24.04.2024, 10:36 87196
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызмтінен.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды", деп көрсетілген Өкім мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.05.2024, 11:29 6
Қазақстанда "Жеңіс пойызы" жолға шықты
Достарға айту
Жеңіс күніне орай рәсімделген пойыз Астанадан Павлодарға жолға шықты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.
9 мамыр қарсаңында Астанадан Павлодарға Жеңіс күніне орай арнайы рәсімделген №7502 электр пойызы жолға шықты. Безендірілген электр пойызы соғыс жылдары бейбітшілік үшін құрбан болған қазақ жауынгерлерінің ерлігін еске алуға арналған.
Құрам Жеңіс лентасының және Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Қасым Қайсенов, Талғат Бегелдинов және басқалардың суреттерімен безендірілген. Мереке құрметіне жолсеріктер жолаушыларды салтанатты формамен қарсалды. Жолаушылар "Жеңіс пойызының" алдында суретке түсіп, лезбіздерін білдірді.
Жыл сайын "Жолаушылар тасымалы" АҚ мерекеге сәйкес пойыздарды безендіріп, жолаушылардың сапарын ерекшелендіруге қызмет етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.05.2024, 11:21 31
Тоқаев Костенко атындағы шахтаның электр слесарін марапаттады
Достарға айту
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко атындағы шахтаның жерасты учаскесінің электр слесарін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Жанкешті және жемісті еңбегі үшін «Qarmet» акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұы Қосанов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталсын", делінген құжатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.05.2024, 11:46 84161
Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы тұтынушылардың коммуналдық төлемдері бойынша шаралар қабылданды
Достарға айту
ҚР Үкіметі тұтынушылардың коммуналдық төлемдерін төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кейінге қалдыру наурыз және сәуір айларындағы коммуналдық төлемдерді қамтиды. Төлемді тұтынушылар өсімпұлсыз кейінірек жүзеге асыра алады.
Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін (абоненттік нөмірлер) жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын болады.
Бұл тізімдер коммуналдық кәсіпорындарға жіберіледі, олар өз кезегінде коммуналдық төлемдерді кейінге қалдыру бойынша тиісті шараларды қабылдайды.
Сұрақтар туындаған жағдайда тұтынушылар ҚР ҰЭМ ТМРК-нің тиісті аумақтық департаментіне төмендегі нөмірлер бойынша хабарласулары қажет:
- ҚР ҰЭМ ТМРК Ақмола облысы бойынша департаменті: 8 (7162) 50-43-27;
- ҚР ҰЭМ ТМРК Ақтөбе облысы бойынша департаменті: 8 (7132) 55-73-60;
- ҚР ҰЭМ ТМРК Атырау облысы бойынша департаменті: 8 (7122)21-10-42;
- ҚР ҰЭМ ТМРК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті: 8 (7112) 25-13-25;
- ҚР ҰЭМ ТМРК Қарағанды облысы бойынша департаменті: 8 (7212) 41-52-96;
- ҚР ҰЭМ ТМРК Қостанай облысы бойынша департаменті: 8 (7142) 53-52-40;
- ҚР ҰЭМ ТМРК Павлодар облысы бойынша департаменті: 8 (7182) 32-12-04;
- ҚР ҰЭМ ТМРК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті: 8 (7152) 53-42-56;
- ҚР ҰЭМ ТМРК Ұлытау облысы бойынша департаменті: 8 (7102)76-03-91.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2024, 16:37 109431
Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті
Достарға айту
Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесуде қорға қатысушы елдердің мәдениет министрліктерінің басшылары бас қосты.
Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры 2015 жылы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің бастамасымен құрылды және оны Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мемлекеттерінің басшылары қолдады.
Қор құрудағы негізгі мақсат – түркі мәдениеті мен мұрасын сақтауға, зерделеуге және насихаттауға арналған бағдарламалар мен жобаларды қолдау және қаржыландыру.
Әзірбайжан Мәдениет министрі Әділ Керимли қор алдында Түркі әлемі үшін өзекті жаһандық және өңірлік жағдайға сай жаңа бағыттарды дамытуда ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.
Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова қор нәтижелерімен бөлісіп, алдағы жаңа бағыттар мен 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
Жалпы, қордың жұмыс жоспарын барлық қатысушы елдер қолдады. Аталған жоспарды жүзеге асыру ұйым қызметіне жаңа серпін берері сөзсіз.
Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз сөзінде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры түркі мемлекеттерінің халықаралық аренадағы бірлігінің үлгісі екенін атап өтті.
«Қор біздің мәдениетімізді де, елімізді де бір-бірімен одан әрі жақындастыра түседі. Мәдени және ғылыми іс-шаралар, оның ішінде Қордың ұйымдастыруымен өтетін көрмелер байланысымызды нығайтады және тығыз ынтымақтастыққа мүмкіндік туғызады», – деді Аида Балаева. Министр отырысқа қатысушыларды Таңбалы петроглифтеріне арналған ғылыми-практикалық конференцияға шақырды.
Биыл Қазақстанда өтетін конференцияға түркі әлемінің ғалымдары жиналады.
Министр Түркі мемлекеттері ұйымы, Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы, Халықаралық Түркі академиясының және Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының түркі мұрасын сақтауға және насихаттауға бағытталған қызметтерінің нақты функцияларын бірге атқару және айқындау үшін жоспарларды талдау керектігін атап өтті.
Осыған байланысты, оның пікірінше, ескерткіштерге сараптама жүргізу, реставрация жасау, сондай-ақ оларды ЮНЕСКО тізіміне енгізу бойынша бірыңғай топ құрған жөн.
Сонымен қатар Аида Балаева 6-шы Дүниежүзілік мәдениетаралық диалог бойынша форумға қатысты. Форум Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің қатысуымен өтті.
Іс-шараға 110-нан астам елден жүздеген қатысушы келді.
Панельдік пікірталастар мен пленарлық отырыстарда білім, жастар, климаттың өзгеруі, жасанды интеллект, мәдени мұраны қорғау, заңсыз көші-қон сияқты тақырыптар талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2024, 16:34 109706
Елімізде қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары талқыланды
Достарға айту
ҚМА Төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиевпен кездесті, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
Агенттік қызметкерлері депутатты "Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл", "Қорғау" және басқа да әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысы туралы хабардар етті.
Төрағаның орынбасары Қ. Бижанов лудомания тәуекелдерін сәйкестендіру жөніндегі мемлекеттік платформаны енгізу туралы баяндады. Бұл жаңашылдық арқылы кәмелетке толмағандардың, лудомандардың, шамадан тыс кредиттелген азаматтар мен әлеуметтік осал топ мүшелерінің бәс тігу мүмкіндігін шектеуге болады. Сонымен қатар, қылмыстық кірістерді жылыстату және заңдастыру фактілерінің алдын алуға бағытталған.
Нартай Сәрсенғалиев Агенттік дайындаған ҚР "Ойын бизнесі туралы", "Қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарына түзетулермен танысты.
Депутат оларды қарауға және сараптамалық-әдістемелік қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
Тараптар кездесудің жемісті екенін атап өтіп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2024, 16:15 109961
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд. теңге сомасы қайтарылады
Достарға айту
ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд. теңге сомасы қайтарылады, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері ҚР Бас прокуратурасы талабының шеңберінде "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның өндірістік филиалдарына қатысты бірқатар өңірлерде жоспардан тыс тексерулер жүргізді.
Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ филиалдарының іс-әрекеттерінде реттеліп көрсетілетін қызметке жатпайтын қосымша талаптарды белгілеу бойынша кесу, пломбалау және газды бастапқы іске қосу қызметтері үшін тұтынушылардан ақы алу сияқты бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Осы қызметтер үшін негізсіз есептеулер сомасы шамамен 1,2 млрд. теңгені құрады.
ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның филиалдарына қатысты жол берілген бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 79 536 471 теңге көлемінде әкімшілік істер қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2024, 15:49 110901
Туризм және спорт министрі Алматының туристік әлеуетімен танысты
Достарға айту
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында Dedeman International Hotels & Resort-қа барып, қонақ үйдің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл - жуырда ғана оңтүстік астанада өзінің алғашқы қонақ үйін ашқан және жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қонақты қабылдайтын ең ірі халықаралық желі. Елімізде шетелдік қонақ үй желілерінің ашылуы нарықта бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді. Осылайша, барлық туриске қолайлы жағдай жасалмақ.
Сонымен қатар Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысымен танысты. Жоба қазір аяқталуға жақын. Терминал биылғы жазда жұмысын бастауға тиіс. Жаңартудан кейін әуежай жылына 10 миллионнан аса жолаушы қабылдай алады.
Сондай-ақ осы жылдың соңына қарай қала тұрғындары мен қонақтары үшін Көк-Төбеде жерасты паркингі бар жаңа конгресс-холл ашылуға тиіс. Мұндай жобаны жүзеге асыру мегаполиске әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Бұл - қаланың туристік тартымдылығына ықпал етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2024, 15:24 111556
Үкімет маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдады
Достарға айту
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен көкөністер бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі үш апта қатарынан төмендеп келеді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасы, пияз, күнбағыс майы, ұн және басқа да өнімдер бойынша байқалып отыр.
Маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының анағұрлым ауытқуына жол бермеу үшін Үкімет Өзбекстан және Тәжікстан жеткізушілерімен тікелей келісімшарт жасау мүмкіндіктерін алдын ала пысықтады. Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымы - "QazTrade" АҚ өзбек және тәжік серіктестерімен тиісті шарттарға қол қойды.
Көкөністер Қазақстан нарығына "жасыл дәліз" арқылы және делдалдар мен алыпсатарларсыз тиімдірек бағамен жеткізілетін болады.
9 ӘКК-мен жалпы көлемі 4 мың тонна болатын импорттық көкөністерді, оның ішінде 2 060 тонна картоп пен 1 940 тонна пияз жеткізуге шарттар жасалды.
Қазақстанның барлық өңірінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету және маусымаралық кезеңде көкөністер бағасының ауытқуын болдырмау үшін Премьер-Министр келісімшарттарды уақтылы бекітуді және өнімнің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Жалпы алғанда, әкімдіктерге кемінде 18,6 мың тонна картоп, 7,2 мың тонна сәбіз және 5 мың тонна пиязға алдын ала келісімшарт жасау қажет. Қазіргі уақытта қолда бар қорлардан 81 мың тонна көлемінде көкөніс өнімдері пайдалануға берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
02.05.2024, 12:14Сенат жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беретін заң нормасын мақұлдады 02.05.2024, 15:15 111331Президентке биылғы І тоқсанда жұмсалған республикалық бюджет қаражаты туралы есеп берілді02.05.2024, 15:24 110846Үкімет маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдады02.05.2024, 15:49 110191Туризм және спорт министрі Алматының туристік әлеуетімен танысты02.05.2024, 16:15 109251"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд. теңге сомасы қайтарылады
24.04.2024, 18:17 156141Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 154401Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 151381Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады18.04.2024, 11:47 139066ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды25.04.2024, 12:37 130336Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі