Гран-При кезеңінде қазақстандық Эльжана Таниева тұғыр биігінен көрінді.
Доппен жаттығудың финалында өнер көрсеткен спортшымыз төрешілерден 33.400 ұпай алып, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Бұл сында өзбекстандық спортшы күміс медаль (32.600) иегері атанса, словениялық гимнасшы (32.200) үздік үштікті түйіндеді.
Эльжана Таниева мен бапкері Әлия Махсұтқызын алтын жүлдемен құттықтаймыз!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.03.2024, 20:11 55096
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады
Сурет: KTF
Достарға айту
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.
Әлемнің 51-ракеткасы Александр Шевченко Индиан-Уэллс мастерс жарысының алғашқы айналымында рейтингіде өзінен екі саты жоғары тұрған германиялық Доминик Кепфермен сынға түсті.
Бірінші партияда Шевченко 6:3 есебімен басымдық танытса, екіншісінде есе жіберді - 1:6. Дегенмен шешуші, үшінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:3).
Александр Шевченко екінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Черундоломен шеберлік байқасады.
Әйелдер арасында Индиан-Уэллс WTA 1000 додасында әлемнің 79-ракеткасы Юлия Путинцева да сәтті ойнай алды. Ол рейтингіде 76-орындағы тағы бір германиялық Тамара Корпачты екі сетте жеңді - 6:2, 6:3.
Юлия Путинцеваның келесі қарсыласы - әлемнің 16-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
30.05.2024, 17:52Тоқаев Хорват халқын мемлекеттілік күнімен құттықтады 30.05.2024, 17:56 5141Ақмола облысында полицейлер вандализм жасаған күдіктіні анықтады30.05.2024, 18:02 4916Шымкенттің обаға қарсы күрес станциясының басшысы сотталды30.05.2024, 18:04 4681ШҚО-да арнайы операция барысында бір тоннадан астам прекурсорлар алынды30.05.2024, 18:06 3546Алатау қаласының АЭА да 383 млрд теңгеге 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда
24.05.2024, 20:23 89086"E-Petition.kz" ресми порталында жарияланған қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты петицияны қарауға қажетті қол жиналды24.05.2024, 20:17 88901Су тасқынынан кейін 356 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды24.05.2024, 20:08 88631Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты24.05.2024, 19:55 81981Біз соғысты тоқтатуға емес, алдын алуға тырысуымыз керек - Тоқаев24.05.2024, 19:49 77351БҚДА "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ-ға алдын ала ескерту жолдады
02.05.2024, 16:37 124821Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті02.05.2024, 16:34 121126Елімізде қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары талқыланды02.05.2024, 12:14 120881Сенат жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беретін заң нормасын мақұлдады02.05.2024, 15:49 118311Туризм және спорт министрі Алматының туристік әлеуетімен танысты02.05.2024, 16:15 118106"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд. теңге сомасы қайтарылады