21.09.2023, 13:12 14871

Жамбыл облысында таңқурайға бөлінген субсидияны жымқыру фактісі бойынша іс сотқа берілді

2 жыл ішінде мемлекетке 900 млн теңгеден астам шығын келтірген
Жамбыл облысында таңқурайға бөлінген субсидияны жымқыру фактісі бойынша іс сотқа берілді
Жамбыл облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті таңқурайдың элиталық сортын отырғызуды субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын анықтады, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Нәтижесінде шаруа қожалықтарының жер телімдерінде таңқурай отырғызылмағаны, көшеттер мүлдем сатып алынбағандығы анықталды.

Өздерінің қылмыстық әрекеттерімен 4 адамнан тұратын топ, 2 жыл ішінде мемлекетке 900 млн теңгеден астам шығын келтірген.

07.04.2023 жылы аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 216-бабының 3-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу барысында барлық күдіктілер қамауға алынып, олардың жалпы құны 1,9 млрд теңге құрайтын мүлкіне тыйым салынды.

12.09.2023 жылы қылмыстық іс айыптау актісімен аяқталып, негізінен қарау үшін сотқа жолданды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жариялауға жатпайды.

Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны