24.02.2022, 17:38 13401
Тоқаев пен Смайылов Украинада болып жатқан оқиғалардың теріс әсерін азайту шараларын талқылады
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Мемлекет басшысына халықаралық аренадағы соңғы оқиғаларға байланысты экономиканы дамытудың дағдарысқа қарсы жоспарының негізгі қырлары таныстырылды, хабарлайды Ақорда.
Президентке қаңтар оқиғасы салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің шығынын өтеуге және қираған мемлекеттік нысандарды қайта қалпына келтіруге қатысты жұмыстар жайында мәлімет берілді.
Әлихан Смайылов кәсіпорындарға апаратын теміржолдарға ие табиғи монополиялар нысандарына белгіленген тарифті төмендету, өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөнінде айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау жүйесін және кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіру мәселелері туралы мәлімет берілді.
Сонымен қатар Премьер-Министр Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарының жүзеге асырылуы және 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылауға дайындық жұмыстары жөнінде есеп берді.
Бұған дейін хабарланғандай, президент Үкіметке халықаралық жағдайдың шиеленісуіне байланысты дағдарысқа қарсы жоспар әзірлеуді тапсырған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.05.2024, 14:07 12896
Алакөладегі үш арал туристер үшін жабылады
Достарға айту
Алакөладегі үш арал туристер үшін жабылады, деп хабарлайды Алакөл мемлекеттік табиғи қорығынан.
Алакөл көлінің Үлкен, Орта және Кіші Аралтөбе аралдары Алакөл көлінің солтүстік-шығысында орналасқан. Олар бір-біріне жақын, ұзындығы 17 шақырымға созылған аралдар тобын құрайды. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да аралдарды нағыз "құс базары" деп атауға болады. Орта Аралтөбе аралы өгізшағала, қарабас өгізшағала, үлкен суқұзғыны, көне дәуір шағаласы, үлкен қарқылдақ, татрең қарақасы, бұйра бірқазан сияқты ерекше отарлық суда және су маңын мекендейтін құстардың ұя салу орны болып табылады.
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы ескертеді: Алакөл көліндегі ҮЛКЕН, ОРТА, КІШІ АРАЛТӨБЕ АРАЛДАРЫ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жататынын ескертеді. Аралдарда мамыр-қыркүйек айлары аралықтарында құстар ұя салып, балапан басуға отырады. Олардың ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар көптеп кездеседі. Сол себепті жеке адамдардың аралдардағы құстарды мазалау факторы болмауы тиіс. Аралдарға суда жүзетін, әуеде ұшатын көліктердің қандай да бір түрлерімен қатынауға қатаң тыйым салынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2024, 13:59 13091
Қазақстан мен Өзбекстан арасында зиярат туризмі қарқынды дамып келеді
Достарға айту
Қазақстан мен Өзбекстан арасында зиярат туризмі қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің туризм әкімшіліктері басшыларының отырысы аясында Өзбекстанның Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимовпен кездесті.
Кездесу барысында Ермек Маржықпаев Қазақстан мен Өзбекстанның туризм саласындағы ынтымақтастығы дамып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда трансшекаралық туризмді дамытуға бағытталған бірлескен бірнеше жоба іске асырылуда. Нәтижесінде кейінгі жылдары бауырлас екі ел арасындағы туристер ағыны артып келе жатқанын байқауға болады. Оның ішінде зиярат туризмі қарқынды дамып келеді.
Сондай-ақ министр Өзбекстан аумағында Ислам мәдениетінің және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы ретінде танылған көптеген қасиетті мекендері бар екеніне тоқталды. Атап айтқанда, әлемнің танымал туристік және мәдени астаналары саналатын Қоқан, Шахрисабз, Самарқанд сияқты тарихи қалалары бар. Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдары мен туристік компанияларының қатысуымен қолға алынған "Табаррук Зиёрат" жобасы тек Қазақстан азаматтарын ғана емес, басқа елдерден келетін туристерді де тартуға ықпал етеді.
Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды ұсынамын. Бірлескен трансшекаралық жобаларды іске асыру Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристер ағыны өсуіне оң әсер ететініне сенімдімін. "Табаррук Зиёрат" - ежелгі қалалар мен ескерткіштерді ғана емес, ең бастысы - түркі мемлекеттерінің ортақ тарихын біріктіретін бірегей жоба. Кейінгі жылдары Қазақстанда Маңғыстау облысының туристік әлеуеті қарқынды дамып келе жатыр. Аймақ саяхатшыларға өзінің сұлу табиғатымен, курорттарымен ғана емес, сонымен қатар көптеген құпиясы бар бай тарихымен де қызықты деп ойлаймын. Осыған байланысты Маңғыстау облысын Өзбекстан өңірлерімен байланыстыратын жаңа бағыт әзірлеуді, тұрақты тікелей әуе рейс бағыттарын кеңейту мүмкіндігін қарастыру қажет", деді Ермек Маржықпаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2024, 13:50 13281
Адам өлтіргені үшін күдікті Ресейден экстрадицияланды
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды
Достарға айту
Адам өлтіргені үшін күдікті Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Бүгін Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстан азаматын адам өлтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресейден экстрадициялады.
Ол 2023 жылғы қаңтарда Шымкент қаласында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен адам өлтірген.
Күдіктінің сыбайластары түрлі жаза түрлеріне сотталды, ал фигурант қылмыс жасағаннан кейін жасырынуына байланысты халықаралық іздестіруге жарияланған.
Өткен жылғы желтоқсанда ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталды.
Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ресейлік тарап күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2024, 13:06 13881
Үкімет ауылдық елді мекендерде медициналық мекемелер салу және жаңғырту үшін шамамен 40 млрд теңге бөлді
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында медициналық мекемелер салу және жаңғырту үшін Үкімет резервінен 39,9 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды. Шешім 27 ақпандағы Үкімет отырысының хаттамасын орындау шеңберінде қабылданды.
Ұлттық жоба ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау аясында іске асырылуда.
Оның шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) нысандарын салу және орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту көзделген.
Жобалар жобалау-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) әзірлігіне қарай өңірлердің әкімдіктерінен берілген өтінімдерге сәйкес қаржыландырылады. Осыған байланысты Үкімет резервінен 39 млрд 987 млн теңгеден астам қаражат ауылдық елді мекендерде ЖСҚ дайын 297 алғашқы медициналық көмек нысанын салуға бағытталады. Олардың ішінде медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және дәрігерлік амбулаториялар бар.
Сонымен қатар бөлінген қаражаттың бір бөлігі:
Арқалық өңірлік ауруханасы перзентханасының ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға;
Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасының екі блогын күрделі жөндеуге;
Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасының бас ғимаратын күрделі жөндеуге;
Балқаш қаласының Орталық ауруханасын күрделі жөндеу жұмыстарын бастауға;
Балқаш қаласының Көпсалалы ауруханасының ангиографиялық ота жасайтын бас корпусына қосымша ғимарат салуға және ангиографиялық қондырғыны орналастыруға;
Шиелі көпсалалы орталық аудандық ауруханасының ғимаратына қосымша блокты жапсарлас сала отырып, күрделі жөндеуге және сол жерде 30 төсек-орынға арналған жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысына аударылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2024, 13:07 36746
Бектенов: Біз шикізатты емес жоғары өңделген тауарларды өндіруіміз қажет
Достарға айту
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлер құру үшін өңдеу секторының негізгі ірі жобаларының тізбесін айқындады, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Оған металлургия, химия, мұнай-газ химиясы, автомобиль жасау және басқа да салалардың 17 жобасы кірді. Олар өндірістік салалардың және экономиканың дамуына ықпал ететін болады. Әрбір жоба бойынша тиісті іске асыру жоспары қабылданды.
Жалпы өңдеу секторын дамыту бойынша барлық негізгі бағыттар мен міндеттер айқын. Біз шикізатты емес жоғары өңделген тауарларды өндіруіміз қажет. Сонда ғана табыстың көбісі елімізде қалады, экономиканың күрделілігі өседі. Жаңа Салық кодексінің жобасында салық ставкасы шығарылатын тауардың өңдеу деңгейіне байланысты болады. Яғни кәсіпорын жоғары өңделген тауар шығарса салық ставкасы төмен болады, ал жәй шикізат шығаратын болса салық жоғары болады. Бұл өндірістік дамуды ынталандыратын маңызды қадам", - деп атап өтті Премьер-Министр.
Биыл Индустрияландыру картасы шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің 180 жобасын іске қосып, 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Өндірістің жалпы көлемі 1,6 трлн теңгені, экспорт - 600 млрд теңгені, импортты алмастыру - 1 трлн теңгені құрайды.
Өнеркәсіп министрлігі салалық мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жобаларды уақтылы іске қосуды қамтамасыз етуі қажет. Инвесторлардың барлық сұрақтарын әуре-сарсаңға салмай, жедел шешу керек. Бұл үшін арнайы Инвестициялық штаб жұмыс істейді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сондай-ақ Премьер-Министр отандық өндірушілерді қолдау және дамыту үшін өңдеу өнеркәсібіндегі отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі заңнамалық тұрғыдан реттеді тапсырды. Бүгінде түсті металдарды қайта өңдеу саласында бұл механизм оң нәтиже көрсетіп отыр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, импортты алмастыратын құрылыс материалдарын өндіру жобаларын жеңілдікпен қаржыландыру мәселесін пысықтауы қажет.
Самұрық-Қазына" холдингі мен өңір әкімдіктеріне "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша жергілікті қамту деңгейіне және су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына бақылауды күшейту тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2024, 12:33 37361
Тоқаев әзербайжандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Әзербайжанның мемлекеттілігі мен халықаралық беделін нығайту ісіндегі таңқаларлық жетістіктері осы тарихи датаның мән-маңызын арттыра түседі. Қазақстан бауырлас Әзербайжанның қол жеткізген табыстарына зор ықыласпен тілеулестік танытып, достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударады. Қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы туысқан халықтардың өсіп-өркендеуі жолында беки түсетініне сенімдімін", - деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке жалпыұлттық көшбасшы ретінде табыс, ал бауырлас әзербайжан халқына бейбітшілік, бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2024, 12:11 37746
Қазақстандағы су тасқыны: 30 мыңнан астам отбасы біржолғы төлем алды
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқынының салдарын жою мәселесі күн тәртібінен тыс қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкімет басшысына вице-премьер Қанат Бозымбаев залалды өтеу алгоритміне сәйкес өңірлерде атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.
Биылғы 28 мамырдағы мәліметке сүйенсек, республика бойынша 30 мыңнан астам отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Аталған бағыттағы жұмыс бақылауға алынып, қажетті шаралар қабылданып жатыр.
15 мыңнан астам үй мен саяжай құрылыстары тексерілді, 11 134-і бойынша бағалау жүргізілді.
Бұл ретте жекелеген өңірлерде сараптаманың төмен көрсеткіші байқалды. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында су басқан 4 мың үйдің 2 176-і (54%) тексеріліп, 770 үйге бағалау жүргізілді. Ақтөбе облысында 3 679 үй тексеріліп (73%), 1673 үй бағаланды.
Атырау, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері тасқыннан зақымданған үйлерді тексеру және бағалау жұмыстарын аяқтады.
Жалпы еліміз бойынша 9 мыңнан астам үй қалпына келтірілуге болатын құрылыс қатарына жатады. 4 315-і апатты жағдайда деп танылды.
Өңірлер 1 847 үй мен пәтердің құрылысы басталды, қайталама нарықтан 3 417 тұрғын үй сатып алу жоспарланып отыр.
Құрылыс маусымының қысқалығын ескере отырып, оқу жылының басына дейін зардап шеккен азаматтарға үйлер мен пәтерлер беру жоспарлануда.
Әкімдіктерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын.
Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек. Қанат Алдабергенұлы, қатаң бақылауда ұстаңыз", - деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2024, 12:05 38326
Қазақстанның су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам тасқын суы жиналды
Достарға айту
Биылғы су тасқыны кезінде Қазақстанның су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам су жиналды. Айта кетейік, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,5 есе көп. Жиналған су экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылады.
"Еліміздің су шаруашылығы құрылыстары суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және тасқын суын соңғы жылдары құрғауға айналған сағаларға, көлдерге және басқа да су айдындарына жіберуге мүмкіндік берді", - деді Су ресурстары және ирригация министрі.
Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов министрлік әзірлеген су саласын дамыту тұжырымдамасы тасқын суды басқару бойынша озық елдердің тәжірибелері зерттеле отырып, толықтырылатынын айтты. Бұдан бөлек, тасқын суды басқаруды және құрғақшылық салдарын азайтуды көздейтін ұзақ мерзімді құжат әзірленетін болады.
Сондай-ақ, елдімекендер үшін тәуекелдерді көрсететін тасқын суы қозғалысының электронды картасын және су мен су инфрақұрылымының жағдайы мен мөлшері туралы ақпаратты қамтитын су ресурстарын есепке алудың, мониторингілеудің және болжаудың бірыңғай жүйесін әзірлеу жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
23.05.2024, 12:53Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді 23.05.2024, 12:26 111901АШМ 2,5 млн га алқапта табын шегіртке зиянкестері таралады деп болжап отыр23.05.2024, 16:48 110841Білім беру мекемелеріндегі бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары мен турникеттер орнату жөніндегі жұмыстардың орындалуы үкіметтің назарында24.05.2024, 20:23 88856"E-Petition.kz" ресми порталында жарияланған қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты петицияны қарауға қажетті қол жиналды24.05.2024, 20:17 88661Су тасқынынан кейін 356 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды
02.05.2024, 16:37 124726Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті02.05.2024, 16:34 121031Елімізде қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары талқыланды02.05.2024, 12:14 120781Сенат жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беретін заң нормасын мақұлдады02.05.2024, 15:49 118216Туризм және спорт министрі Алматының туристік әлеуетімен танысты02.05.2024, 16:15 118011"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд. теңге сомасы қайтарылады