21.09.2023, 17:38 21226

СҚО-да мас тұрғын баланы терезеден лақтырамын деп қорқытқан

2023 жылы туған қыз бала алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккен жоқ
20 қыркүйек сағат 17:49 шамасында Петропавл қаласының ПБ Маяковского, 93 мекенжайында орналасқан жатақхананың 5-ші қабатындағы бөлмеде төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға орнына келген полицейлер бөлменің ішінде есікті құлыптап алған және нәрестені терезеден лақтырып жіберемін деп қорқытқан ер адам бар екенін анықтады. Жатақхананың жанына учаскелік полиция инспекторлары, ТЖД, медицина қызметкерлері келді.

ТЖД қызметкері өзін шатырға байлап, терезе арқылы ішке енген. Ер адамды еденге құлатып, есікті ашқан соң ішке СҚО ПД ЖҚАЖ қызметкерлері кіріп, бөлменің иесін қолға түсірді.

2023 жылы туған қыз бала алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккен жоқ. Нәресте медицина қызметкерлеріне берілді.

Ұсталған азамат СҚО-ның 23 жастағы тұрғыны, масаң күйде болған. Өзімен бірге тұрып жатқан 21 жастағы әйелі екеуінің арасында жанжал болып, ер адам ортақ кішкентай нәрестелерін терезеден лақтырамын деп қорқытқан.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны