12.04.2024, 13:37 86326
Алматыда арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі
Достарға айту
Алматыда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Тараздағы гидромелиоративтік-құрылыс институтын қайта қалпына келтіру жөнінде шешім қабылдадық. Оқу орнын материалдық-техникалық тұрғыдан толық жабдықтау керек. Сейсмология институтының жағдайы да мәз емес. Үкіметке осы институттың ғылыми әлеуетін арттыруға қатысты нақты ұсыныстар дайындауды тапсырдым. Сондай-ақ сейсмологияны және сейсмикалық режимді бақылау құралдарын дамыту бойынша пайдалы ұсыныстар әзірленуге тиіс.
Менің тапсырмаммен Алматы аумағына арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі. Әкімдік үш жылдық зерттеу жұмыстарына қаржы бөледі. Энергетикалық апатты, эпидемияны, қуаңшылықты болжау және оның алдын алу мәселесі аса маңызды. Жауапты министрліктер тиісті саланы, ал әкімдіктер аймақтарды дамыту бағдарламаларын қайта қарауы керек. Әсіресе, төтенше жағдай туындау қаупі бар-жоғын мұқият зерттеу қажет. Бұл жұмысқа ғылыми қауымдастықты жұмылдырған жөн. Яғни гидрология, климатология, география, инженерия және өзге де сала мамандарын тарту қажет.
Тағы да қайталап айтқым келеді, мемлекеттік органдар барлық істе, ең алдымен, сапалы ғылыми қорытындыға сүйенуі керек. Бұл - өте маңызды міндет. Шешімдер әбден пысықталып, нақты негізделіп барып, қабылдануға тиіс. Талдау жүргізіп, ахуалды болжау үшін ғалымдардың қолында, зерттеу орталықтарында қажетті құрал-жабдықтар болуға тиіс"
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.04.2024, 16:48 56
Тоқаев кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды
Сурет: akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.04.2024, 16:31 246
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Данияр Қырықбаев Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Данияр Қырықбаев 1986 жылы 29 сәуірде дүниеге келген. Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген. Жергілікті басқару магистрі.
Еңбек жолын 2007 жылы банк саласында бастаған. 2007-2009 жылдары "Жолаушылар тасымалы" АҚ - да жұмыс істеді, содан кейін - "Kazsatnet" АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі. Әр жылдары ҚР Бас прокуратурасында, ҚР Парламенті Сенатының аппаратында жұмыс істеді.
2016 жылдан 2019 жылға дейін Алматы қаласы бойынша соттар әкімшісінің басшысы болып жұмыс істеді. Екі жыл бойы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры болды.
2021 жылдан 2022 жылға дейін Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы болды.
Қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2024, 17:18 28061
Су тасқынынан кейін 13 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды
Достарға айту
Елімізде ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облыстарының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштер беріп келеді. Бүгінгі таңда 22 475 өтінім қабылданды.
Биылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша 13 259 отбасы 4,8 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін төленетін өтемақы көлемі 278 млн теңгеге жетті.
Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 3 956 тұрғын үй тексеріліп, 2649 нысан бойынша бағалау жұмыстары жүргізілді.
524 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 670 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
Келтірілген шығынды өтеу жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің қатаң бақылауында. Президент тапсырмасы бойынша зардап шеккен азаматтардың барлығына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2024, 17:10 28326
Бейжің қаласына рейстер саны артуда
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мәселен, ағымдағы жылдың 27 сәуірінен бастап "China Southern Airlines" әуе компаниясы Алматы - Бейжің әуе бағыты бойынша рейстер санын аптасына 3-тен 7-ге дейін ұлғайтты. Осылайша, әуе компания осы бағыт бойынша рейстерді күнделікті негізде орындайтын болады.
Рейстер сыйымдылығы 152-200 орындық "Эйрбас-А320/А321" типті әуе кемелерінде орындалады. Айта кетсек, 2023 жылғы 10 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында өзара визасыз режим жұмыс істейді, бұл екі ел арасындағы кедергісіз саяхатқа ықпал етеді.
Рейстер санының артуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2024, 16:54 28711
Мемлекетке 40 млрд теңге көлемінде заңсыз активтер қайтарылды
Достарға айту
Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия: мемлекет кірісіне қосымша 40 млрд теңге қайтарылды, деп хабарлады бүгін заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі комиссия отырысында премьер-министр Олжас Бектенов.
Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия жалпы көлемі 40 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдады, оның 38 млрд теңгеден астамы - ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталады.
Бұған қоса 7 млрд теңге сомасына инвестициялық келісімдерге қол қою мақұлданды, оның аясында "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" ҚР Заңы қолданылатын тұлғалар Астана және Шымкент қалаларында екі инфрақұрылым нысанын салады. Аталған жобаларды іске асыру жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етеді.
Активтерді қайтару жұмыстары - бұл Мемлекет басшысының әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі саясатының тікелей іске асырылуы. Барлық қайтарылған қаражат Қазақстан халқының игілігіне жұмсалады", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2024, 16:49 29411
Автомобиль жолдарының сапасын бақылау бойынша "Халықтық бақылау" жобасы іске қосылды
Достарға айту
29 сәуір ҚР Көлік министрлігі мен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бастамасымен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасын тексеру бойынша кең ауқымды "Халықтық бақылау" жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл жоба қоғамның еліміздегі жол нысандарының сапасын арттыруға белсенді қатысуға бағытталған.
Жобаның мақсаты - Қазақстанның әрбір азаматын салынып жатқан республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша қоғамдық бақылауға шақыру. Көлік министрлігі өз кезегінде анықталған кемшіліктер мен мәселелерге ден қойып, оны қысқа мерзімде шешуді қамтамасыз етеді. Жобаға қатысу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыру керек.
Тіркеу кезінде аты-жөнін, байланыс нөмірін, сондай-ақ тұратын елді мекен мен облысты көрсету қажет. Нысандарды аралау кестесімен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ www.qaj.kz ресми сайтында танысуға болады. "Халықтық бақылау" жобасы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын барлық жол қозғалысына қатысушы үшін қауіпсіз әрі сапалы етуге арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2024, 13:59 31746
Қазақстанда тасқын су алқаптарды суару үшін пайдаланылатын болады
Достарға айту
Қазақстан бойынша "Қазсушар" филиалдары тасқын суын апатсыз өткізуді қамтамасыз етіп, алдағы суару маусымына дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Су тасқыны кезінде "Қазсушар" мекемесінің Солтүстік Қазақстан филиалының мамандары Сергеев су торабының жағалауын нығайту жұмысын жүргізді. 82 тоннадан астам кесек тас, 15 темірбетон плита, 25 темірбетон блоктары және басқа материалдар төселді.
Казталов ауданында көктемгі тасқын суын апатсыз өткізу үшін "Қазсушардың" Батыс Қазақстан филиалы Үлкен Өзен өзеніндегі уақытша жер бөгеттерін ашты. Нәтижесінде су лимандар мен табиғи шабындықтарға жіберіліп, елдімекендерді су басу қауіпі азайды. Сонымен қатар, су тасқынының екінші толқыны кезінде Орал-Көшім суару-суландыру жүйесінің 4 су қоймасына су жиналып жатыр. Қазір оларда 200 миллион текше метрден астам су жиналды, бұл жалпы көлемнің 84% құрайды. "Қазсушар" мамандары Ресей Федерациясының Орынбор және Саратов облыстарының су қызметтерімен үнемі ақпарат алмасады.
Абай облысының Үржар ауданында Қаракөл су қоймасының құрылыстары тазартылды, Көкпекті ауданында Үлкен Бөкен өзеніндегі су торабы тазартылды.
Шығыс Қазақстан филиалы Күршім ауданындағы "Жауғашты" магистральдық каналының бас құрылысын тазартты. Марқакөл ауданының Орта-Теректі су қоймасында инертті материалдар дайындалды.
Қазсушар" мекемесінің Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы Қаратұрық суару алабының шаруашылық желісін механикалық әдіспен тазартты. Сондай-ақ, "Объединительный" магистральдық каналының түбін бетондау жұмысы жүріп жатыр.
Үлкен Алматы каналының авариялық учаскелерін реконструкциялау жүргізілуде. Суару маусымына толық дайындықты қамтамасыз ету үшін жұмыс екі ауысымда атқарылып жатыр. Бұдан басқа, Алматы облысының Іле және Жамбыл аудандарының шаруаларын сумен қамтамасыз ететін сол жағалаудағы магистральдық каналды бетондау және механикалық тазарту жұмысы жүргізілуде.
Еріген қар және жаңбыр суын кедергісіз өткізу үшін Алматы облысы бойынша филиал Құртты және Шелек өзендерінің арналарын тазартады.
Қазсушар" мекемесінің Ақмола филиалының мамандары "Алва" лиманды суару жүйесінің бөгетіне инертті материалдар төседі. Осылайша, бөгеттің бұзылу қаупі азайды.
Суару кезеңіне дайындық үшін Жамбыл облысы бойынша "Қазсушар" филиалы жалпы ұзындығы 48 шақырым болатын 6 каналда механикалық тазалау және жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ Саза каналының жағалауын нығайту жұмыстары атқарылды
Қордай ауданында Георгиевский магистральдық каналы тазартылды. Меркі ауданында 11 су бекеті жөнделіп жатыр, одан кейін тағы 20 су бекеті жөнделеді. Сондай-ақ, R-3 арнасын суару маусымына дайындау жұмысы жүріп жатыр.
Қазсушардың" Қызылорда филиалы жалпы ұзындығы 51,4 шақырым 11 арнаны механикалық әдіспен тазалап, сондай-ақ 19 гидротехникалық құрылысты және 23 гидропостты жөндеуден өткізді. Қазіргі уақытта 32,7 шақырым канал тазартылып, 9 гидротехникалық құрылым жөнделді. 20 гидропосттағы көпірлер қайта жаңартылуда.
Жетісу облысы бойынша "Қазсушар" филиалы биыл 173,1 шақырым каналды тазартуды, 54 гидротехникалық құрылысты және 10 гидропостты жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда 40 шақырым канал тазартылды, 1 гидротехникалық құрылыс салынды, 4-і жөнделді. 1060 шаруа қожалығымен су беру туралы шарттарға қол қойылды. Фермерлер 20 мың гектарға жуық алқапты суару үшін 174 миллион текше метр су алады.
Суару кезеңіне дайындық үшін "Қазсушар" мекемесінің Түркістан облысы бойынша филиалы 33 каналды механикалық әдіспен тазалау жұмысын жүргізді. Су қоймаларының тасқын суын қабылдауға дайындығын бағалау үшін олардың техникалық жағдайына тексеріс жүргізілді. Сондай-ақ, техника да тексеріліп, қажетті инертті материалдар дайындалды.
Қазсушардың" Қарағанды филиалы Жартас су қоймасындағы Жартас және Малокомспай магистральдық каналдары учаскелерінің бетон беткейлері мен түбіне жөндеу жұмысын жүргізеді. Арналарды лай мен өсімдіктерден тазарту да басталды. 5 гидротехникалық құрылыста жергілікті дабыл жүйелері орнатылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2024, 10:23 35711
Қаржылық мониторинг агенттігінде IT-құралдарын пайдалана отырып жасалатын қылмыстармен күресу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігінде Төрағаның орынбасары Қайрат Бижанов пен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаевтың кездесуі өтті, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Отырыс барысында заманауи IT-құралдарын пайдалана отырып, қаржы пирамидаларына қарсы тұру, құмар ойынға тәуелділікпен күресу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.
Алаяқтық жобалар мен заңсыз ойын бизнесі туралы белсенді ақпарат алмасуда тиімді ынтымақтастық атап өтілді. Бұл ретте алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары талқыланды.
Кездесуге қатысушылар жоғарыда аталған бағыттар бойынша ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
30.04.2024, 16:20Мектеп есепшілері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды
24.04.2024, 18:17 155176Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 153451Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 150411Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады25.04.2024, 12:37 128516Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі25.04.2024, 18:14 120006Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді тағайындады
24.04.2024, 18:17 155176Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 153451Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 150411Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады25.04.2024, 12:37 128516Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі04.04.2024, 16:35 122321Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды