10.06.2022, 16:49 25756

Есеп комитеті: 2021 жылы әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бөлінген 413 млрд теңге тиімсіз пайдаланылды

2021 жылдың қорытындысы бойынша абсолюттік мәнде қалыптасқан игерілмеу соңғы 15 жылда барынша жоғары болып табылады.
Есеп комитеті: 2021 жылы әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бөлінген 413 млрд теңге тиімсіз пайдаланылды
НҰР-СҰЛТАН. 10 МАУСЫМ - 2021 жылдың қорытындысы бойынша абсолюттік мәнде қалыптасқан игерілмеу соңғы 15 жылда барынша жоғары болып табылады. Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылы республикалық бюджетке түсетін түсімдер (қарыздарды ескере отырып) жоспарға шаққанда 100,5%-ға, шығыстар (қарыздарды есепке алмағанда) – 99,1%-ға орындалды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша абсолюттік мәнде қалыптасқан игерілмеу соңғы 15 жылда барынша жоғары болып табылатынын атап өткен жөн (ең төменгі игерілмеу 2018 жылы сомасы 1,5 млрд теңгеге қалыптасты)", - делінген Есеп комитетінің есебінде.

 
Есеп комитетінің бағалауы бойынша, көп жағдайда игерілмеудің нақты себептері әлсіз әкімшілендірілуі және өзара әрі жергілікті атқарушы органдармен де іс-қимылдардың келісілмеуі болып табылады.
 

2021 жылы әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бөлінген тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 413 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 156 млрд теңгеге аз", - деп атап өтті комитетте.

 
Жалпы, республикалық бюджеттің 36%-ға кірістері Ұлттық қордан берілетін трансферттер есебінен қалыптастырылды (4,5 трлн теңге). Бұл көрсеткіш соңғы 3 жыл ішінде жоғары болып отыр (2019 жылы – 3,1 трлн теңге, 2020 жылы – 4,8 трлн теңге). 
 

Шоғырландырылған бюджет түсімдерінің номиналды өсуіне қарамастан, олардың ЖІӨ-ге қатысты төмендеуі байқалады, бұл экономика мен салық түсімдерінің өсу көрсеткіштерінің келісілмегендігін көрсетеді. Бұл салықтық әкімшілендірудің жеткіліксіздігінің және көлеңкелі сектордың елеулі болуының салдары", - делінген құжатта.

 
Мемлекет басшысының барлық азаматтарға түсінікті ықшам ұлттық жобалар (көрсеткіштері мен индикаторларының саны аз) форматына көшу бойынша қойған міндеттеріне іс жүзінде қол жеткізілмегенін атап өткен жөн. Әзірленген ұлттық жобалардың ауқымдылығы, жекелеген іс-шаралардың мемлекеттік бағдарламалардың іс-шараларымен қайталануы байқалады.
 

Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың әсері нақты бағдарламалық құжатты іске асыру кезінде қабылданған шаралардың нақты үлесін ескермей, экономиканың барлық саласының өсуі және әлеуметтік саланың дамуы бойынша бағаланады. Осылайша, бюджеттің бағдарламалық-нысаналы бағытталуы толық көлемде қамтамасыз етілмейді, сондай-ақ экономиканың тиісті салаларын дамытуға елеулі мультипликативтік әсерге қол жеткізілмейді", - делінген есепте.

 
Іс жүзінде ұлттық жобаларды іске асыруға ("Қауіпсіз ел" ұлттық жобасынан басқа) 3,1 трлн теңге бөлінді, олар бойынша атқарылуы 101,9%-ын немесе нақты (бастапқыда мәлімделген) қажеттіліктің 53,7%-ын құрады. Бөлінген қаражаттың 28%-дан астамы республикалық бюджетке тиесілі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны