26.04.2024, 11:58 65716

Шығын - миллиард теңге: Астанада ҰҚТ қатысты үкім шықты

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шетелден әкелінген машиналарды заңсыз тіркеген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шығарды.

Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 басшылары ҚК-нің 262-бабының 3-бөлігі, 195-бабы 4-бөлігінің 1, 2) тармақтары, 206-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы, 385-бабының 2, 3-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", деп хабарлайды Соттың баспасөз қызметінен.


5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 195-бабы 4-бөлігінің 1,2) тармақтары, 206-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы, 385-бабының 2, 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚК-нің 195-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 206-бабы 2-бөлінің 2) тармағы, 361-бабының 2-1- бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандары үшін 3 делдал кінәлі деп танылды және біріншісіне - 2 жыл 6 ай, екіншісіне - 1 жыл, үшіншісіне - 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

14 делдал ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі - 195-бабы 4- бөлігінің 2) тармағы, 28-бабының 5-бөлігі - 206-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы, 28-бабының 5-бөлігі - 385-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

4 полиция қызметкері ҚК-нің 195-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 206-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы, 361-бабының 2-1- бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

3 полиция қызметкері ҚК-нің 195-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында, 361-бабының 2-1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі - 195-бабының 1-бөлігі, 28-бабының 5-бөлігі - 206-бабы 2-бөлігінң 2) тармағы бойынша ескіру мерзімінің өтуіне байланысты сотталушыларды қылмыстық жауаптылықтан босату туралы қаулы етілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны